117
Олай болса, сен, менің байқауымша, не ойлайтынды айтып отырған кезде, осының
барлығын талдаудан қашуға болмайды. Менің ойымша, Фрасимах, сен қазір еш
қалжыңсыз, саған ақиқат болып көрінетін нәрсені айтып отырсың.
Маған солай болып көріне ме, жоқ па, саған бәрі бір емес пе? Өйткені менің
тұжырымдамамды сен теріске шығара алмайсың.
Ол, әрине, бәрібір болса да, мынаған жауап беруге тырыс: әділетті адам өзі сияқты
басқа бір әділетті адамның алдында әлдебір артықшылыққа ие болғысы келе ме?
Ешбір, әйтпегенде ол осындай сыпайы және қарапайым болмас еді.
Ал әділеттілікке келсек ше?
Онда да болмайды.
Әділетсіз адамнан гөрі белгілі бір артықшылығым болуы керек деп есептер ме еді
ол? Немесе ол мұны әділетсіздік дей ме?
Есептер де еді, ұмтылар да еді, бірақ оған оның шамасы жетпейді.
Мен ол туралы сұрап отырған жоқпын. Әділетті адам солай деп есептеп және
әділетсізден артықшылықтарды алғысы келер ме еді?
Дәл солай. Ал әділетсіз адам ше? Ол да әділеттілікке қатысты істерге әділетті
адамға қарағанда артықшылыққа ие болуға ұмтылар ма еді?
Неге олай болмасқа? Ол бәрінен да артық нәрсеге ұмтылады ғой?
Олай болса, әділетсіз адам көбірек нәрсеге ие болу үшін басқа әділетсіз адаммен
тартысқа түседі ғой.
Иә, ол солай.
Онда былай дейік: әділетті адам өзіне ұқсамайтын адамнан гөрі артықшылыққа ие
болуды қалайды, ал әділетсіз адам өзіне ұқсайтыннан да, ұқсамайтыннан да артық
болып тұруға тырысады.
Сен мұны өте жақсы айттың.
Әділетсіз адам ақылды да, ықпалды да болады ғой, ал әділетті адамда ол да, бұл да
болмауы мүмкін.
Бұл да жақсы айтылған сөз.
Яғни, әділетсіз адам ақылдыға да, ықпалдығы да ұқсай алады, ал әділетті,
керісінше, оған ұқсамайтын болады.
Өзі сондай болып тұрып, адам қалай өзі сияқтыларға ұқсамайды? Ал егер өзі
сондай болмаса, онда оларға ұқсас емес.
Тамаша! Олай болса, олардың әрқайсысы кімге ұқсас болса, өздері де сондай. Неге
олай болмасқа?
Солай-ақ болсын.
Фрасимах, сен бір адамды немесе саздың білгірі деп, ал екінші адамды оның білгірі
емес деп айта аласың ба?
Әрине.
Олардың қайсысы ақылды, қайсысы ақылсыз?
Музыканы білетін, әрине, ақылды, ал білмейтіні — ақылсыз. Егер ол ақылды болса,
онда ол көрнекті адам, ал ақылсыз — ол бір бейшара.
Иә.
Ал емші ше?
Ол да дәл солай болмай ма?
Солай.
Құрметті Фрасимах, сеніңше, қалай, лираны күйіне келтіріп, оның шектерін тартып
немесе босату арқылы саздың білгірі білгір болудан артық болуға ұмтыла ма?
Меніңше, жоқ.
Ал білмейтінге қарағанда артық нәрсеге ұмтыла ма?
Міндетті түрде.