103
Ал, Кефалдың дәулетінің мұрагері, сен айтшы, — деп мен Полемархқа қарадым, —
Симонидтің әділеттілік туралы қандай сөздерін дұрыс деп есептейсің?
Иә, әркімге борышын өтеу — әділеттілік. Меніңше, ол мұны керемет дұрыс айтқан.
Әрине, Симонидке сенбеу оңай нәрсе емес, — ол өте дана және әулие адам! Оның
сөздерінің мағынасы, Полемарх, саған түсінікті болар, ал мен оларды онша түсіне
алмадым. Тек Симонид дәл қазір біз еске түсірген нәрсе туралы айтпағаны түсінікті, ол
кім болса да, бізге уақытша пайдалануға берген нәрсені иесінің талабына сай қайтаруы
керек, тіпті ол есі дұрыс болмаса да, оның өзі бізге пайдалануға берген жоқ па, солай
емес пе?
Иә.
Бірақ оны есі дұрыс емес адам сұраса, бермеу керек қой.
Дұрыс.
Яғни, Симонидтің әркімге борышын өтеу әділеттілік деген сөзінде басқа мағына
бар ғой.
Әрине, басқа. Зевспен ант етемін. Ол достар бір-біріне ешқандай зұлымдық
жасамай, тек жақсылық жасауы керек деп есептейді.
Түсінемін, — дедім мен, — егер беру мен алу зиян әкелетін жағдайда, сонымен
қатар ол әрі достар арасында болса, онда оған сеніп берілген ақшаны қайтарған кезде
ол беруге тиісті нәрсені бермейді. Сеніңше, Симонид сол туралы айтып отырған жоқ
па?
Әрине сол туралы.
Ал жауларыңа, қажет болса, тиістіні қайтару керек пе?
Міндетті түрде, олардың лайықтылығына қарай. Менің ойымша, жау өзінің жауына
тиістілігінше зұлымдықпен қайтарымын жасауы керек4.
Яғни, Симонид әділеттіліктің поэтикалық, бұлыңғыр анықтамасын, оған әркімге
тиістілі беру әділетті болады деген мағына берген, — ол оны тиістілік деп атаған.
Ал сеніңше қалай?
Зевспен ант етейін, егер біреу одан: "Симонид, емдеу өнері сол атын ақтай алу
үшін, әрине, қажетті мен тиістіден,— нені неге тағайындаған дұрыс" — деп сұраса,
сеніңше, ол бізге қалай деп жауап берер еді?
Тәнге — дәрі, тамақ, сусын керегі белгілі.
Сонда аспазшылық өнерді анықтау үшін — тиістіні, әлде болу керектілікті - нені
немен күшейту керек?
Дәм — дәм шығарушы қоспалар.
Тамаша. Ондай өнер әділеттілік деген атқа ие болуы үшін кімге не беру керек?
Сократ, бұрын айтылған нәрселерге сүйенсек, онда бүл — достарға пайда, ал
жауларға зиян әкелу өнері болып табылады.
Яғни достарға қайырымдық, жауларға зияндық жасауды Симонид әділеттілік деп
есептей ме?
Меніңше, солай.
Ал ауру және сау жағдайға келсек, кім оз достары ауырып қалған кезде соған
жақсылық, ал жауларына зұлымдық жасауға қабілетті?
Дәрігер.
Ал теңізде қауіпті жағдайда теңізшілерге ше?
Кеме айдаушы.
Ал кім әділетті деген сұраққа қалай жауап беруге болады? Ол қандай әрекеттерімен
және қандай жағдайда достарына пайда келтіріп, жауларына зиян келтіреді?
Меніңше, соғыс кезінде.
Тамаша. Бірақ қымбаттым, Полемарх, ауырмаған адамға дәрігер керек емес қой.
Иә, ол - шындық.