Қазақстанның ашық кітапханасы
оның әрдайым өзімен-өзі ішкі қарсылықта болатын жамандықтан найда болуына дейін
баратындай ықпал етуі арқылы өтеді. Құдірет біздің табиғаттағы үнемі өзін-өзі бұзу үшін
әрекет етіп, сонда да болса, өзін өлімнен сақтап қалатын органикалық тіршілік иелері
түрлерінің сақталуынан біз тандана көріп жүрген сол бір даналықты білдіреді; бұл жерде
бізге бұл қамқорлықтың өсімдіктер мен жануарлардың [түрлерін] сақтау үшін біз
қолданатын принципінен жоғары принцип іздеп жатудың қажеті жоқ. — Дегенмен,
адамзаттың өзі өз бақытының жасаушысы болуы тиіс және бола алады да; алайда оның
жасаушы болатынын біз білетін оның табиғи қасиеттерінен a priori тұжырымдауға
болмайды; бұл туралы оның осы жақсылыққа қарай ілгері басу кезінде түңілмеуіне, осы
мақсатқа жақындауына бүкіл саналылықпен және моральдық шапағатпен ықпал етуге
(әркім өзіне қатысты болуына қарай) қажет шамада нық сенім арта отырып, тек тәжірибе
мен тарихтан ғана тұжырымдауға болады.
Демек, адам баласына тән бірінші ерекше қасиет — оның саналы тіршілік иесі ретіндегі
өзіне өз тұлғасы үшін де, оны табиғат орналастырған қоғамы үшін де жалпы мінез
қалыптастыру құмарлыққа деуге болады; бірақ бұның өзі оның жағымды табиғи
қасиеттерінің болуын және жақсылыққа бейімділігін көрсетеді, өйткені жамандық,
шынына келгенде, мінезден жұрдай болады (себебі, ол өзіне-өзі қарсы болады да, оның
ешқандай тұрақты принципі болмайды).
Тіршілік иесінің мінезі дегеніміз — соған қарап тіршілік иесінің бұл дүниедегі міндетін
алдын ала білуге болатын нәрсе. — Бірақ табиғаттың мақсаттары үшін мынаны негізгі
қағида деп есептеуге болады: табиғат өзінің көздегенін әрбір тіршілік иесі болмаса да,
әрбір түр жүзеге асыруы үшін, бүкіл жаратылыс өз табиғатының барлық қасиеттерінің
мақсатқа сай дамуы арқылы өз міндетін атқаруға дейін жетуін қалайды. — Сана-сезімі
жоқ хайуандарда бұл шынында да осылай болады, бұл — табиғаттың даналығы; бірақ
адамдарда оған тек қана жетеді, және жер бетіндегі саналы тіршілік иелерінен біз бір ғана
текті, атап айтқанда, адамзат тегін білеміз, ал біз одан табиғаттың осы мақсатқа деген
талпынысын ғана, атап айтқанда, бір кездерде жамандықтан жақсылықтың дамып шығуын
жүзеге асыратын адамзаттың өзінің іс-әрекеті арқылы талпынысын білеміз, — бұл —
табиғи апаттар оны бірден үзіп жібермеген жағдайда, моральды (сол мақсатқа жетуге
жәрдемдесу парызы үшін жеткілікті) сеніммен күтуге болатын перспектива. — Өйткені
олар — адамдар, яғни, мінезі жаман болса да, тапқыр, сонымен бірге моральдық
қасиеттері бар саналы тіршілік иелері, олар мәдениет дамыған сайын бір-біріне
өзімшілдікпен жасалған жамандықты қатты сезіп, және оған қарсы бір ғана құралды —
ұнатпаса да, өзінің жеке еркін (жекелеген адамдардың) жалпы ерікке (барлығының еркіне)
бағындыруды, өзін (азаматтық мәжбүрлеу) тәртібіне, бірақ өздері шығарған заңдар
бойынша бағындыруды көре отырып, — адамның зердесі мұрат ретінде көрсететін
міндетіне сәйкес келетін текке жататындықтарын ұғынғаннан өздерін игіленген текпіз деп
сезінеді.
Адамзат мінезін суреттеудің
негізгі сипаттамалары
1)
Адамның үй жануарларынан айырмашылығы, ол үйірлік өмірге емес, бал арасы
сияқты ұяда өмір сүруге жаралған, — бұл ол үшін қандай да бір азаматтық қоғамның
мүшесі болу қажеттілігі.
пайда болып, қарым-қатынас мәдениетінің арқасында бірте-бірте дамитын үшінші кезеңі пайда бола ма екен
деген ойды туындатады.