Page 8 - ӘЛЕМДІК ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МҰРА. ПРАГМАТИКАЛЫҚ ТҰРҒЫДАҒЫ АНТРОПОЛО

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
қарай тану болып табылады. Шынында да, бұл жағдайда объектіні сезімдік андаудың
қандай түрде болатындығы және одан кейінгі объект туралы ой (ол туралы ұғым)
түсініктің объектісінің қасиеттеріне ғана емес, субъектінің қасиеттері мен алғырлығына да
байланысты. — Өз кезегінде бұл алғырлықтың формалды қасиетін [сыртқы] сезімдерден
алуға болмайды, ол қасиет аңдау ретінде a priori болуға тиіс, яғни ([сыртқы] сезімдердің
түйсіктерін қамтитын) эмпирикалықтың бәрі жоқ болған кезде де қалатын сезімдік андау
болуға тиіс; және де ішкі тәжірибеде аңдаудағы осы формалды уақыт болып табылады.
Тәжірибе эмпирикалық таным болғандықтан, ал тану үшін (ол пікірлерге
негізделетіндіктен) ойлау (reflexio) қажет, демек, сана [яғни] көп түрліліктің бірлігі
ережесіне сәйкес көп түрлі түсініктердің [мазмұнының] қосылу көзшедегі пайымның
әрекеті, яғни жалпы алғанда ұғым мен (андаудан өзгеше) ойлау болып табылатындықтан,
— сана дискурсивті (ол логикалық ретінде ережелерді беретіндіктен, алдында жүруі тиіс)
және интуитивті санаға бөлінеді; біріншісі (өзінің рухани әрекетінің таза апперцепциясы)
қарапайым сана болып табылады. Мен рефлексиялары санада формалды ғана
болатындықтан, оларда ешқандай көп - түрлілік болмайды, барлық пікірлерде бір нәрсе
қайталанады. Керісінше, ішкі тәжірибе санадағы материалдық болып табылады да,
эмпирикалық ішкі аңдаудың — сезудің Менің алуан түрлі [мазмұнын] — (демек,
эмпирикалық апперцепцияны) қамтиды.
Шынында, ойлайтын тіршілік иесі ретінде әрі сезінетін тіршілік иесі ретінде мен бір
субъект болып табыламын; бірақ ішкі эмпирикалық аңдау объектісі ретінде маған уақыт
бойында түйсіктер (бір мезетте не бірінен соң бірі) іштей өсер ететіндіктен, мен өзімді
өзіндік зат ретінде емес, өзіме қалай сезілемін тек солай ғана танимын. Себебі мұның бәрі
пайым ұғымы (сондықтан да, таза спонтандық) емес, уақыт шартына, демек, оған қатысты
менің түсінік түзу қабілетім пассивті болатын (және қабылдаушылыққа жататын) шартқа
тәуелді. — Міне, сондықтан да мен ішкі тәжірибе арқылы өзімді үнемі өзіме қалай болып
сезілген түрімде ғана танимын; көбінесе бұл пікірді былай дейді - мыс деп әдейі
бұрмалайтын: маған менің не анадай, не мынандай түсініктерім мен түйсіктерім бар
сияқты (mihi videri) ғана, және де жалпы алғанда, мен бар сияқты ғана боламын. —
Бірдеңе сияқты болып көріну (Schein) объективті деп қате есептелетін субъективті
себептерден жаңсақ пікір қалыптастыруға негіз болады; бірақ құбылыс (Erseheinung)
тіптен пікір емес, ол рефлексия мен одан туатын пайымдық ұғым арқылы ішкі тәжірибеге,
демек, ақиқатқа айналатын эмпирикалық андау ғана.
Бұл қателіктердің себебі психологтардың әдетте ішкі сезім көне апперцепция деген
сөздерді, тек біріншісі ғана психологиялық (қолданбалы) сана, ал тек екіншісі ғана
логикалық (таза) сана мағынасын беруі тиістігіне қарамастан, толық ген, мағыналы деп
есептейтіндігінде жатыр. Осыдан келіп, біздің ішкі сезім арқылы өзімізді тек өзіміз қалай
сезсек, солай ғана тани алатындығымыз түсінікті болады, себебі ішкі сезім әсерлерін сезе
қою (apprehensio) субъектінің ішкі сезуінің формалды шартын, атап айтқанда, уақытты
қажет етеді, ал ол тіптен пайымдық ұғым емес, және де, солай болғасын, ол қалай
адамның жан-дүниесінің қасиеттеріне сәйкес бізге ішкі түйсіктер берілетіндігінің
субъективті шарты ретінде ғана маңызға ие; демек, ол бізге объектінің өзінше қалай
болатындығын тануға мүмкіндік бермейді.
***
Жалпы, бұл ескертудің антропологияға қатысы жоқ. Антропологияда пайым заңдары
бойынша қосылған құбылыстар тәжірибе мәліметтері болып табылады; және де онда
заттар туралы түсініктердің қалыптасу жолдары: сондай - ақ оларды [сыртқы] сезімдерге