Қазақстанның ашық кітапханасы
Егер көздегені ізгілік емес, өзі қалаған адамды пайдалану болса, жыныстық махаббаттың
жайы осындай болады. Тәнге тәтті болғанымен, адамның қасиетінің хайуандардың кейбір
түрлерінің лас қасиетіне жақындығын көрсететін, осы адам ұялатын нәрсені бүркемелеу
үшін ежелден қаншама тапқырлық жұмсалды десеңші, сондықтан да сыпайы адамдардың
ортасында бұл туралы бүркемелеп, бірақ түсініп езу тартарлықтай қылып айтады. —
Мұнда қиял бүркемеленген ой түнегінде армансыз кезеді, ал цинизмге ұрынбай, күлкі
келтіретін пуризмнен аулақ болу көп өнерді қажет етеді.
Екінші жағынан, пайым түсіндіріп берген күннің өзінде де жоғалғысы жоқ көмескі
түсініктер көп жағдайларда бізді ойыншық етеді. Хал үстіндегі адамға оны бақша ішіне
немесе бұтағы қалың ағаштың көлеңкесіне, далаға немесе құрғақ жерге жерлеу керектігі
көбінесе өте маңызды болып көрінеді, бірінші жағдайда ол әдемі көріністі қызықтай
алмайтындығы, ал соңғы жағдайда ылғалдан тұмауратып қаламын деп қорқуға ешқандай
негіз жоқ екендігі белгілі.
Ақылды адамдар да көп жағдайда адам көркі шүберек деп ойлайды. Орыстың мақалы:
"Киіміне қарап қарсы алып, ақылына қарап шығарып салады" дегенімен, ақыл жақсы
киінген адам қалдырған маңызды бір нәрсе туралы көмескі әсерлерден құтыла алмайды;
тек кейіннен ғана ақыл өзінің ол адам туралы бастапқы пікірін өзгертуге тырыса алады.
Бірақ ымырт жабылған кезде немесе тұман ішінде заттардың бізге әдеттегіден үлкенірек
болып көрінетіндей, адамдар терең де тиянақты ойшыл болып көріну үшін, көбінесе
мәселені әдейі көмескілеуді өте жақсы пайдаланады . "Қараңғы түссін!" — мистиктердің
бәрінің қараңғылықты қолдан жасап ақыл қазынасын іздеушілерді өзіне тарту үшін айтар
әмірі осы. — Жалпы, шығарманың белгілі бір дәрежеде жұмбақ болуы оқырман үшін
жағымсыз нәрсе емес: ол адамға көмескіні анық ұғымдарға айналдырып, өз тапқырлығын
сезінуге мүмкіндік береді.
Пайымға ұқсамайтын сезушілік туралы
§7. Түсіну кезінде менің рухым не белсенді болады да қабілетін (facultas) көрсетеді,
немесе енжар болады да қабылдау (receptivitas) арқылы білінеді. Тану осы екеуін де
біріктіреді; және осындай тану мүмкіндігінің бар болуы тану қабілеті деп аталады, ол бұл
атауды танудың өте маңызды бөлігінен, атап айтқанда рухтың түсініктерді қосу немесе
бөлектеу қызметінен алған.
Адамның жаны оларға қатысты пассивті болып қалатын, демек, субъектіге әсер ететін (ол
әсер субъектінің өзінен немесе объектіден шығуы мүмкін) түсінік егер сезімдік
түсініктерге жатады; ал таза әрекеттен (ойлаудан) тұратын түсініктер интеллектуалдық
танымдық қабілетке жатады. Сонымен қатар біріншісін төменгі, ал екіншісін жоғарғы
танымдық қабілет деп атайды . Біріншісі ішкі сезіну сезімінің пассивті сипатында болады,
екіншісі апперцепцияның, яғни әрекеттің таза санасының спонтандығы сипатында
болады, ол ойлауды құрайды да, логикаға (пайым ережелері жүйесіне) жатады, ал
біріншісі психологияға (табиғат заңдары аясындағы бүкіл ішкі қабылдаулар жиынтығына)
жатады да, ішкі тәжірибені негіздейді.
Ескерту. — Бойында маған әсер ету тәсілі ғана бар түсінік нәрсесін мен оның маған
сезілген түрінде ғана тани аламын; және де кез келген тәжірибе (эмпирикалық таным) —
сыртқыдан ішкі тәжірибе кем түспейді, — нәрселерді олардың (өздері қалай болса солай
қарастырғанда) қалай болатындығына қарай емес, олардың бізге қалай сезілетіндігіне