Page 105 - ӘЛЕМДІК ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МҰРА 1

Basic HTML Version

105
Олай болса, достым, әділеттілік пайдасыз жерде пайдалы болса, маңызды емес.
Былай қарастырып көрейік: кім жұдырықтасуда соққы беруге немесе басқада шебер
болса, ол қорғана біледі деген шын ғой?
Әрине.
Ал кім аурудан сақтанып, қаша білсе, сол басқаны ауру жағдайға түсіруге
қабілеттірек емес пе?
Меніңше, солай.
Кім өзінің қарсыласының ниетіне жасырын кіріп, оның әрекеттерін алдын ала
білсе, сол әскер қатарын жақсырақ сақтай алады.
Әрине.
Яғни, кім қу болса, сол пайдалырақ.
Солай сияқты.
Яғни, әділетті адам ақшаны сақтай алса, онда ол оны ұрлай да алады.
Біздің пайымдауларымыз осыған әкеліп отыр ғой.
Яғни, әділетті адам ұры болғаны ғой. Сен бұны Гомерден ұққансың ғой: ол
Афтоликті, Одиссейдің шешесінің әкесін, жоғары қояды және Афтолик ұрлығымен
және дуа жасаумен барлық адамдардан асып түскен дейді. Сонымен, сеніңше де,
Гомер бойынша да және Симонидтің ойынша да әділеттілік — бұл бір ұрлыққа
жататын, бірақ достардың пайдасына, жаулардың зиянына бағытталған нәрсе ғой. Сен
солай деген жоқпысың?
Жоқ, Зевспен ант етемін. Шынымды айтсам, өзімнің не айтқанымды да білмеймін.
Бірақ достарға пайда әкелу және жауларға зиян тигізу — осы әділеттілік болады
дегенді мен қолдаймын.
Сеніңше, достар дегенің кімдер: олар жақсы болып көрінетіндер ме, әлде олай
болып көрінбесе де, шындығында сондай адамдар ма? Жаулар жайлы да солай.
Әрине, кім жақсы болса, соған дос боласың, ал жаман адамдардан қашасың.
Адамдар бұнда қателеспей ме? Көпшілігі іс жүзінде ондай болмаса да жақсы болып
көрінеді және керісінше.
Иә, олар қателеседі.
Яғни, жақсы адамдар оларға жау, ал пайдасыздар — дос па?
Ол да болады.
Олай болса, жаман адамдарға пайда әкелу, ал жақсыларға зиян тигізу әділеттілік
болады.
Солай болып тұр.
Сонда жақсы адамдар әділетті ғой, олар әділетсіз қылықтар жасамайды.
Бұл шындық.
Сенің сөздеріңе қарасақ, кім әділетсіздік жасамаса, соған зұлымдық жасау әділетті
болады.
Олай емес, Сократ! Ондай қорытынды, әрине дұрыс емес.
Яғни, әділетсіздерге зиянын тигізу және әділетті адамдарға пайда әкелу әділеттілік
болады.
Бұндай қорытынды дұрысырақ.
Яғни, Полемарх, қателесетін адамдар, өз достарына зиянын тигізу әділеттілік деп
есептейтіндер жиі кездеседі — оларды жаман адамдар деп ойлайды — және оз
жауларына жақсы адамдар ретінде пайдасын тигізеді. Сөйтіп, біз Симонидтің
айтқанына тура қарама-қарсы нәрсе айтамыз.
Иә, бұл жиі болатын нәрсе. Олай болса, түзету енгізейік: біз кім бізге дос, кім жау
екендігін қате анықтаған сияқтымыз.
Полемарх, сонда біз қалай анықтадық?