Page 114 - ӘЛЕМДІК ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МҰРА 1

Basic HTML Version

114
Сені қалай сендіруге болады? — деп сұрады Фрасимах.— Менің қазір айтқаным
сені сендірмеді ме, мен қайтсем екен? Өз көзқарастарымды енді сенің жаныңа
тыққыламаймын ғой!
Зевс үшін, тек олай емес! Ең алдымен сен өзің ұстанған көзқарастарыңнан тайма,
ал егер оларға деген көзқарастарың өзгерген болса, оны ашық айт, бізді алдама. Сен
көріп отырсың ғой, Фрасимах (тағы да бұрынғыны қарастырайық): алдымен нағыз
дәрігерлерге анықтама бере отырып, дәл сол нақтылықты бақташы туралы айтқан
кезде де сақтау керектігін сен ойламадың. Сен ол бақташы болғандықтан қой бағады
деп ойлайсың, олар үшін жоғарғы игілікті ескермейсің, ол бір дастарханнан тек
жақсылап ас ішкісі келетін арамтамақ тәрізді немесе түсімге келсек,— ол бақташы
сияқты емес, тойымсыз бір адам тәрізді. Бұл басқа бір нәрсе үшін емес, әрине, өнер
үшін, өзінің тағайындылығы үшін жауап беруі маңызды, онымен қоймай, өте тамаша
жауап беруі қажет,— сол кезде қойлардың да жағдайы жақсы болады; ондай өнер бұл
мақсат үшін ешқандай кемшіліктер болмаса, жеткілікті болады. Сондықтан да, біз енді
кез-келген билік, ол билік болғандықтан, басқа біреудің игілігін емес, оған бағынышты
және оның қамқорлығындағылардың игілігін — қоғамдық және жеке бастық ретте —
ескеретіндігіне сөзсіз келісеміз. Сен, қалайша, мемлекетті басқаратындар,— нағыз
басқарушылар — жақсы ниетпен басқарады деп ойлайсың?
Зевспен ант етемін, мен ойлап қана қоймаймын, білетін де сияқтымын.
Шынымен де ме, Фрасимах? Сен басқа билеушілердің еш біреуі өз еркімен
басқарғысы келмейтінін байқамайсың ба, бірақ олардың барлығы марапатталуды талап
етеді, өйткені олардың басқаруынан өздеріне емес, олардың қол астындағыларға пайда
түседі. Маған мынаны айтшы: біз бір өнерді басқа өнерден әрқайсысының өзінің
тағайындығы бар болғандықтан ажыратамыз ба? Тек, қымбаттым, күтпеген бір қызық
нәрсе айтып жүрме, өйтсең, біз бұл әңгімені еш уақытта аяқтамаймыз.
Иә, біз оларды дәл сол үшін ажыратамыз.
Олай болса, олардың әрқайсысы бір жалпы пайда емес, ерекше бір пайда әкеледі,
мысалы, емшілік — денсаулық, кеме жүргізу — жүзу кезіндегі қауіпсіздікті және
басқалар.
Әрине.
Ал еңбекке ақы төлеу сыйлық беруге жатады, өйткені ол сол үшін жаралған.
Немесе емшілік пен кеме жүргізу сен үшін бірдей ме? Сенің ойыңа сай, сен барлығын
дәл анықтағың келеді: олай болса, егер кімде-кім, кеме жасаумен айналыса отырып,
оған теңізде жүзу жақса, тәуірленеді, сен осы үшін кемемен жүзуді емшілік деп атар
ма едің?
Жоқ, әрине.
Егер біреу жалдана отырып, тәуір болса, сен оны еңбегіне төленген төлем деп
атамассың?
Жоқ, әрине.
Сонда қалай? Емші болған адам солай жұмыс істесе, сен емшілікті де жалданып
жұмыс істеу деп атайсың ба?
Атамаймын.
Олай болса, біз екеуміз әр өнер өздігінше пайдалы дегенге келісеміз бе?
Солай болсын.
Яғни, шеберлер бірлесіп, қандай пайда алса да, олар өздеріне пайда әкелетін істі
бірлесіп істейтіні анық.
Солай болса керек.
Еңбегі үшін ақы алатын шеберлерге олардың төлем өнерінен алатын пайдасы бар
дейміз.
Фрасимах бұған әрең дегенде келісті.