Page 119 - ӘЛЕМДІК ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МҰРА 1

Basic HTML Version

119
Ештеңе, Зевспен ант етейін. Егер сен осылай ететін болсаң, ол ісің. Мен саған сұрақ
қояйын.
Қой.
Жақында да болғандай мен сол туралы сұрайын. Біздің ойластыруымыз белгілі бір
тәртіппен жүрсін: атап айтқанда, әділеттіліктің әділетсіздікке қатынасы қандай?
Бұрын әділетсіздік әділеттілікке қарағанда ықпалды да, күшті деген едік қой. Енді
әділеттілік — ол даналық әрі ізгіліктілік дегенімізден кейін, әділетсіздік надандықпен
бірдей болғандықтан әділеттілік онан қуаттырақ екендігі айқын болды. Мұны әркім-ақ
түсінеді.
Бірақ, Фрасимах, мен мұны тым жадағай қарағым келмей отыр. Керісінше,
мынандай түрде қарағым келіп отыр. Мемлекеттің әділетсіз болатынын және
әділетсіздік жолмен басқа мемлекеттерді бағындырып және оларды құлдықта ұстап
отыратынын, Фрасимах, оның үстіне ол көптеген мемлекеттерді бағындыратынын
мойындайсың ба?
Неге мойындамасқа? Мұны, әсіресе, ең күшті және өзінің әділетсіздігіңде ең
жетілген мемлекет іске асыра алады.
Сенің тұжырымың осындай болғанын мен түсінемін. Бірақ мен бұған былай
қараймын: мемлекет басқа мемлекеттен күштірек немесе қуаттырақ болғанда ол сол
қуатын әділеттілікке сай ие бола ма, әлде оған тәуелсіз бе?
Егер жаңа ғана сен айтқандай, әділеттілік — ол даналық болса, оңда әділеттілікпен
байланысты. Егер, мен айтқандай болса, онда әділетсіздікпен байланысты.
Сенің жәй ғана иә немесе жоқ деп қана айтпай, осылай тамаша айтқаның мені
қуантады, Фрасимах.
Ол саған жағайын дегенім ғой.
Оның дұрыс. Онда маған жағайын десең, былай етші: егер мемлекет немесе әскер,
немесе қарақшылар, немесе ұрылар, немесе тағы бір топтар бір іске әділетсіз түрде
бірігіп кірісіп жатқанда, бір-біріне әділетсіз қатынас жасайтын болса, олар сол істі
тындыра ала ма?
Әрине, жоқ.
Егер әділетсіз болмаса, онда тезірек тындыра ма?
Олай болмай ше?
Әділетсіздік, Фрасимах, алауыздық, өшпенділік, іштей араздық, ал әділеттілік бір
ауыздылық, достықты туғызады ғой.
Сенімен таласпас үшін, солай-ақ болсын.
Оның жақсы, құрметтім. Бірақ мынаны айтшы: егер қай жерде болмасын
әділетсіздікке барлық жерде өшпенділік туғызу тән болатын болса, онда адамдарда
пайда болғаннан кейін, мейлі, олар еріктілер ме, әлде құлдар ма, оларда бір-бірін
жеккөрушілікті тудырмай ма, араздықтарға әкелмей ме, әрі соның нәтижесінде, оларға
бірігіп әрекет жасау мүмкін болмай қалмай ма?
Әрине.
Мейлі, тіпті олар екеу-ақ болсын, егер оларда сол пайда болса, олар көзқарас
жағынан да ажырап, бір-бірін жауларша, оның үстіне әділетті адамдарды да, жек көріп
кетпей ме?
Иә, олар жауларға айналады.
Егер де тіпті, Фрасимах — өзің ғажап адамсың, әділетсіздік бір-ақ адамда пайда
болған болса да, одан оның күші кеми ме немесе, керісінше, оның күші одан тіпті де
азаймайды.
Азаймаса, қойсын.
Әділетсіздік қайда пайда болса да, мемлекетте ме, тайпада ма, әскерде ме немесе
тағы бірдеңеде, оның күші сондай, ол ең алдымен сол топтарда араздықтарға,