104
Ал теңізде жүзіп жүрмеген адамға кеме айдаушы да керек емес.
Әрине.
Яғни, соғыспаған адамға әділеттіліктің қажеті жоқ қой.
Меніңше, бұлай деу күдік туғызады.
Әділеттілік бейбіт уақытта да керек пе?
Керек.
Егін шаруашылығында ше? Әлде оған керек емес пе?
Иә, оған да.
Өнім алу үшін бе?
Иә.
Әрине, сонымен қатар етікшілік те керек қой?
Иә.
Сендерді аяқ киіммен қамтамасыз ету үшін демекпісің?
Әрине.
Олай болса, сеніңше, бейбіт уақытта әділеттілік не үшін, неге ие болу үшін қажет?
Ол істерде керек, Сократ.
Іс деп сен бірлескен әрекетті айтасың ба, әлде басқаны ма?
Сол бірлескен әрекетті айтамын.
Дойбы ойынында әділетті адам ба, әлде жақсы ойнай алатын тәжірибелі адам
пайдалы ма?
Кім ойнай алса, сол пайдалы.
Ал кірпіш қалауда құрылысшыға қарағанда әділетті адам пайдалырақ па?
Ешқашан олай болмайды.
Мысалы, кифарада ойнауда әділетті адамнан гөрі кифарист пайдалырақ. Ал қай
жерде әділетті адамның қатысуы кифаристің қатысуынан қажеттірек?
Меніңше, ақшаға байланысты істе.
Мүмкін, Полемарх, ақшаны жұмсаудан басқа істе керек шығар? Бірлесіп ат сатуда
немесе сатып алуда, меніңше, шабандоздың қажеттілігі пайдалырақ па деп ойлаймын.
Солай шығар.
Ал кеме сатып алуда кеме жасаушы қажеттірек.
Әрине.
Алтын мен күмісті бірлесіп бөлісуде әділетті адам басқаларға қарағанда
пайдалырақ болатындай жағдайлар бола ма?
Болады, Сократ. Оларды сақтауға немесе жинауға берген кезде.
Яғни, сенің сөзіңе қарағанда, олар пайдаланусыз жатқан кезде ме?
Әрине.
Яғни, ақша пайдасыз болған кезде әділеттілік қажет болғаны ғой?
Соған ұқсайды ғой.
Бақшаға арналған пышақты сақтауда қоғамдық және жеке тұрмыста әділеттілік
қажеттірек, ал оны қолдануда жүзім егушінің шеберлігі керек.
Солай болар.
Сен қалқан мен лираны сақтау үшін, сонымен бірге оларды пайдаланбағанда
әділеттілік пайдалырақ, ал оларды пайдалануда қарулы жаяу әскердің және
музыканттың шеберлігі пайдалырақ дерсің.
Міндетті түрде солай деймін.
Басқалардың барлығында былай: бір нәрсені қолдануда әділеттілік пайдасыз, ал
қолданбаған жағдайда пайдалы.
Солай шығар.