Қазақстанның ашық кітапханасы
Әр түрлі нәсілдерді қосу кезінде табиғат ұқсастыруға талпынса, бұл жерде ол оның
орнына бұған мүлдем қарама - қарсы нәрсені заңға айналдырады, атап айтқанда: бір
нәсілдің бір халқында (мысалы, ақ нәсілділерде) оларды қалыптастыру кезінде олардың
мінездерін барған сайын, бір-біріне бірте - бірте жақындатудың орнына, — бұл жағдайда
ақыр соңында бір гравюраның бірнеше көшірмесі сияқты бір-ақ портрет шығатын еді, —
табиғат сол бір халықтың, және тіпті бір отбасының ішінде дене және рухани жағынан
шексіз әр алуандыққа талпынады. - Әрине, бала күтушілер ата - ананың біріне жағыну
үшін: баланың мына жері әкесіне, ал мына жері анасына тартқан деп айтады; бірақ бұл
дұрыс болса, онда адам бейнесінің барлық формалары әлдеқашан да таусылар еді, және де
[некелік] байланыстардағы өсімталдық индивидтердің әртектілігінің арқасында қайтадан
басталып отыратындықтан, әрі қарай көбею әлдеқашан тоқтар еді. — Мәселен, шаштың
күлгін түсі (cendrae) ешқашан брюнет (қара шашты) ер адам мен блондин (сары шашты)
әйелдің қосылуынан пайда болмайды, ол ерекше туыстық ұқсастықты білдіреді;
табиғаттың қоры мол және оның дүниеге онда болған адамды қайта жібермеу үшін,
дайындап қойған формалары жетерлік. Алайда, [ерлі-зайыптылар арасындағы] жақын
туыстық бедеулікке апарып соғатындығы жалпыға аян.
Е
Тек мінезі
Қандай да бір тіршілік иелерінің тектік мінезін көрсету үшін, олардың бізге белгілі басқа
тіршілік иелерімен бірге бір ұғыммен қамтылуы және олардың бір-бірінен
айырмашылығы, оларды айыру үшін қажетті ерекшелік(proprietas) ретінде беріліп,
қолданылуы керек. — Бірақ біз өзіміз білетін тіршілік иелерінің бір түрін (А) өзіміз
білмейтін тіршілік иелерінің басқа түрімен (поп А) салыстыратын болсақ, егер бізде
салыстыру (tertium comparationis) үшін орта ұғым (к ) маса, бізден алғашқысынан мінезін
көрсетуді қалай күтуге немесе талап етуге болады? — Ең жоғарғы тектік ұғым жер
бетінде өмір сүретін саналы тіршілік иесі ұғымы болсын, бірақ онда біз оның мінезін
анықтай алмаймыз, себебі, біз жер бетінде өмір сүрмейтін саналы тіршілік иесінің
ерекшелігін көрсетіп, сол арқылы жалпы саналы тіршілік иелері ішінен жер бетіндегі
тіршілік иесін сипаттау үшін, ол туралы ештеңе білмейміз. — Сонымен, адамзат мінезін
көрсету міндеті шешімі табылмайтын міндет болып тұр той, өйткені, оны тәжірибеге
сүйене отырып, саналы тіршілік иелерінің екі түрін салыстыру арқылы шешуге болар еді,
ал тәжірибе мұндай салыстыруды мүмкін етпейді.
Демек, адамға оның тірі табиғат жүйесіндегі орнын көрсету және осылайша оны сипаттау
үшін, бізге оның өзі - өзінің алдына қойған мақсаттарына сәйкес жетіле алатын - дықтан,
өзі үшін өзі жасаған мінезі бар екендігін айтудан басқа ештеңе қалмайды; сонысымен ол
санасы болу қабілетіне ие хайуан (animal rationabile) ретінде өзінен саналы хайуан (animal
rationale) жасай алады; бұл жағдайда ол, біріншіден, өзін және өзі жататын түрді сақтайды,
екіншіден, оны жаттықтырады, және үй қауымдастығында болуға үйретіп тәрбиелейді,
үшіншіден, оны жүйелі (зерде принциптері бойынша ұйымдасқан) және қоғам болуға
лайықты тұтас ретінде басқарады; алайда, бұл орайда жалпы жер бетінде болуы мүмкін
саналы тіршілік иелері идеясымен салыстырғанда, адамзатқа тән сипат мынадай: табиғат
оның негізіне дау - талас дәнін салып, оның өз зердесі осы дау - таластан келісімге, ең
болмағанда идея түрінде болса да, мақсат болып табылатын оған қарай үнемі жақындай
түсуге қол жеткізгенін қалаған, бірақ шын мәнінде біріншісі (дау - талас) табиғаттың
бастапқы ойында адамды өмір қызығынан айыру құнымен болса да, мәдениеттің дамуы
арқылы оны жетілдірудің бізге беймәлім ең биік даналық құралы болып табылады.