Page 122 - ӘЛЕМДІК ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МҰРА 1

Basic HTML Version

122
Мені сен өзіңнің төзімділігіңмен және жуастығыңмен қоректендіріп отырсың.
Дегенмен мен тойғанымша қоректенген жоқпын, бірақ ол сенің емес, менің кінәм.
Тәттіқұмарлар үстелге не қойса да, бұрынғының құмарын қандырмаған болса да,
бәрінен де дәм татқысы келеді, мен сол сияқты: басында қарастырған әділеттілік не
деген сұрақты тастай салып, ол кемістік пе, надандық па, даналық па, ізгіліктілік пе
дегенді зерттеуге ойысып кеттім; Содан кейін әділетсіздік әділеттілікке қарағанда
мақсаттылыққа сай деген тұжырыммен кезіккеннен кейін, мен тоқтай алмай, осы
мәселеге ауыстым. Сонымен мен қазір осы әңгімемізден еш нәрсе таба алмадым.
Әділеттілік дегеннің не екенін мен білмегендіктен, онда бір қасиет бар ма немесе жоқ
па және оған ие болған адам бақытсыз ба немесе керісінше, бақытты ма, оны да білуім
екіталай.
Екінші кітап
Әділеттілік және әділетсіздік
(жалғасы)
Менің осындай сөздерімнен кейін маған әңгімені әрі қарай жалғастыру қажетсіз шығар
деп ойлап едім, байқасам, мұның өзі тек оған Кіріспе ғана екен, Главкон, ешуақытта да
ештемеден, ешнәрседен тайсалмайтын, қазірде Фрасимахтың әңгімелесуден бас тартуына
шыдамады да былай деді:
Сократ, сен бізді сендірген сияқты болғанымызды қалайсың ба, жоқ әлде біз кез
келген жағдайда әділетсіз болғаннан көрі шын мәнінде әділетті адам болғанымыздың
жақсы екеніне иланғанымызды қалайсың ба?
Әрине, шын мәнінде иланғанды қалар едім, егер ол маған ғана байланысты болса.
Сөз арасында айтайын, сен өзіңе тілегіңе сәйкес нәрсені істемейсің. Мынаны
айтшы маған. Сен үшін игілік дегеніміз оның салдарымен емес, оның өз-өзімен бағалы
емес пе? Айтайық, мысалы, қуаныш немесе ешбір залалсыз— рахаттанушылық, кейін
оның ешбір қажеттілігі болмаса да, бірақ олар адамдарды көңілдендіреді ғой.
Менің өзіме де бұл дәл солай сияқты болып көрінеді.
Әрі қарай айтайық. Біз құрметтейтін нәрсе өз-өзімен бе, әлде оның салдарына
байланысты ма? Мысал үшін ұғыну, көру, денсаулық және осыған сәйкес жоғарыдағы
екі себеппен байланысты бізге бағалының барлығын игілік атайсың ба?
Иә.
Ал сен, дене шынықтыру, аурулар пайдаланатын және басқа да табысты істерге
жататын игіліктің үшінші түрі бар екенін байқамайсың ба? Олар біздің жанымызды
қинаса да, олардың бізге пайдалы екенін мойындаймыз. Біз олар үшін ғана осы іспен
айналыспаймыз, бірақ оларда төлем ақы және басқада артықшылықтары бар.
Иә, игіліктің осындай үшінші түрі өмір сүреді. Бірақ онда тұрған не бар?
Әділеттілікті сен игіліктің қай түріне жатқызасың?
Менің ойымша, ол ең жоғарғы әсемділікке жатады. Өйткені ол өзімен өзі де және
өзінің салдарымен де адамға бағалы болуы керек. Әрине, егер адам бақытқа ұмтылса
ғана.
Ал көпшілік басқаша көзқарасты ұстайды және әділеттілікті жанды қинайтын түрге
жатқызады. Оны тек сыйлық алу үшін немесе қызмет пен атақ үшін ғана керек, ал
жалпы алғанда ол өте қиын болғандықтан, ең жақсысы одан аулақ жүрген дұрыс.
Мен мұндай пікірді білемін: Фрасимахтың көптен бері осы игіліктің түрін
жамандап және әділетсіздікті мадақтап жүргені тегін емес. Бірақ мен, мүмкін
түсініксіздеу шығармын.
Тоқтай тұр, мені де тыңда, — мүмкін, осы менімен келісерсің: Фрасимах меніңше,
сен дуалаған жылан сияқты тез көне қойған шығар. Ал мен болсам, сенің