112
Яғни кез-келген өнер пайдалыны күшті үшін емес, өзі басқаратын әлсіз үшін
ескереді.
Әйтеуір соңында Фрасимах, қарсыласқысы келсе де, бұнымен келісті, содан соң
мен былай дедім:
Яғни, емші — ол емші болғандықтан — емшіге қажет нәрсені жазып бермейді, ол
ауруға қажет нәрсені жазады. Біз емші ақшаға тойымсыз адам емес, денені емдеуші
дегенге келістік қой. Әлде олай емес пе?
Фрасимах мақұлдап жауап берді:
Яғни, кеме жүргізуші, сөздің шын мәнінде, есуші емес, есушілердің басқарушысы
ма?
Иә, ол солай қабылданған.
Яғни, ондай кеме жүргізуші өзінің пайдасы үшін емес, есушілердің пайдасы, яғни
өзін тыңдайтын адамдар үшін пайдалы бұйрықтарды ескереді және сондай заңдарды
ғана қолданады.
Фрасимах бұны амалсыздан қолдады.
Олай болса, Фрасимах, біреулерді басқаратын кез-келген адам, өзі басқарушы
болғандықтан, ешуақытта өзіне ғана пайдалы бұйрық, заңдарды емес, өзіне
бағынышты адамдар үшін пайдалы заңдарды тағайындайды.
Біз өзіміздің пікірталасымызда осындай тұжырымға келген кезде, барлық осында
отырғандар үшін әділеттілікке бұрын берілген анықтаманың қарама-қарсы анықтамаға
айналғанын байқаған кезде Фрасимах жауап берудің орнына кенеттен былай деп
сұрады:
Сократ, айтшы маған, сенің күтушің бар ма?
Саған не болды? — дедім мен, — сен мұңдай сұрақтар қойғанша, жауап бергенің
дұрыс болар еді.
Сенің күтушің сенің мұрныңды сүртуді де ұмытып кетеді — сен қойларды
қойшыдан айыра алмайсың.
Сен оны қайдан ойлап таптың?— дедім мен.
Өйткені, сен бақташылар немесе өгіз жаюшылар қойлар мен өгіздерді жемдеп,
мәпелегенде, олардың игілігі туралы ойлайды, оны өздерінің, не болмаса олардың
иелерінің игілігі үшін емес, басқа мақсатпен жасайды деп ойлайсың. Сен
мемлекеттерде де басқарушылар — шын мәнінде басқаратындар — өздерінің қол
астындағыларға қойшылардың қойға қарым-қатынасынан өзгеше қатынаста болады,
олар күштің өздеріне қайтсе де бір пайда табуды емес, басқа бір нәрсе туралы ойлайды
деп пайымдайсың. "Әділетті", "әділеттілік", "әділетсіз", "әділетсіздік" дегендерден
сенің хабарың жоқ, әділеттілік пен әділеттінің шын мәнінде бөтеннің игілігі екенін,
бұл күшті адамға, билеушіге қолайлы нәрсе екенін, ал оны амалсыз орындайтын
адамдар үшін бұл нағыз зияндық екенін, ал әділетсіздік, керісінше: ол қарапайым
адамдарды, яғни әділетті адамдарды, билейтінін білмейсің. Билеушінің қол
астындағылар, оның қолында күш болғандықтан, соған пайдалыны іске асырады.
Олардың тыңғылықтылығының арқасында билеуші жетістікке жетеді, ал олар өздері
ақырында түксіз қалады.
Сен, Сократ, аңқаусың, әділетті адам қайда болса да әділетсіз адамға қарағанда жеңіліске
ұшырайтынын ескеру керек. Ең алдымен, адамдар арасындағы өзара міндеттер хақында:
олар екеуі бір ортақ іс жасаған кезде, ақырында әділетсізге қарағанда әділетті адамның
көбірек бірдеңені иеленгенін ешқашан көрмейсің, керісінше, ол әр кез азды иеленеді.