Қазақстанның ашық кітапханасы
айту әділетсіздік болар еді, себебі ондай жағдайда жамандық шайтанның ісі болар еді;
бірақ адам ешқашан өзінің жамандығын қолдамайды, сондықтан да принциптен
туындаған жамандық болмайды, ол тек қана принциптерге көңіл болмаудан туындайды.
Сонымен, егер мінезге қатысты түпкі тұжырымдар, мегативті берілсе бәрінен дұрысы сол
болады:
a. Әдейілеп өтірік айтпау, сондықтан да өз сөзінде тұрмайды деген жаманатқа қалмау
үшін, байқап сөйлеу керек.
b. Тілектес болып көріну үшін көзіне мақтамау, сырттай і ас болу.
c. Өзіңнің (өз еркіңмен берген) уәдеңді ешқашан бұзбау керек; оған: достық тіпті
тыйылғаннан соң да оны ұмытпау керек, және кейіннен өзгенің бұрынғы сенімі мен
ашықтығын асыра пайдаланбау да жатады.
d. Ойы жаман адаммен ешқашан достық қатынаста болмай, noscitur ex socio etc. деген
сөзді жадыңызда сақтап, тек жұмыс бабымен ғана болатын қарым-қатынаспен шектелу.
e. Өзгелердің жамандықты көздеп айтқан үстірт пікірлерінен туындайтын бос сөзге
ешқашан назар аудармау керек, себебі оның өзі осалдықты білдіреді; сонымен қатар
өткінші әрі құбылмалы сәнге қарсы болудан қорықпау керек; ал егер де ол қандай да бір
ықпал ететіндей жағдайда болса, оның қағидаларын тым болмағанда адамгершілікке
таратпау қажет.
Өзінің ойлау жүйесінде өзінде мінез бар екендігін ұғынатын адам ол мінезді табиғаттан
алмайды, ылғида да өмір барысында ие болуы керек. Тіпті адамның өз мінезін қайта тууы
ретінде бекітуі оның өзіне берген серт салтанаты іспеттес және осы оқиға мен оқиға
болған сәтті оның өзі үшін өзгеріс пайда болған жаңа дәуір ретінде ұмытылмас етеді деуге
де болады. Тәрбие, үлгі және айтылған ақыл бұл табандылық пен қағидаларға беріктікті
жалпы бірте-бірте емес, инстинкттің неғайбыл күйінен шаршаудан соң пайда болатын
жарысы жолымен дерлік, аяқ астынан туындата алады. Бәлкім, бұл төңкерісті отыз
жасына дейін басынан кешкен адамдар көп емес болар, ал оны қырық жасқа дейін іске
асырған адамдар одан да аз. — Бірте-бірте жақсырақ болуға тырысу — бос әрекет, себебі
бір әсер жөнінде ойлаған кезде екіншісі жойылып отырады; ал мінезді бекіту дегеніміз —
жалпы өмір салтының ішкі принципінің абсолютті бірлігі болып табылады. — Сонымен
қатар, ақындарда мінез болмайды, мысалы, олар қайсыбір қисынды өткір сөзден бас
тартудың орнына жақын досын ренжітуге бар деген пікір бар; неше түрлі тәртіпке
бейімделуге міндетті сарай қызметкерлерінен мінез табамын деудің қажеті жоқ деп те;
аспандағы құдайға да, жердегі қожайындарға да бірқалыпты күйде қызмет етуге тиіс діни
қызметкерлердің мінезі солқылдақ деп те; сондықтан да ішкі (моральдық) мінезге ие болу
дегеніміз — тек қана жақсы ниет және сондай болып қала бермек деп те айтады. Бірақ,
мүмкін, бұған философтар кінәлі шығар, себебі олар ешқашан бұл ұғымды бөлек алып,
түсінікті етіп түсіндірмей, ізгілікті үзінділер түрінде көрсеткенімен, оның тамаша біртұтас
бейнесін, барлық адамдар үшін тартымды етіп көрсетуге талпынбаған.
Бір сөзбен айтқанда, адамның өзінің алдындағы іштей мойындауындағы және сонымен
қатар кез келген адаммен қарым қатынасындағы шыншылдығы, егер ол жоғарғы максима
болса — адамның өз мінезі бар екендігінің жалғыз ғана дәлелі осы; ал ондай мінезге ие
болу — саналы адамнан кем дегенде талап етуге болатын нәрсе және де сонымен катар
оның өзінің ішкі ең жоғарғы құндылығы (адамгершілік абыройының) болғандықтан,