Page 109 - ӘЛЕМДІК ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МҰРА 1

Basic HTML Version

109
Әр мемлекетте күш билігі бардың қолында екенін ше?
Әрине.
Кез-келген билік заңдарды өз пайдасына қарай тағайындайды: демократияда —
демократиялық заңдар, тиранияда — тираниялық заңдар, басқаларда — басқа заңдар.
Заңдарды тағайындай отырып, оларды қол астыдағылар үшін әділетті деп хабарлайды
— бұл нағыз билікке пайдалы нәрсе, ал оны бұзғандарды заңды аттап кеткен,
әділеттілікті бұзған деп жазалайды. Міне сондықтан, қымбатты Сократ, менің
айтарым: Барлық мемлекеттерде бір ғана нәрсе, яғни билікке пайдалы нәрсе әділетті
деп есептеледі. Ал ол — күш, сондықтан да, егер дұрыс пайымдар болсақ,. әділеттілік
барлық жерде бірдей, ол күшті адамдарға қажетті нәрсе.
Сенің нені айтып отырғаныңды мен енді түсіндім. Енді бұл дұрыс па, бұрыс па,
соны ойланып көрейін. Сен өз жауабында маған тыйым салғаныңа қарамастан өзің
қажеті бар нәрсені әділетті деп атадың. Сен тек "күштірек адамдар үшін" дегенді
қостың.
Түкке тұрмас қосу болғаны ғой!
Әлі түсініксіз, бәлкім оның мағынасы зор болар. Бірақ түсініктісі, сенің айтқаның
дұрыс па, соны қарастыру керектігі. Әділеттіліктің бір қажеті бар нәрсе екеніне мен де
келісемін. Бірақ сен "күштірек адам үшін" деп қосып отырсың, ал мен оны білмеймін,
сондықтан оған әлі де күдікпен қарау керек.
Қарастыр енді.
Мен дәл солай істеймін. Айтшы маған, сен билікке бағынуды әділетті деп
ойлайсың ба?
Солай деп ойлаймын.
Әлдебір мемлекеттегі биліктегілер кінәсіз бе, әлде олар да қателесуге қабілетті ме?
Әрине, олар да қателеседі.
Олай болса, заңдарды тағайындай отырып, бір заңдарды олар дұрыс, ал
кейбіреулерін қате тағайындай ма? Менің ойымша солай сияқты. Дұрыс
тағайындағандары билікке пайдасын, қате қабылданғандары зиянын тигізеді. Сеніңше
қалай?
Иә, солай.
Олар не тағайындаса да, қол астындағылар оны орындаулары керек қой, сол
әділеттілікке жата ма?
Енді қалай?
Сонда, сенің пайымдауыңша, күштірек адамға қажеттіні орындау да, оған қарама-
қарсы қажетті еместі де орындау әділетті болғаны ғой.
Сен не деп тұрсың?
Меніңше, сен не десең, мен де соны айтып отырмын. Дұрыстап қарастырайықшы:
биліктегілер қол астындағыларға өздерінің тағайындағандарын орындауды талап ете
отырып, кейде өздері үшін қажет нәрседен қателесетінін, сонымен қатар
бағыныштыларға кез келген бұйрықты орындау әділетті деп мойындаған жоқпыз ба?
Әлде біз олай деп қабылдамадық па?
Иә, біз солай деп қабылдаған сияқтымыз.
Сен билікке, жалпы кім күштірек болса, соған зиянын тигізетіннің әділетті екенін
мойындағаның туралы ойлан: билік әдейілеп емес, білмей, өздеріне зиянын тигізетін
заңдар тағайындаса да, оны басқалардың орындауы әділетті деп есептейсің. Ондай
жағдайда, данышпаным, Фрасимах, сен айтып отырған нәрсеге қарама-қарсы нәрсені
орындау әділетті деген соз емес пе? Өйткені бағыныштыларға билікке, күш иелеріне
зиянды нәрсені орындау әділетті делініп отыр ғой.
Иә, Зевспен ант етейін, Сократ., — деп айқай салды Полемарх, — бұл айдан анық.
Оның үстіне сен ол туралы Сократты куәландырып отырсың, — деп ескертті
Клитофонт.