111
Сенің де, мен арыстанның жүнін қырқып, Фрасимахқа жала жауып, есімнен ауысты
дейсің бе?
Сен жаңа ғана солай істемек болдың, бірақ ол сенің қолыңнан келмейді ғой.
Жетер енді. Одан да маған мынаны айт: жаңа сен айтқан шын мәніндегі емші ол
аурулардың қамын ғана ойлай ма, әлде ақшаны ғана ойлай ма?
Ол аурулардың жайын ойлайды.
Ал кеме жүргізуші ше? Нағыз кеме жүргізуші - бұл есушілердің бастығы ма, әлде
өзі де есуші ме?
Есушілердің үстінен қараушы.
Менің ойымша оның да кемеде жүзетінін ескеріп қана оны есуші деп атауға
болмас. Оны кемеде жүргені үшін ғана кеме жүргізушісі деп атамайды, оның шеберлігі
үшін, есушілердің үстінен қарағаны үшін атайды.
Бұл дұрыс.
Олай болса, емші де, кеме жүргізушісі де, небір пайдалы мәліметке ие болар.
Әрине.
Жалпы өнердің өзі кімге не пайдалы екенін іздеп тауып, ойлап табу үшін
жаратылған жоқ па?
Иә, сол үшін.
Ал кез-келген өнер үшін өзінің жоғарғы жетістігінен басқа нәрсенің пайдасы бар
ма?
Сен нені меңзеп тұрсың?
Міне, мынау: егер менен біздің өзіміздің денеміз өздігінде жеткілікті ме, әлде басқа
бір нәрсені қажет ете ме деп сұраса, мен былай деп жауап берер едім: "Мүлтіксіз қажет
етеді". Сондықтан да оны емдеудің тәсілдері табылған, ал біздің денеміз жетілмеген,
ол өздігінен жеткіліксіз. Денеге жарамды нәрсені беру үшін, өнер қажет болды. Қалай,
сеніңше мен дұрыс айтып отырмын ба, әлде қате ме?
Дұрыс.
Олай болса ше? Емшілік өнерінің өзі жетілген емес пе? Көзді көрумен, құлақты
естумен толықтырған сияқты кез-келген өнерді әлдебір пайдалы қасиетпен
толықтырудың қажеттілігі бар ма? Сондықтан кез-келген өнерді ол үшін не пайдалы
екенін және оны немен толықтыруға болатындығын шешетін басқа өнермен
толықтыруға бола ма? Өнердің өзінде белгілі бір жетілмегендік жасырылған ба және
кез-келген өнер оған не пайдалы екенін шешетін, басқа өнерді қажет ете ме? Ал ол
шешуші өнер үшін өз кезегінде дәл сондай тағы бір өнердің қажеті бар ма, солай
шексіз кете бере ме? Әлде кез-келген өнер өзіне не қажет ететінін өзі шеше ме? Әлде
оның жетіспеушіліктерінің орнын толтырушыларын талдауда оған өзінің де, басқа да
өнердің қажеті бар ма? Өйткені өнерде ешқандай жетіспеушілік болмайды және оған
өзінен сырт басқадан пайдалылықты іздеу келіспейді. Егер ол дұрыс болса, ол өзінің
мінсіздігін және тұтастығын сақтайды. Енді бұны осылай бола ма, болмай ма, өзіңше
қарастыр.
Солай болу керек.
Яғни, емшілік өзіне ғана қажеттіні қарастырмайды, дененің саулығы үшін
пайдалыны қарастырады.
Иә.
Салт атпен жүру — тек жүру үшін емес, аттар үшін пайдалы. Кез-келген өнер өзі
үшін пайдалы нәрсе емес (өйткені ол оны қажет етпейді), оның затына пайдалы нәрсе.
Солай болса керек.
Бірақ кез-келген өнер, Фрасимах, ол қолданылатын аймақтағы күш пен билік.
Фрасимах бұнымен келіскісі келмесе де, келісті.