Қазақстанның ашық кітапханасы
себебін көрсету үшін қызмет етпейді; ол оларды тек бақылау үстіндегі әсерлерге [адамға
жасалатын] сәйкес жүйелеу үшін қызмет етеді, себебі бұл жерде қанның қандай химиялық
қоспасына байланысты темпераменттің қандай қасиетінің қалай аталатындығын алдын ала
білудің қажеті жоқ, ал бұл жерде адамды зерттеген кезде, ерекше топтың оған лайықты
бөлімін көрсету үшін, қандай сезімдер мен қабілеттер салыстырылатындығы [ғана
көзделеді].
Демек, темпераменттер туралы ілімді негізінен: сезім темпераменттеріне және әрекет
темпераменттеріне болу керек; өз кезегінде олар екі түрге бөлініп, (барлығы) торт
темперамент болады. — Сезім темпераменттеріне мен мыналарды жатқызамын: А)
сангвиниктік және В) оған қарама - қарсы — меланхолиялық темперамент. — Біріншісінің
ерекшелігі сезімге жылдам әрі қатты әсер етіліп, бірақ сезімнің терең болмайтындығында
(яғни ұзақ уақытқа созылмайтындығында); ал екінші темперамент сезім оншалықты
айқын болмаса да, оның тамыры тереңге кетеді. Сезім темпераменттерінің
айырмашылығы көңілділік немесе көңілсіздікке бейімділікте емес, дәл осы жоғарыда
айтқанымыз деп білу керек. Расында, сангвиниктің жеңілтектігі жайдарлылыққа, ал сезім
жайлы терең ойға шому, мұңға жетелемегенімен де, шат көңілдің жылдам құбылуын
азайтады. — Алайда біздің еркіміздегі кез келген өзгеріс жанымызға жалпы дауа болып,
оны шындай түсетіндіктен, өзінің басынан кешкендерінің бәрін жеңіл көтеретін адамдар,
өмірлік талпыныстарына тежеу болатын сезімдерге көп көңіл бөлетін адамдардан, ақылды
болмаған күнде де, бақыттырақ екені даусыз.
I
Сезім темпераменттері
А
Мінезі жайдары адамның
сангвиниктік темпераменті
(les Leichtblutigen)
Сангвиниктің қалай сезінетінін мыналардан байқап білуге болады. Ол бейғам, үміті мол
адам; ол кез келген нәрсеге кірпік қаққанша үлкен мән берсе, ал бір минуттан соң -ақ ол
нәрсе ойынан шығып та кетеді. Ол шын уәде береді, бірақ сөзінде тұрмайды, себебі оған
дейін сөзінде тұра алатын - тұра алмайтындығы туралы терең ойланбайды. Ол өзгеге
көмегін тигізе алатындай мейірімді адам, бірақ ол қарыз беруге сенімсіз адам және үнемі
алған қарызының мерзімін ұзартуды сұрайды. Ол әңгімеқой, күліп-ойнап, шаттанып,
өмірдегі ешнәрсеге мәз көңіл бөлмеуге бар (vive la bagatelle!), және оған адамдардың бәрі
дос. Әдетте ол жаман адам емес, бірақ оңайлықпен түзелмейтін күнәкар. Әрине, ол қатты
өкініш, кешірім сұрауға бар, бірақ өзінің ешқашан күйінішке айналмайтын өкінішін тез
арада ұмытып кетеді. Жұмыс оны тез қажытады, ал шын мәнінде тек ойын ғана болып
табылатын нәрселермен талмай айналысады, себебі ойын үнемі өзгерістермен
байланысты, ал шыдамдылық — оның қолынан келмейтін нәрсе.
В
Мінезі жабыңқы адамның меланхолиялық темпераменті
(des Schwerblutigen)