Page 124 - ӘЛЕМДІК ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МҰРА 1

Basic HTML Version

124
кез-келген табиғат туындысының игілікке ұмтылуынан туындайды. Тек қана заңның
көмегімен, күшпенен ғана оған тиісті шарттарды сақтауға көндіреді.
Адамдарға, мен айтқандай не істеймін десе де толығынан мүмкіндік болар еді, егер оларда
Лидтің баласы Гиг ие болғандай қабілет пайда болса. Ол малшы және Лидияның сол
кездегі әкімінің малайы еді; бір күні жаңбыр шелектен құйып және жер сілкінгенде, Гиг
өзінің малын бағып жүрген жердің әр тұсы жарылып, сынып, одан жарық пайда болады.
Осыны байқаған ол, әуестенгендіктен, жарылған жерге түсіп, онда әртүрлі
таңғажайыптарды, солармен бірге мыстан жасалған атты, шымылдықты және
жабдықталған есіктерді көріпті, дейді. Ішкі жағына үңілген ол адамның бойынан да биік
өлікті көреді. Өліктің үстінде ештеме де жоқ, тек қана қолында алтын жүзік бар екен. Гиг
оны шешіп алып, өз қолына салады да, одан соң сыртқа шығады. Әрбір ай сайын
бақташылар әдеттегідей патшаның алдында өз табындарының мән-жайын баяндау үшін
жиынға келгенде, оған Гигте қатысты. Оның қолында жүзік те бар еді. Ол бақташылардың
арасында отырып жүзікті тасымен алақанына қарай бұрып еді, тіпті күтпеген сәл бірдеңе
бола қалды. Гиг ешкімге көрінбейтін болды және жанында отырғандар ол жөнінде мұнда
келмей қалған және жоқ адам сияқты сөйлесті. Ол таң қалып, қайтадан жүзігін сипалап,
оның тасын жоғары қарай бұрып қалып еді, ол қайтадан көрінетін болды. Осыны байқаған
ол жүзік, шынында да, осындай қасиетке ие ме деп қайта-қайта қайталап еді; жүзіктің
тасын алақанына қарай бұраса Гиг көрінбейтін, ал тасын кері сыртқа қарай бұраса, ол
көрінетін болды.
Осыны түсінген ол істі басқа жаққа бұрып, патшаның маңындағы хабаршылардың
қатарына ілігуге тырысты. Ал патшаға жақындасуға ұлықсат алған Гиг оның әйелін
азғырып, сонымен бірге патшаның өзіне тарпа бас салып, оны өлтіріп, билікті қолына
алды.
Егер осындай екі жүзік — бірі әділетті адамның қолында, екіншісі — әділетсіз адамның
қолында болса, онда соның біреуі әділеттіліктің шегінде қалып қойып, бөтеннің мүлкін
меншіктеуден бас тартып жөне тіпті оған қол созбайды. Алайда, әркім базардағы алаңнан
ешбір қымсынбай не аламын десе де ала берсе, кез-келген үйге еніп кетіп, кіммен
жақындасамын, кімді өлтіремін, кімді түрмеден босатамын десе де өз еркінде болып, ол
тіпті адамдардың арасында құдай сияқты әрекет ететін болса, ондай адамдардың бір де
бірі әділеттіліктің шегінде қалып қоятындай табандылық көрсете алмас еді. Осылай
әрекет ете отырып, жүзіктің иелері бір-бірінен ешқандай айырмашылығы болмай, екеуі де
бір тоқтамға келер еді. Міне бұл ешкімде өз еркімен әділетті болмайды, ол тек қана
ықтиярсыз көнеді, әрбір адам әділеттілікті өз алдына игілік деп есептемесе, онда қай
жерде әділетсіздік жасауға жағдайы келсе — ол солай істейді. Өйткені әрбір адам өз
ішінен әділетсіздікті әділеттілікке қарағанда әлде қайда мақсатқа сай келеді деп есептейді.
Осындай көзқарасты қорғайтын әрбір адам бұл өте дұрыс пікір деп санайды. Егер осындай
билікке ие болған адам қашанда қай жерде болмасын, әділетсіздік жасауға ұмтылмаса
және өзгенің мүлкіне қол сұқпаса мұны байқаған әрбір жанға ол ең жоғары дәрежедегі
сорлы және ақылсыз болып көрінеді, әрине адамдар оны бір-бірінің алдында, өздері
жәбірленбеуі үшін өтірік мақтайды. Міне, істің мәселесі осындай.
Біз әңгіме етіп отырғандардың өмір бейнесіне баға берсек бұл жөнінде тек ең әділетті
адам мен ең әділетсіз адамды салыстыра отырып қана дұрыс бағалай аламыз. Басқаша
болуы мүмкін емес. Осы салыстырудың мәні неде? Мұның мәні мынада: әділетсіз адамнан
біз бірде-бір әділетсіздік белгісін алып тастамаймыз, ол әділетті адамның да бірде-бір
ерекшелігіне тимейміз, сөйтіп, олар бізде өз әдет-дағдысын кемеліне жеткізе түседі. Міне,
енді ең алдымен әділетсіз адам шебер мастер сияқты әрекет жасайды: қайықтың ролін
ұстайтын адам немесе дәрігерге ұқсап өз ісінде не мүмкін, ал не мүмкін емес — біреуін