Page 106 - ӘЛЕМДІК ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МҰРА 1

Basic HTML Version

106
Кім бізге жақсы болып көрінсе, сол бізге дос деп есептедік. Ал кім тек жақсы
болып көрінсе, іс жүзінде ондай болмаса, ол шын мәнінде дос емес. Біздің
жауларымыз жайлы да тура осыны айтуға болады.
Біздің пайымдауларымызға сай, жақсы адам бізге дос, ал жаман адам — жау.
Иә.
Ал сонда, сеніңше, әділетінің досқа қайырымдылық, ал жауға зұлымдық жасауын
әділеттілік дейтін бұрынғы анықтамасын досқа, егер ол жақсы адам болса, оған
жақсылық жасау керек, жауға, егер ол оңбаған болса, оған зұлымдық жасау керек деп
толықтыру керек пе?
Әрине. Бұл, меніңше, дұрыс анықтама сияқты.
Яғни, әділетті адам біреуге зиянын тигізуге қабілетті ме?
Иә, әрине, жаман адамдарға және біздің жауларымызға зияндық жасау керек.
Ал аттар, егер оларға зияндық жасаса, жақсара ма, әлде жаман болып қала ма?
Жаман болады.
Иттер мен аттардың қайсысының қасиеті мағынасында?
Аттардың.
Иттер де, егер оларға зияндық жасаса, иттік қасиетін жоғалта ма?
Міндетті түрде.
Ал адамдар туралы, достым, солай, егер оларға зияндық жасаса, олар адамдық
қасиеттерін жоғалтады дей аламыз ба?
Әрине.
Ал әділеттілік адамның қасиеті емес пе?
Ол шартсыз.
Ал музыканттар музыканың көмегімен біреуді музыкадан айыра ала ма?
Ол мүмкін емес.
Ал шабандоздар атқа шаба отырып, оны шабудан айыра ала ма?
Олай болмайды.
Ал әділетті адамдар әділеттіліктің көмегімен біреуді әділетсіз ете ала ма? Немесе
тіпті: жақсы адамдар, өздерінің абыройының көмегімен басқаларды жарамсыз ете ала
ма?
Ол мүмкін емес.
Суыту жылудың қасиеті емес қой. Керісінше, суықтың қасиеті.
Иә.
Ылғалдандыру да құрғақтықтың қасиеті емес. Керісінше.
Әрине.
Зияндық жасау — жақсы адамның қасиеті емес, керісінше.
Ол айдан анық.
Сонымен қатар, әділетті — ол жақсы адам.
Әрине.
Яғни, Полемарх, досқа да, басқаға да зияндық жасау әділетті адамның ісі емес; бұл
оған қарама-қарсы, яғни әділетсіз адамның ісі.
Меніңше, Сократ, сенікі өте дұрыс.
Яғни, егер кімде-кім әркімге тиістіні беру — әділеттілік деп есептесе және бұны
әділетті адам жауларына зиянын тигізіп, ал достарына пайда әкелуі керек деп түсінсе,
олай деген адам данышпан емес, өйткені ол шындықты айтып тұрған жоқ, — біз
ешкімге ешқандай жамандық жасамауды әділеттілік деп таптық.
Мен бұнымен келісемін, — деп жауап берді Полемарх.
Олай болса, — дедім мен, біз екеуміз бұны Симонид, немесе Бианит, немесе
Питтак, немесе данышпандардың біреуі айтты деген адамға бірлесіп соғыс ашамыз.
Мен ондай шайқасқа қатысуға дайынмын, — деді Полемарх.