Қазақстанның ашық кітапханасы
және жоғары мәртебелі, асыл текті және т.б.) ойлап табуда таусылмас тапқырлыққа ие
және, осылайша, таза педантизмінен ғана өзін төмен ұстайды; осының бәрін герман
империясының мемлекеттік құрылым формасының есебіне жатқызуға болады; бірақ бұл
орайда осы педанттық форманың өзінің немістердің ұлттық рухынан және билік құруы
тиіс адамдар бағынуы тиіс адамдар арасында әрбір сатысы өзіне тән (беделдің ерекше
дәрежесімен белгіленетін тұтас баспалдақ ою сияқты табиғи бейімділігінен
шығатындығын атап өтпеуге болмайды; және ешбір табысы да, оған қоса атақ - дәрежесі
де жоқ адам, олардың айтуынша, мүсәпір болып табылады; бұл, әрине, атақ-дәрежелерді
үлестіруші мемлекет үшін бірдеңе береді, бірақ, осыған қарамастан, қол астындағылардың
өзгелердің беделін шектеуге талпынысын туғызады, а л бұл басқа халықтарға күлкілі
болып көрінуі тиіс және шын мәніңде тұтасты бір ұғыммен қамту үшін, ұсақшылдық және
әдістемелік шек қоюды қажетсіну сияқты, туа біткен таланттың шектеулілігін көрсетеді.
***
Дамуға дайын табиғи қасиеттер туралы нақты ұғым үшін Ресей әлі, ал Польша енді қажет
болмайды; Еуропалық Түркия ұлттары болса, белгілі бір халықтық мінезді ұғыну үшін
ешқашан қажет болған да емес, болмайды да; сондықтан да олардың [мінезін] сипаттауды
бұл жерде мүлдем қалдырып кетуімізге де болады.
Бұл жерде әңгіме жалпы ұлттың жүре жинақтаған жасанды (немесе бүлінген) қасиеттері
туралы емес, туа біткен, табиғи, былайша айтқанда, адамдардың қанына сіңген мінезі
туралы болып отырғандықтан, оларды сипаттау кезінде кеп сақтық қажет. Түріктердің
қатаң болғанында және одан кем түспейтін ездерінің монахтарының боданында болған
іректердің дене бітімі, бет-әлпеті мен түрі сақталғаны сияқты, олардың сезімтал
(қағілездігі мен жеңілтектігі) мінезі де жоғалмаған; сондай-ақ олардың бәлкім, сәтті
жағдайлардың арқасында дін мен билік құру формасы оларға қайтадан қалпына келуге
мүмкіндік берген кезде бұл ерекшелік олардың іс-әрекеттерінен қайта көрінер еді. — Тағы
басқа бір христиан халқы — армяндарда ерекше бір рух басым, атап айтқанда: олар Қытай
шекарасынан Гвиней жағалауындағы Корсо мүйісіне дейін жаяу саяхаттап жүріп,
айырбаспен айналысады; бұл солтүстік-шығыстан оңтүстік - батысқа қарай бүкіл Көне
Әлемді басып өтіп, жолында кезіккен барлық халықтардың ықыласпен қабылдауына қол
жеткізе білген осы ақылды да еңбекқор халықтың ерекше тегіне меңзейді; бұл олардың
(біз қалыптасуының басталу кезін енді зерттей алмайтын) мінезінің қазіргі гректердің
жеңілтек те, жағымпаз мінезімен салыстырғанда басымдылығын көрсетеді. — Әр түрлі
алдамшы адамсүйгіштікке қарамастан, халықтардың мінездерін бірте-бірте жоятын
олардың ауқымды жаулап алу кездерінде араласуының адамзат үшін пайдасының аз болу
мүмкіндігінің мол екендігін атап өте аламыз.
D
Нәсіл мінезі
Мен бұл мәселе бойынша оны түсіндіру мен жете тексеру үшін (менің негіздемелеріме
сәйкес) патша сарайының құпия кеңесшісі Гиртаннер мырзаның өзінің еңбегінде тамаша
әрі тиянақты айтып кеткендеріне сілтеме жасай аламын бұл жерде мен тек қана бір нәсіл
ішінде байқауға болатын туыстық ұқсастық пен әр алуандық және түр өзгертушілікке
тоқталып өткім келеді.