Қазақстанның ашық кітапханасы
қатынасынан тыс (яғни өзінде) қалайша қарастыру қажеттігі туралы мәселе мүлдем
қойылмайды; себебі ондай зерттеу априорлы танымның мүмкіндігі мәселесімен
айналысатын метафизикаға жатады. Бірақ бұл мәселеде де спекулятивті ойлайтындарды
қателестірмеу үшін, осындай шегініс жасау қажет болды. — Ал, дегенмен, адамның ішкі
тәжірибеге негізделген білімі, көп жағдайда адам өзгелер туралы осы тәжірибенің
негізінде пікір қалыптастыратындықтан, өте маңызды, бірақ сонымен қатар басқалар
туралы дұрыс пікір айтудан қиын да болар, себебі өзінің ішкі жан - дүниесін зерттейтін
адам, тек қана бақылаудың орнына, өзін - өзі ұғынуға [өзінен] бірдеңелерді жиі қосып
қояды, — сондықтанда адам өзінде байқалатын құбылыстардан бастап, содан соң ғана
адам табиғатына қатысты кейбір ережелерді яғни ішкі тәжірибені пайымдауға көшкені
дұрыс.
Екінші бөлім
АНТРОПОЛОГИЯЛЫҚ МІНЕЗДЕМЕ
АДАМНЫҢ ІШКІ (КҮЙІН) СЫРТҚЫДАН
ТАНУ ЖОЛЫ ТУРАЛЫ
Бөлу
1)
Тұлға мінезі, 2) Жыныс мінезі, 3) Халық мінезі, 4) тек мінезі.
2)
А
Тұлға мінезі
Белгілер туралы жалпы, табиғи (азаматтық емес) ілім (semiotica universalis) прагматикалық
тұрғыда мінез сөзін екі түрлі мағынада қолданады, себебі кейде: ол адамның (табиғи)
мінезі анандай немесе мынандай дейді, ал кейде: оның мінезі (моральдық) жалпы бір түрлі
дейді, ал ол болса, біреу ғана немесе тіпті де мінез емес болуы мүмкін. Біріншісі —
сезіммен қабылданатын яки табиғи тіршілік иесі ретіндегі адамды ерекшелейтін белгі;
екіншісі — еркіндікке ие болған, саналы тіршілік иесі ретіндегі адамды ерекшелейтін
белгі. Ол принциптері бар адам, оның инстинктінен емес, еркінен не күтуге болатыны
анық белгілі болатын мінезі бар адам. — Міне, сондықтан да оның тілеу қабілетіне
(практикалық салаға) ненің жататындығын сипаттағанда ерекшелігін тавтологияға
ұрынбай а) жаратылысындағы немесе табиғи қабілеттеріне, Ь) темпераментке немесе
сезіну тәсіліне және с) жай мінезге немесе ойлау жүйесіне бөлуге болады. — Алғашқы ең
қабілеті адамнан не жасауға болатынын, ал екіншісі (моральдық) оның өзінің өзінен не
жасауға дайын екендігін көрсетеді.
I
Табиғи тума қабілеттер туралы
Адам туралы оның жаны мейірімді дегенде ол адам қыңыр емес, мінезі жұмсақ, тіптен
кейде кейіген жағдайда да, ашуы тез қайтып, ешкімге қарсы кек ұстамайтын адам
(негативті түрде мейірімді адам) дегеніміз. — Ал ол адам туралы жүрегі мейірімді деу,
жүректе сезімге қатысты болғанымен, ауқымдырақ ойды білдіру болып табылады. Іске
асқанда иринциптерге сәйкес болмаса да, жүрек мейрімділігі іс жүзіндегі жақсылыққа