116
Ал сен Фрасимахтың әділетсіз адамның өміріне қаншама игілікті таңып қойғанын
естідің бе?
Естідім, бірақ сенбеймін.
Егер оның пікірінің теріс екенін бізге дәлелдеуге мүмкіндік болса, оны сендіруді
қалайсың ба?
Қалайша қаламасқа? — деді Главкон.
Бірақ, егер біз әділеттіліктің игіліктерін бірінен соң бірін жіктеп, оған қарсы
шықсақ, ол тағы сөйлейді, содан соң біз сөйлейміз, онда ол аталған игіліктерге есеп
жүргізіп, өлшеу керек болар, ал оларды әрқайсысымыздың жауабымызда қанша рет
келтіретінімізді шешу үшін соттар керек болады. Егер қазір біздің ойымыз бір жерден
шықпай тұрғандағыдай зерттеу жүргізсек, онда біз өзіміз бір мезетте сот та, қорғаушы
да боламыз.
Әрине.
Саған осы екі тәсілдің қайсысы ұнайды?
Екіншісі.
Ал, онда, Фрасимах, — дедім мен, — бізге басынан бастап жауап бер. Сен
жасалған әділетсіздік жасалған әділеттілікке қарағанда пайдалырақ деп
тұжырымдайсың ба?
Әрине, мен солай тұжырым жасаймын, ал неліктен олай дейтінімді мен айтып
кеттім.
Ал енді мынаған сен не дейсің: сен осы қасиеттің біреуін қайырымдылық, ал
екіншісін әдепсіздік деп атайсың ба?
Неге олай демеске?
Яғни, қайырымдылық деп сен әділеттілікті, ал әдепсіздік деп әділеттілікті атайсың
ба?
Олай емес, қымбаттым! Менің айтарым сол, әділетсіздік — маңыздырақ, ал
әділетсіздік — жоқ!
Сонда қалай айту керек?
Дәл осыған керісінше.
Қалайша әділетсіздік әдепсіздік болып есептеледі?
Жоқ, ол — парасатты топастық.
Сен әділетсіздікті қаскүнемдік деп атайсың ба?
Жоқ, бұл ақылға сыйымдылық.
Саған сонда әділетсіз адамдар ақылды және жақсы болып көріне ме?
Ең болмағанда, кімде-кім әділетсіздіктің шегіне жетіп, бүкіл мемлекеттер мен
халықтарды өзіне бағындыра алса. Ал сен, бәлкім, мен әмияндарды кесетіндер туралы
айтып отыр деген боларсың? Ол да белгілі болып қойғанға дейін маңызды. Бірақ олар
туралы еске алудың қажеті жоқ; менің қазір айтып отырғаным басқа.
Маған сенің онымен не айтайын деп тұрғаның әбден белгілі; бірақ мені
таңдандыратыны — сенің әділетсіздікті қайырымдылық пен данышпандыққа, ал
әділеттілікті — керісінше жатқызатының.
Әрине, дәл солай.
Бұл өте қатты айтылған сөз, достым менің, кез-келген адам саған айтар сөз таба
алмас. Егер сен әділетсіздік маңызды десең, бірақ оны басқалар сияқты заңдылық,
масқаралық екенін мойындасаң, біз саған жалпы қабылданған көзқарастарға сай айтар
сөз табар едік. Ал енді сенің әділетсіздікті қайырымдылық пен данышпандыққа
жатқызуға батылың барғандықтан, әділетсіздікті керемет және күшті деп оған біздің
әділеттілікке жапсырғанымыздың бәрін жапсыратының белгілі болды.
Сен ең жоғарғы дәрежеде оған көзің жетті.