Page 107 - ӘЛЕМДІК ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МҰРА 1

Basic HTML Version

107
Әділеттілік — бұл достарға пайда әкеліп, жауларға зиянын тигізу деп кім айтқанын
білесің бе? — дедім мен.
Кім айтты? — деп сұрады Полемарх.
Менің ойымша, бұл сөздерді Периандр немесе Пердик, ал мүмкін Ксеркс,
немесе фивалық Исмений немесе өзін құдіретті санаған байлардың біреуі айтқан
шығар.
Сен өте дұрыс айтасың.
Тамаша. Әділеттілік әділетті деген ұғым болмаса, онда оған қандай анықтама
беруге болады?
Фрасимах біздің әңгімеміздің үстінде бірнеше рет сөзге араласпақ болған еді, бірақ оның
қасында отырғандар оны ұстап қалды — олар бізді соңына дейін тыңдағылары келді.
Бірақ біз біраз тоқтап қалған уақытта, мен өз сұрағымды қойған кезде, Фрасимах шыдай
алмай кетті: бізді паршалап жұлып тастауға даяр аңдай, бізге тап берді.
Біз Полемарх екеуіміз қорыққаннан жалт бердік, ал ол бізге тап беріп, айқай салды:
Сократ, сендер не деп бағанадан бері қайдағыны айтып отырсыңдар! Сендер бір -
біріңмен ойнап, түкке түсінбейтін адамдар сияқты кейіп танытып отырсыңдар? Егер
сен әділеттіліктің шындығында не екенін білгің келсе, сұрақ қоймай және бәрін жоққа
шығарғанша, өзің жауап бер — сұрақ қою оңай, жауап беру қиын екенін білесің, жоқ,
сен нені әділетті деп есептейтініңді айт. Маған бұл — тиістілік немесе ол —
пайдалылық, немесе мақсатқа сәйкестік, немесе түсімділік, немесе қажетке
жараушылық деп айтушы болма,— сен не айтсаң да, сен маған анық және дәл жауап
бер, өйткені сенің бұндай сандырағыңды мен тыңдамаймын да.
Фрасимахтың сөздерінен сасқалақтап қалған мен оған қорқып қарадым және мен оған
бұдан бұрын қараған болсам мылқау болып қалар едім; енді біздің әңгімеміз оның ашу-
ызасын тудырған кезде, мен бірінші болып қарадым, сондықтан оған жауап беруге де
дайын болдым, бірақ дірілдеп, былай дедім:
Фрасимах, бізге ренжіме. Егер біз бұл пікірлерді талдауда кінәлі болсақ, сені
сендіремін, амалсыз кінәліміз. Егер біз алтын іздесек, бір-бірімізге көнер ме едік, ол
біздің іздеуімізге кедергі болар еді ғой? Біз алтыннан да қымбат затты — әділеттілікті
іздеп жатырмыз, біз бір-бірімізге мағынасыз көнеміз бе, оны табу үшін бар күшімізді
салып жатқан жоқпыз ба? Достым, сен өзің ойлашы! Жоқ, бұл, меніңше, біздің
әлімізден әлдеқайда күштірек болып тұр, сондықтан, кімнің бұған әлі жетеді, оларға
бізге ренжігеннен гөрі, жандары ашығаны дұрыс болар еді.
Мұны естіген Фрасимах сарданикалық күлкімен былай деді:
О Геракл! Міне, Сократтың әдеттегі мазағы осы! Мен алдын ала айттым ғой, сен
жауап бергің келмейді, түк білмейтін адамға ұқсап, жауаптан қашу үшін бәрін жасап
бағасың.
Сен данышпансың, Фрасимах, — дедім мен, — егер сен оны қандай екі саннан
тұрады деп сұрасаң, сұрақ қоя отырып, алдын ала "маған он екі — бұл екі рет алты,
немесе үш рет төрт, немесе алтыдан екеу, немесе төрттен үшеу деуші болма, әйтпесе,
егер сен бұлай деп сандырақтасаң, мен сені тыңдамаймын да", — деп ескертесің, сенің
бұндай сұрағыңа ешкім де жауап бермейтінін сен алдын ала білесің деп ойлаймын.
Егер саған: "Ол қалайша, Фрасимах? Менің жауабымда сен ескерткендердің