Қазақстанның ашық кітапханасы
А
Адамның алғашқы табиғи мақсаты хайуанның бір түрі ретінде өзінің тұқымын сақтауға
деген талпынысында жатыр. — Бірақ бұл жерде оның дамуының табиғи кезеңдері
азаматтық дамуының кезеңдерімен сәйкес келмейді. Біріншілері тұрғысынан, ең
болмағанда, өмірінің он бесінші жылында, дені сау болса жыныстық инстинкттері оянып,
өзі тәрізділерді өмірге келтіріп, өз тегін жалғастыруға қабілетті болады. Екіншілері
тұрғысынан (әдетте) ол жиырма жасқа дейін олай етуге тәуекел етуі неғайбыл. Шын
мәнінде, жас адам әлем азаматы ретінде өзінің қабілетін және әйелдің қабілетін тым жас
кезінде де іске асыра алғанымен, мемлекеттің азаматы ретінде ол өзінің әйелі мен өз
баласын әлі көпке дейін асырай алмайтын жағдайда болады. — Ол әйелімен бірге үй
болып кету үшін белгілі бір кәсіпті үйреніп, өзіне қаражат табуы керек, ал қоғамның
білімі жоғарылау топтарында тек жиырма беске толғаннан кейін ғана оның өз міндетін
атқара алатындай дәрежеге жетуі жиі кездеседі. — Ол өзінің осы еріксіз әрі табиғатына
қарсы ұстамды болған жылдарын неге жұмсады екен? Әдепсіз істерден басқа ештеңеге
жұмсай алмаған шығар.
В
Тектің жалпы [өмірінде] адамзатты игілендіретін мәдениет ретіндегі ғылымға деген
талпыныс [жеке адамның] өмір ұзақтығына сәйкес келмейді. Ғалым мәдениет саласында
оны өзі кеңейте алатын дәрежеге жеткен кезінде өмірден кетеді де, оның орнын әліппеден
бастап, ғылымда дәл осындай ілгері қадам жасағаннан кейін, өмірінің соңында, өзгелерге
ұстазы сияқты орын беруге таныс болатын шәкірті басады. — Егер Архимед, Ньютән
немесе Лавуазье өз ынталарымен және таланттарымен, күш қуатынан айрылмай,
табиғаттан тағы бір ғасыр өмір алғанда, қаншама білім, қаншама жаңа әдіс жинақталған
болар еді? Бірақ қазіргі кезде адамзаттың ғылымдардағы (уақыт бойынша) алға жылжуы
ылғи да үзінділі (түрінде ғана) қана, және мемлекеттік құрылысты жоятын варварлықтың
араласуынан үнемі туындап отыратын кері кету қауіпінен ешқандай кепілдік жоқ.
С
Осы сияқты адамзат баласының, сірә, бақытқа қатысты да өзінің міндетін орындауы
шамалы болар, бақытқа ұмтылуға адамды әрқашан оның табиғаты итермелейді, ал зердесі
оны бақытты болуға лайықтылық, яғни, адамгершілік шартымен шектейді. Жан-Жак
Руссоның адамзат өзінің табиғи қалпынан шығуына мүмкіндік беретін жабыңқы (солғын)
бейнесін сол қалыпқа қайта оралып, орманда тұру керек деуін кеңес ретінде қабылдауға
болмайды; бұл Руссоның шынайы көзқарасы емес; ол бар болғаны біздің тегіміз үшін өз
міндетіне үнемі жақындай түсу жолына шығудың қандай қиын екендігін атап өткісі
келген; бұл қиындықты ойлап табудың керегі жоқ: көне және жаңа заман тәжірибесі ол
туралы ойланған әрбір адамның осы мәселе жөніндегі ойын сан-саққа жүгіртеді, және
біздің тегіміздің жағдайы жақсаратын кез туар ма екен деген күмән туғызады.
Руссоның: 1) күші азайғандықтан, біздің тегіміздің табиғи жағдайдан мәдениет жағдайына
өтуі; 2) теңсіздік және өзара бір-бірін қанаушылықтан туындаған өркениеттілік және 3)
табиғатқа қарсы тәрбие және ойлау салтының бұрмалануы нәтижесіндегі алдамшы
моральдандыру келтіретін зиян туралы үш шығармасы, — бізге табиғи жағдайды бейкүнә
жағдай (оған қайтып оралуға бізге жұмақтың от қылышты күзетшісі кедергі жасап тұрған)
сияқтандырып көрсететін осы үш еңбек тек қана оның "Қоғамдық келісім - шартына",
оның "Эмиліне" және оның "Савойя викарийіне" біздің тұқымымыз өз кінәсынан өзі
адасқан жамандық құрсауынан шығуы үшін жол көрсетуі керек. — Руссо шын мәнінде
адамның өзінің табиғи жағдайына қайта оралуын қаламаған; ол адамның өзінің бүгінгі