Page 32 - ӘЛЕМДІК ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МҰРА. ПРАГМАТИКАЛЫҚ ТҰРҒЫДАҒЫ АНТРОПОЛО

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
(практикалық салаға) ненің жататындығын сипаттағанда ерекшелігін тавтологияға
ұрынбай а) жаратылысындағы немесе табиғи қабілеттеріне, Ь) темпераментке немесе
сезіну тәсіліне және с) жай мінезге немесе ойлау жүйесіне бөлуге болады. — Алғашқы ең
қабілеті адамнан не жасауға болатынын, ал екіншісі (моральдық) оның өзінің өзінен не
жасауға дайын екендігін көрсетеді.
I
Табиғи тума қабілеттер туралы
Адам туралы оның жаны мейірімді дегенде ол адам қыңыр емес, мінезі жұмсақ, тіптен
кейде кейіген жағдайда да, ашуы тез қайтып, ешкімге қарсы кек ұстамайтын адам
(негативті түрде мейірімді адам) дегеніміз. — Ал ол адам туралы жүрегі мейірімді деу,
жүректе сезімге қатысты болғанымен, ауқымдырақ ойды білдіру болып табылады. Іске
асқанда иринциптерге сәйкес болмаса да, жүрек мейрімділігі іс жүзіндегі жақсылыққа
талпыныс, сондықтан мейірімді адамдар мен жүрегі адал адамдар — жылпос адам өзіне
керегінше пайдалана алатын адамдар. — Міне, сондықтан да табиғи қабілеттер
(объективті түрде), өмір іштей сезімде ғана, емес сырттай әрекетте де, бірақ сезімділіктің
негізінде ғана көрініс тапқан кездегі қалау қабілетіне қарағанда, (субъективті түрде)
қанағаттану немесе қанағаттанбау сезімімен, бір адамға екінші адам қалай ықпал
ететіндігімен көбірек істес болады (және де мұнда қабілеттер белгілі бір сипатқа ие болуы
мүмкін). Дәл осы қатынаста темперамент те болады, оны әдеттегі (дағдыдан шыққан)
ықыластан ажырата білу керек, өйткені соңғысының негізінде табиғи, қабілеттер емес, тек
кездейсоқ себептер жатыр.
II
Темперамент туралы
Физиологиялық тұрғыдан темперамент туралы сөз болғанда, адамның дене құрылысы
(әлсіз немесе мықты дене бітімі) мен комплекциясын (өмір қуатымен денеде заңдылыққа
сай қозғалыста болатын сұйық, оған осы нәрді өңдеу кезіндегі суық пен жылуды да
жатқызады) айтады.
Бірақ психологиялық тұрғыдан, яғни жанның темперамент! ретінде (сезім мен тілеу
қабілеттері), қанның қасиеттеріне қатысты бұл сөздер сезім мен тілеудің ойынының дене
қозғалысының себептеріне (олардың ішінде ең бастысы қан) ұқсастығына қарай ғана
анықталған.
Сонымен біз әдетте тек жанға ғана телитін темпераменттердің адамның тәнінде де
жасырын, қосалқы себептері болатынын білдік; әрі қарай, біріншіден, оларды негізінен
сезім темпераменттері мен әрекет темпераменттеріне бөлуге болатындықтан, екіншіден,
олардың әрқайсысы өмірлік қуатты күшейтуге (intensio) немесе әлсіретуге (remissio)
байланысты болатындықтан, (medius terminus арқылы силлогистік фигура ретінде) тек
төрт қарапайым темпераментті ғана анықтауға болады, олар: сангвиниктік,
меланхолиялық, холериктік және флегматикалық темпераменттер. Сонда бұрынғы [бөлу]
түрлерін сақтауға болады және темпераменттер туралы осы ілімнің рухына сәйкес
неғұрлым ыңғайлы түсіндірме жасауға болады.
Енді бұл жерде қан қасиеті ұғымы сұйықтықтар патологиясы бойынша бола ма, әлде нерві
патологиясы бойынша бола ма, бәрібір, сезімдік әсерлер етілген адамдағы құбылыстардың