Page 123 - ӘЛЕМДІК ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МҰРА 1

Basic HTML Version

123
дәлелдемелеріңе қай жағынан алып қарасаң да, әлі де қанағаттана алмаймын. Мен
мынаны естігім келеді: әділеттілік және әділетсіздік деген не және олардың маңызы
қандай, адамның жанына олар қалай тұрақтайды; ал енді марапаттау мен оның
салдары дегенді біз сыртқа қалдырайық.
Егер сен қарсы болмасаң, мен былай жасайын деп отырмын: мен қайтадан Фрасимахтың
ойына оралайын деп едім. Біріншіден айтарым, осындай адамдар әділеттілікті және оның
шығу тегін өздері қалай елестетеді; екіншіден, еске түсірейін, кімде кім оны қолданса,
онда олар оны өз еркінен тыс игілік ретінде емес, қажеттілік сияқты пайдаланады;
үшіншіден, көрсете кетуім керек, осылай жасау орынды, өйткені, адам өмірінде
әділеттілікке қарағанда әділетсіздік әлде қайда коп, әрі жақсы деп елдің бәрі бізді
сендіреді. Менің өзіме, Сократ осының барлығы тіпті басқаша сияқты болып көрінеді.
Бірақ менің өзім аң-таң жағдайдамын. Өйткені Фрасимах және жүздеген басқа адамдар
осы жөнінде менің құлағымның құрышын жеп бітті. Ал енді маған аса қажетті, әрі керегі
әділеттілікті қорғауды дәлелдеу, яғни ол әділетсіздікке қарағанда әлде қайда жақсы
дегенді — мен күні бүгінге дейін ешкімнен естігем жоқ. Мен өзімен-өзі болған
әділеттілікті мақтағанды естігім келеді. Менің ойымша, әсіресе, сенен мен осы жөнінде
білгім келеді. Сондықтанда мен әдейі әділетсіз өмірді жақтап, сол арқылы саған ой тастап,
менің сенен әділетсіздікті даттап және әділеттілікті мақтағанымды естігім келетінін есіңе
түсірдім. Бері қара, сен менің осы ұсынысыммен келісесің бе?
Толығынан. Ақылды адамға осындай мәселе жөнінде жиі-жиі әңгімелесіп тұру
мүмкіндігінен артық басқа жанға жайлы не бар ?
Өте жақсы. Ең алғашында мен не жөнінде айттым, еске түсірші. Атап айтқанда,
әділеттілік неден тұрады және ол қайдан алынған дедім. Әділетсіздікті тудыру әдетте
жақсы, ал оған шыдау жаман дейді. Алайда әділетсіздікке шыдау, оны тудырып, одан
жақсы болудан гөрі әлде қайда жаман. Сондықтан да адамдар оны да, мұны да
байқаған соң, яғни әділетсіздік жасағаннан кейін және сол әділетсіздіктен зардап
шеккен соң ғана олар осының біреуінен құтыла алмасына, екіншісін ұстап қалуға
шамалары келмегендіктеріне көздері жеткен соң ғана, өзара мақсатқа сәйкес бір-
бірімен келісімге келуге мәжбүр болды. Ендігі жерде әділетсіздікті тудырмау және
одан зардап шекпеу керек деп келісті. Міне осыдан келіп заң шығару және өзара
келісім шарттары өз бастамасын алды деуге болады. Заңды орнату және әрі заңды, әрі
әділетті деп атақ алу әділеттіліктің шығу тегі мен мәні міне осындай; ол дәл ортада
тұр. Өйткені әділетсіздік жасап, жазаланбай қалу бәрінен де жақсы, ал әділетсіздікке
тап болып, оған шыдап, оған есесін қайтаруға шамаң келмеу, ең жаманы сол екен. Ал
әділеттілік болса осы екі қарама-қарсы жақтардың ортасында жатыр, соған да
қанағаттануға тура келеді. Әрине, ол игілік болғандықтан емес, керісінше, адамдар
әділетсіздікті тудыруға өздерінің қабілетсіздігімен ғана оны бағалайды. Әділетсіздікті
тудыруға күші жететін, шын мәніндегі адамның өзінің басына әділетсіздікті
тудырмауға немесе оны басымен кешіру туралы келісімге бармаған болар еді. Ондай
жағдайды тек ақылынан адасқан адам ғана басынан өткізеді. Әділеттілік табиғаты мен
оның қалай пайда болғаны жаңағы пікірімізге немесе осындай түрге сәйкес болып
шығады, міне осылай, Сократ.
Ал енді әділеттілікті сақтаушылар әділеттілікті тудыруға өзінің қайырымды еркімен емес,
күші жетпегендіктен ғана сақтайды. Біз осыны егер оймен былай жасасақ бірден
байқаймыз: кез—келген әділетті және әділетсіз адамға не істеймін, не тудырамын десе де
толық ерік берсек, сөйтіп оның әуестенуі неге әкеп соғатынын бақыласақ, нені
байқаймыз? Біз онда әділетті адамды қылмыс үстінде ұстаймыз: ол тура әділетсіз адам
сияқты іс-қимылға баруға дайын. Мұның себебі бас пайдасын ойлау. Бас пайдасын ойлау