110
Бұл жерде куәлардың қажеті қанша? Фрасимах билік иелері кей кезде өздеріне
зиянды заңдар тағайындайды және сонымен қатар бағынышты адамдар үшін оларды
да орындау әділеттілік болады деп өзі мойындады ғой.
Полемарх, ол билік иелерінің бұйрықтарын орындауды әділеттілік деп есептеді.
Иә, Клитофонт, ол күш қолында бар адамға қажетті нәрсені әділеттілік деп атады
ой. Осы екі тұжырымды қабылдай отырып, ол билік басындағылар кейде өздеріне зиян
әкелетін заңдарды қабылдайды, бірақ оларға бағынышты адамдар оларды да орындауы
тиіс екеніне де келісті Осы тұжырымнан күшке ие адамдар үшін пайдалы нәрсенің
әділеттілігі оларға пайдасыз нәрсенің әділеттілігінен тіпті де артық емес деген
қорытынды жасауға болады.
Фрасимах күшке ие адам үшін пайдалы деп, ол күш иесі өзіне пайдалы деп
есептейтін нәрсені айтты, — деп қарсы шықты Клитофонт. — Міне, соны әлсіздер
орындауы керек — осыны ол әділеттілік деп атаған.
Жоқ, Фрасимах олай деген жоқ, — деді Полемарх.
Бәрібір емес пе, Полемарх, — дедім мен, — егер Фрасимах енді солай десе, біз де
соны солай деп түсінеміз.
Фрасимах, маған айтшы, сен күшке ие адам үшін шын мәнінде пайдалы ма,
пайдалы емес пе, оған қарамастан өзіне пайдалы деп есептесе болды, сол әділетті
болады дегің келді ме? Сенің айтқаныңды осылай түсіну керек пе?
Тіпті олай емес. Мен сонда қателесетін адамды күшті адам деп атайды деп
ойлайсың ба?
Сен билік иелері пәк емес, олар да қателеседі деген соң, мен сенің айтқандарыңның
астарында сондай магына жатыр-ау деп ойладым.
Пайымдауларында, Сократ, сөздің ұсақ жаңсақтығына жармасасың! Мысалы,
ауруды қателесіп, дұрыс емдемеген адамды сен ол қателіктері үшін емші деп атайсың
ба? Немесе есептеудің шеберін ол есептеу кезінде қателессе, дәл сол қателігі үшін оны
шебер дей аласың ба? Менің ойымша, біз жай ғана әңгіме арасында ғана "емші
қателесті", "есептеу шебері" немесе "грамматика мұғалімі қателесті" дейміз; егер ол
шындығында біз атағандай адам болса, ол еш уақытта қателеспейді. Сенің сөздеріңнің
дәл мағынасы бойынша, егер сен дәлдікті ғана қаласаң, оз ісінің шебері ол істе еш
уақытта қателеспейді. Өйткені білімнің жетіспегенінен, шеберліктің жетіспеушілігінен
қателеседі. Олай болса, мейлі ол суретші болсын, дана болсын немесе билеуші болсын,
өзінің ісін жете меңгерген болса, "емші қателесті", "басқарушы қателесті" деп
айтқанмен, олар еш уақытта қателеспейді. Менің сөздерімді осындай мағынада түсін.
Егер ол сондай дәлдікпен: ол шындығында басқарушы болғандықтан, қателік
жібермейді, ол өзі үшін жақсырақ заңды тағайындайды және оны қол астындағылары
орындауы тиіс. Сондықтан, мен басынан бастап күшке ие адам үшін пайдалы нәрсені
қабылдап, соны әділетті деп атаймын.
Солай де! Мен сеніңше, Фрасимах, ұсақ кемістікке жармасады екенмін ғой!
Солай.
Сонда менің сұрақтарымда қатыгез мағына бар ғой, сеніңше?
Менің оған шүбәм жоқ.Бірақ сенің оныңнан ешнәрсе шықпайды: менен сен өзіңнің
бұзық ниетіңді жасыра алмайсың, ал оны жасыра алмағандықтан сен біздің бұл
әңгімелесуімізде мені жеңе алмайсың.
Қымбаттым - ау, мен тіпті оған талпынбаймын да. Бірақ сен әлсіз адам күшке ие
адамға пайдалыны жасағаны әділеттілік деп атағанда, "билеуші" және "күшті" деген
сөздерді қалай, кәдімгідей ме, әлде өзінің дәл мағынасында пайдаланып отырсың ба,
соны анықтап берші.
Мен билеуші дегенді дәл сол мағынаны беретін сөз ретінде пайдаланып отырмын.
Енді қанша бұрмаласаң да, қылжақтап, мазақ етсең де, мен саған берілмеймін. Сенің
шамаң оған жетпес.