Page 50 - ӘЛЕМДІК ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МҰРА. ПРАГМАТИКАЛЫҚ ТҰРҒЫДАҒЫ АНТРОПОЛО

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
күні тұрған сатысынан артына бұрылып қарауын қалаған. Ол адамның табиғатынан (ол
қалай тұқым қуалайды) мейірімді болуын мүмкін деп санаған, бірақ негативті түрде, атап
айтқанда: ол өз қалауымен және әдейі жаман болмайды, оның тек жаман немесе жөнсіз
үлгілермен тәлімгерлердің ықпалына беріліп, бұзылу қаупі бар. Ал ол үшін тағы да өздері
тәрбиеленген болуы тиіс және арасында бірде-бір (бүлініп туған немесе жүре бүлінген)
бүлінген адам болмайтын мейірімді адамдар қажет болғандықтан, біздің тегіміз үшін
моральдық тәрбие мәселесі маңыздылығы жағынан ғана емес, тіпті принцип сапасы
жағынан да шешімі жоқ мәселе болып қалып отыр, себебі, адамның туа біткен жаман
қабілеттерін, жалпыға ортақ адам зердесі көзге шұқып, тіпті жүгендеуге тырысады, бірақ
олар жойылмайды.
***
Адамзатқа өзінің міндетінің түпкі мақсатына жету үшін берілген жақсылық қабілеттерін
дамуындағы адамның өзі қол жеткізгендерінің жоғары дәрежелісі болып табылатын
қоғамның азаматтық құрылысында, әйтседе, хайуандық бірінші тұрады және өзінің
көріністерінде байқалатын таза адамгершіліктен гөрі шын мәнінде күштірек болады; және
қолға үйретілген жануарда тек өз күшінің кемуі арқасында ғана адамға қолға
үйретілмеген, жабайы хайуандардан гөрі пайдалырақ болады. Адамның өзінің еркі
әрқашан адамның қасындағыларға деген жеккөрінішінде байқалуға дайын тұрады және,
сөзсіз еркіндікке ұмтыла отырып, тек тәуелсіздікке ғана емес, сонымен бірге тіпті
табиғаты жағынан өзімен тең басқа тіршілік иелерін билеуге де талпынады; мұны тіпті ең
кішкентай балалардың қимылынан да байқауға болады,себебі, табиғат адамды (зерде де
белгіленгендей) моральдылық пен оның заңдарынан бастап, соған лайықталған мақсатқа
сай мәдениетке емес, мәдениеттен моральдылыққа қарай бағыттауға ұмтылады, ал бұл
болса, міндетті түрде бұрмаланған және мақсатқа сай емес үрдісті туындатады, мысалы,
моральдық мәдениет болуы тиіс діни оқытуды тарихи мәдениеттен бастаған кезде (ал ол
бар болғаны естелік мәдениеті) және осы жерден моральдылықты шығаруға босқа
тырысқан кезде.
Жалпы адамзаттың, яғни барлық адамдардың жеке-жеке (singulorum) алынғандағы емес,
тобыр жүйені емес, тек қана бір топқа жинақталған агрегатты құрайтын кездегі ұжымдық
түрде (universorum) алынған тәрбиесін; еркіндік принципіне, бірақ сонымен бірге заңға
сәйкес мәжбүрлеу принципіне де негізделетін азаматтық құрылысқа ұмтылуды көздейтін
тәрбиені, — осындай тәрбиені адам тек қана құдіреттен, яғни, өзінің даналығы емес, бірақ,
дегенмен, оның өз зердесінің әлсіз (оның өз кінәсы бойынша) идеясы болып табылатын
даналықтан ғана күтеді; бұл жоғарыдан төмен қарай бағытталған тәрбие, деймін мен,
пайдалы, бірақ ол қатты және қатал, үлкен қолайсыздықтардан және табиғатқа бүкіл текті
бұзуға дейін дерлік, дәлірек айтқанда, бастапқыда адам ойламаған, жақсылықтың
туындауына дейін, ал ол табиғатта
10
бар болғандықтан, әрі қарай сақталып отыратын —
10
Табиғат баланың тұрпайы табиғи жағдайда оның өзі және анасы үшін өте үлкен қауіп туғызатын қа тты
айқаймен дүниеге келуіне нендей мағына салды екен? Бұл айқай баланың анасы жанында болмаған немесе
оның туудан кейін әлсіреген кезінде қасқырды, тіпті доңызды да оны жеп қоюға шақыруы ықтимал еді ғой.
Бірақ (казіргі түріндегі) адамнан басқа бірде-бір хайуан дүниеге келгенінде өзінің туылғаны туралы
мұншалықты қатты айқаймен хабарламайды, сірә, табиғаттың даналығы түрді сақтап қалу үшін осылай
жаратқан шығар. Демек, табиғаттың ерте дәуірлерінде жануарлардың бұл түрінде (дәлірек айтқанда, оның
[тағы] тұрпайылығы кезеңінде) адам баласы туылғанда қатты айқайламаған деп тұспалдауға болады;
ендеше, біз табиғаттың мұндай дамуды қалайша және ненің көмегімен жүзеге асырғанын білмесек те, ата -
аналардың үй өміріне қажетті мәдениет деңгейіне жеткен екінші кезеңі кейіннен ғана пайда болған. Бұл
ескерту алысқа жетелейді; мысалы, ол табиғаттың астан-кестен өзгерістерінің болу жағдайында осы екінші
кезеңнен кейін орангутанг немесе шимпанзе өздерінің жүріп-тұру, заттарды ұстау және сөйлеуге арналған
органдарын адамның дене кейпіне дейін дамытатын, олардың пайымды қолдануға арналған ішкі органы