Page 31 - ӘЛЕМДІК ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МҰРА. ПРАГМАТИКАЛЫҚ ТҰРҒЫДАҒЫ АНТРОПОЛО

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
ұштасатын ақымақтықты (онда ол есалаңдық деп аталады) біздің адамзаттың моральдық
физиогномикасынан (тұрпатынан) көрмеуге болмайтындықтан, әрбір ақылды адамның өз
ойларының көбін жасырып қалуды қажет деп табуының өзінен біздің нәсілдегі әрбір адам
сақ болып, өзінің шынында қандай екендігін толығымен көрсетпеуді дұрыс деп
есептейтіні анық болады; ал бұның өзі біздің тегіміздің бірін-бірі жек көруге бейім
екендігінің куәсі болады.
Басқа бір планетада тек айқайлап қана ойлай алатын, яғни, өңінде де, түсінде де, қоғамда
да, адамдар мен болғанда болсын, жалғыз өзі болғанда болсын бәрібір дереу айтпай тұра
алмайтын ойлары болмайтын саналы тіршілік иелері бар болуы әбден мүмкін. Бұл
олардың бізден адамзат баласынан ерекше, бір-біріне қатысты қандай іс - істеулеріне
апарып соғар еді? Егер олардың бәрі періштедей пәк болмаса, бір-бірімен қалай сыйысып,
қалай бір-бірін сыйлап, өзара тіл табысатындығын айту қиын. — Демек, адамның ең
алғашқы кездегі мінезіне және оның тегінің ұғымына өзгелердің ойын біліп алып, бірақ өз
ойын жасырып қалуға [құштарлық] тән болады; бұл сүйкімді қасиеттің бірте-бірте
қулықтан әдейі алдауға, және ең ақырында өтірікке айналмауы мүмкін емес еді. Егер дәл
осы кінә қойған пікір біздің бойымыздағы моральдық қабілеттер туралы, зерденің пайда
болғаннан бар талабы, бұл бейімділікке қарсы түру, демек, адамзатты жаман емес, әр
түрлі кедергілерден өтіп, жамандықтан жақсылыққа қарай және үнемі алға ұмтылатын
саналы тіршілік иелері ретінде бейнелеу талабы туралы айғақтамаса, онда бұл біздің
адамзаттың карикатуралық бейнесін беріп, оны зілсіз келекелеуді ғана емес, оның мінезіне
деген жиіркенішті де, сонымен қатар бұл саналы тіршілік иелерінің нәсілі әлемде (бізге
бейтаныс) басқа тіршілік иелерінің арасында құрметке ие болуға лайық емес деген ойды
да растайтын еді; және де бұл орайда оның еркі жалпы алғанда ізгі, бірақ осы ерікті іске
асыру, мақсатқа жеке адамдардың ерікті келісімімен емес, жер бетіндегі азаматтардың
[біздің] тегіміздің ішінде, және космополиттік негізде біріктірілген жүйе ретіндегі тегіміз
үшін барған сайын күшейе түсетін ұйымдасуы арқылы ғана жетуге болатындығымен
күрделілене түседі.
Екінші бөлім
АНТРОПОЛОГИЯЛЫҚ МІНЕЗДЕМЕ
АДАМНЫҢ ІШКІ (КҮЙІН) СЫРТҚЫДАН
ТАНУ ЖОЛЫ ТУРАЛЫ
Бөлу
1)
Тұлға мінезі, 2) Жыныс мінезі, 3) Халық мінезі, 4) тек мінезі.
2)
А
Тұлға мінезі
Белгілер туралы жалпы, табиғи (азаматтық емес) ілім (semiotica universalis) прагматикалық
тұрғыда мінез сөзін екі түрлі мағынада қолданады, себебі кейде: ол адамның (табиғи)
мінезі анандай немесе мынандай дейді, ал кейде: оның мінезі (моральдық) жалпы бір түрлі
дейді, ал ол болса, біреу ғана немесе тіпті де мінез емес болуы мүмкін. Біріншісі —
сезіммен қабылданатын яки табиғи тіршілік иесі ретіндегі адамды ерекшелейтін белгі;
екіншісі — еркіндікке ие болған, саналы тіршілік иесі ретіндегі адамды ерекшелейтін
белгі. Ол принциптері бар адам, оның инстинктінен емес, еркінен не күтуге болатыны
анық белгілі болатын мінезі бар адам. — Міне, сондықтан да оның тілеу қабілетіне