Қазақстанның ашық кітапханасы
Адам туралы әншейін ғана, оның мінезі бар деу — ол туралы өте көп нәрсе айту ғана емес,
оны өте көп мақтау деген сөз, себебі бұл басқа адамдардың құрметін тудырып және
оларды таң қалдыратын сирек кездесетін жағдай.
Егер бұл сөздің астарында жалпы, сол адамда жаман болсын, жақсы болсын, сөзсіз бар
қасиеттерді түсінсе, онда әдетте ол адамның мінезі анандай не мынандай деп қосып
айтады да, бұл сөзбен оның сезіну тәсілін білдіреді. Бірақ жай ғана мінезге ие болу деген
сөз — субъект өз зердесімен өзі үшін өзгермейтін нәрсе деп белгілеген нақты
практикалық принциптерді өзі үшін міндетті қылатын ерік қасиетіне ие деген сөз. Ол
принциптер кейде жалған және қате болса да, дегенмен, жалпы еріктегі формалды, атап
айтқанда, (әрлі-берлі ұша беретін топ-топ сары масаға ұқсамай) қатаң принциптерге
сәйкес әрекет ету [ережесі] құнды және таңдануға тұрарлық нәрсе, сондықтан да ол сирек
кездеседі.
Бұл жердегі басты мәселе адамнан табиғаттың не жасайтындығы емес, адамның өзі өзінен
не жасайтындығы, себебі біріншісі темпераментке жатады (және де субъект көбінесе
массивті болады), ал тек екіншісі ғана оның мінезі бар екендігін көрсетеді.
Адамның жақсы және пайдалы барлық басқа қасиеттерінің соншалықты пайда әкелетін
өзге қасиеттерге айырбастауға болатын өз құны бар; дарынның нарықтық құны болады,
себебі билеуші немесе жер иеленуші ондай адамды әр қилы пайдалана алады; —
темпераменттің аффективті құны бар, себебі ондай адаммен жақсы әңгімелесіп, уақытты
қызықты өткізуге болады; бірақ мінездің кез келген құннан артық (тұрған) ішкі
құндылығы бар.
Тек қана адамның мінезінің болуынан немесе болмауынан
келіп шығатын қасиеттер туралы
Еліктегіштің (адамгершілік саласындағы) мінезі болмайды, себебі мінездің өзі ойлау
жүйесінің ерекшеліктерінен тұрады. Адам оны өз әрекеттерінің өзі тапқан бастауларынан
алады. Бірақ бұл саналы адам қыңыр болуы керек дегенді білдірмейді; және де ол ондай
болмайды да, себебі әркім үшін маңызы бар принциптерге сүйенеді. Ал еліктегіш болса,
маймыл сияқты мінезі бар адамның іс - қылықтарын ойсыз қайталайды. Темпераменттен
[туындайтын] мейрімділік — мінез қасиеті емес, акварельмен салынған сурет. Бірақ мінез
қасиетін карикатура түрінде көрсету — шынайы мінезі бар адамды басыну және оның
қасиетін таптау: ол адам әдетке (сәнге) айналған жаман істерге араласпайды, сондықтан да
оны қыңыр қылып көрсетеді.
2. Бірақта, темперамент қасиеті ретіндегі жамандық мінезі жоқ адамның темпераментінен
туындаған ізгілік сияқты нашар нәрсе емес, себебі ондай жамандықты мінездің арқасында
жеңуге болады. — Тіпті (Сулла сияқты) мінезі жаман адамның да өзінің қатаң
максималарына сүйене отырып істеген зорлық зомбылықтары жиіркеніш сезімін
туғызғанымен, оның да таң қалдырарлық кездері болады; тура сол сияқты рухтың күші
рух ізгілігімен салыстырғанда, бұл екі [қасиет] шынайы өмірден гөрі идеалда көбірек
кездесетін құбылысты, атап айтқанда, рух ұлылығын көрсету үшін бір субъектіде бірге
болуы керек болғанымен, рух күші тандану сезімін тудырады.
3. Өз мақсатын [орындаудағы] табандылық, қайсарлық (Карл XII сияқты) мінез үшін өте
пайдалы табиғи қасиеттер болғанымен, дегенмен олар нақты мінезді тіптен де құрай
алмайды, себебі ол үшін зерде мен моральдық - практикалық принциптерден шығатын
максималар қажет. Сондықтан: мына адамның жамандығы — оның мінезінің қасиеті деп