Page 102 - ӘЛЕМДІК ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МҰРА 1

Basic HTML Version

102
Әрине, сонымен қатар, мынаны айтшы маған: дәулетіңнің жеткіліктілігінде сен
нені ең үлкен игілік деп есептер едің?
Көпшілік Әділеттілік туралы сұрақтың қойылуы менің сөзіме сенбейтін шығар,—
деді Кефал,— Білесің бе, Сократ, адамға өлім туралы ой келген кезде, оның бойын
қорқыныш жайлайды және оның миын бұрын ойына келмеген нәрселер жаулап алады.
Аид туралы аңыз, ертегілерді, дәлірек айтсақ, егер ол бүл жерде әділетсіздік жасаса,
онда барғанда жазаға тартылатыны туралы соларда айтылады, — осы уақытқа дейін
келемеждеп жүрсе, бүл жерде олар оның жанын алай-түлей етеді: ол шындық болса
ше? Оның өзінің де, кәріліктен бе, әлде ана өмірге жақын тұрғандықтан ба, көбірек есі
кіре бастайды7
Сөйтіп, ол секемденіп, қорқынышқа бой алдырады, біреуді ренжітіп алмадым ба деп жан-
жағына қарай бастайды. Өз өмірінде әділетсіз әрекеттерді көп жасағанын мойындаған
адам, ұйқыдан шошып оянған жас бала сияқты, қорқады және ары қарай тек жамандықты
ғана күтеді. Ал кімде-кім әділетсіз іс-әрекеттерді көп жасамаса, оны әрқашан Пиндардың
айтқанындай, қуанышты үміт, кәріліктің қайырымды қамқоршысы жетелеп отырады. Ол
тамаша айтқан, Сократ, кімде-кім өмірін әділ және таупықты өткізсе, соны
Тербететін жүректі тәтті үміт жетелер
Қамқоршысы қарттықтың,
Барлығын да бағындырар, сол билер,
Айнымалы ойларын пенделіктің
Ол тамаша, таң қаларлықтай дәлдікпен айтқан. Оған менің қосарым, дәулетке де ие болу
қажет, бірақ, ол, әрине, барлық адамға емес, тек парасатты адамға ғана бақ әкеледі. Ана
өмірге кетіп бара жатып, байқаусызда болса да, біреуді алдап, біреуге өтірік айтып
қойдым деп немесе құрбан шалуда құдайдың алдында, ақша жағынан адамдардың
алдында қарыз болып қалмадым ба екен деп қорқу — осының барлығында дәулетке ие
болу үлкен маңызға ие. Басқа да көптеген қажеттіліктер көп, бірақ бір-бірімен оларды
салыстыра отырып, мен өзім, Сократ, ақылды адам үшін байлық та алдыңғы орындардың
бірін алады және оған қажет болады деп есептеймін.
Тамаша айтылған сөз, Кефал, мынау сол әділеттіліктің өзі: бізге оны жай ғана
шыншылдық және алған қарызды қайтару деп есептеу керек пе, әлде бір әрекет бірде
әділетті, бірде әділетсіз бола ала ма? Мен мынадай мысал келтіремін: егер біреу
досынан, оның есі дұрыс кезінде, қару алса, ал кейін, ол есінен ауысқан кезде қаруын
қайта талап еткен кезде, қайтарып бере салса, ол әділетсіздік болар еді, кез келген адам
оған бұл жағдайда қайтарып бермеуі керек немесе ондай күйге жеткен адамға бар
шындықты бетке айту жөн болар еді.
Бұл дұрыс.
Яғни шындықты айту және алған нәрсені қайтарып беру ғана әділеттілікті анықтап
қоймайды.
Жоқ, Сократ, егер кімде-кім Симонидке сенсе, дәл сол анықтайды,— деп
қарсыласты Полемарх.
Бірақ,— деді Кефал,— мен сендерге сөз берейін, ал маған қасиетті істермен
айналысатын уақыт жетті.
Яғни,— дедім мен, Полемарх сенің мұрагерің бола ма?
Әрине,— деп күліп жауап берді Кефал, сөйтті де ырымын жасауға кетті.
Әділеттілік әр адамның борышын өтеуі ретінде