Page 3 - ӘЛЕМДІК ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МҰРА. ПРАГМАТИКАЛЫҚ ТҰРҒЫДАҒЫ АНТРОПОЛО

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
бір жағынан, әлі қулық - сұмдықты үйренбеген оның барлық қате қылықтарының
бейкүнәлігі мен тазалығынан, екінші жағынан — ең бақытты сәт - ойнайтын уақытында,
бүкіл жан-дүниесімен біреудің ырқына толықтай көне беретін кішкентай ғана жан иесіне
күтушінің қолдау тәрбие қайырымдылық жасауға шынайы бейімділігінен деу керек; және
де осы бақытты балғын шаққа қайта оралғандай болған тәрбиеші де сол балғын шақтың
тәттілігін толығымен тағы бір сезінеді.
Дегенмен, адамның өзінің балалық шағы туралы естеліктері бұл сәби кезге тіптен жете
алмайды, себебі ол кез тәжірибе кезі емес, объект ұғымына жинақталмаған үзік - үзік
қабылдаулар кезі.
Эгоизм туралы
§ 2. Адам өз атынан сөйлей бастаған күннен бастап, ол мүмкін болған жердің бәрінде
өзінің сүйікті Менің (Selbst) көрсетіп, бекіте бастайды да, эгоизм ашық түрде болмаса (бұл
жерде оған басқа адамдардың эгоизмі қарсы тұр ғой), онда жасырын түрде жанкешті
болып көрінумен және жасанды қарапайымдылықпен өзгелерге жақсы көріну арқылы
үдей дамиды.
Эгоизмнің үш түрлі орынсыз дәмесі болады: пайым, талғам және практикалық қызығу
дәмелері, яғни логикалық немесе эстетикалық не практикалық болады.
Логикалық эгоист өз пікірін басқалардың ой елегінен өткізіп тексеруді артық деп санайды,
бұл сын тас (пробный камень) (criterium veritatis externum) оған мүлдем қажетсіз сияқты.
Бірақ біздің пікіріміздің дұрыстығына сенім беретін осы құралсыз іс тындыра
алмайтындығымыздың ақиқаттығы соншалықты — бәлкім, ғалымдар қауымының
баспасөз бостандығын табанды да қатаң түрде талап етуінің ең басты себебі дәл осында
жатқан шығар; мәселе мынада, егер бізге пікір айтуға еркіндік бермесе, онда бізді өз
пікіріміздің дұрыс - бұрыстығын тексерудің сенімді құралынан айырып, қателесуге
итермелейді. Тым болмағанда математика өзінің толық билігі негізінде шешім қабылдау
артықшылығына ие демей-ақ қойсын, себебі егер математиктің пікірі осы салада еңбек
ететін дарынды да ыждағатты басқа адамдардың пікіріне толық сәйкес келмесе, қалай
болғанда да қателесіп кету қаупі болар еді. — Біздің тіпті өз сезімдерімізге де сенбейтін
— мысалы, құлағымыз шулап тұрғанын немесе шынында да қоңырау шылдырын естіп
тұрғанымызды білмей қалып, өзгелерден оларға осылайша болып тұрған жоқ па деп
сұрауды жөн көретін кездеріміз де болады ғой. Философия мәселелерінде өз пікірімізді
дәлелдеу үшін бізге заңгерлердің құқықтанушылардың пікіріне сілтеме жасағанындай,
өзгелердің пікіріне сілтеуге болмаса да, ізбасарларын таппаған кез келген ойшыл өзінің
ашық айтылған пікірінің маңыздылығына қарамастан, оған сенімсіздік туғызады.
Сондықтан да ортақ пікірге, тіпті зерделі адамдардың пікіріне қайшы келетін пікірді ел
алдында ашық айту қауіпті. Эгоизмнің бұндай белгісі парадоксалдылық деп аталады. Бұл
жерде батылдық пікірдің қате болуы мүмкін екендігінде емес, оны мойындайтын
адамдардың саны аз болуы мүмкін екендігінде ғана. Парадокстарға құмарлық - әрине, бұл
кім болса да, өзге адамға еліктемегісі келмегенінен емес, елден ерекше көрінуге
тырысудан шығатын логикалық қыңырлық (Eigensinn), алайда ондай адам көбінесе өзін
тек қана дарақы етіп қана көрсетеді. Дегенмен, әрбір адамның өзінің жеке - дара пікірі
(seinen eigenen Sinn) болып, оны көрсете білуі керек болғандықтан (Si omnes patres sic, at
ego non sic. Abaelard), бір нәрсемен болса да елден ерекшеленуге тырысуға негізделмеген
парадоксалдылыққа тағылған кінәда ешқандай жағымсыз астар жоқ. — Парадоксқа ортақ
пікірден қолдау табатын тривиалдылық қарсы болады. Бірақ тривиалды болғанда, біздің