Page 22 - ӘЛЕМДІК ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МҰРА. ПРАГМАТИКАЛЫҚ ТҰРҒЫДАҒЫ АНТРОПОЛО

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
адамдарға дастархан жайған кезде, итальяндықтардың салондары өзара дос болуы мүлдем
қажет емес қонақтар бір-бірімен бүгінгі күн жаңалықтарымен бөлісе алатын биржа
іспеттес; және де осы адамдардың тек ең жақын бірнешеуімен ғана үйықтар алдында
ішетін тамағын бірге ішеді. — Олардың жаман жақтары — пышаққа жармасу әдеті,
бандиттер, тасада тұрып кісі өлтіргендердің қасиетті орындарды паналау құқығы,
сбирлердің жеркенішті қызметі т.б., тек бұларды римдіктердің қаны араласқан себепті
болған нәрсе дегеннен гөрі римдіктердің қос басты (екіұшты) билігінен көрген жөн. -
Алайда мен тіптен де бұл кінәлап айтылған сөздер үшін жауап бермеймін, оларды әдетте
өз қоғамынан басқа ешбір қоғамды ұнатуы мүмкін емес ағылшындар таратады.
5. Немістер мінезі жақсы адамдар деген атаққа, атап айтқанда адалдығы және
шаруақорлығымен — жарқырап көрінуге апармайтын қасиеттерімен ерекшеленетін
адамдар деген атаққа ие болған. — Барлық өркениетті халықтардың ішінде неміс өзі оның
билігінің астында өмір сүріп отырған үкіметке бәрінен оңай және бәрінен ұзақ бағынады,
және де бар билікке қарсылық көрсету мен өзгерістерді аңсаудан басқалардың бәрінен
аулақ болады. Олардың мінезі — пайыммен үйлескен флегма, ол орнатылған тәртіпке
қатысты басын ауыртпайды да, жаңасын ойлап табуға да құштар емес. Бірақ сонымен
бірге неміс — барлық жерлерде және барлық климаттарда өмір сүре алатын адам, ол басқа
жерлерге оңай көшіп қонады және оның өз отанына деген қатты сүйіспеншілігі болмайды;
бірақ өзі колонист ретінде барған бөтен жерлерде ол жерлестерімен бірден азаматтық одақ
тәріздес құрылымды құрады, ол құрылым тіл бірлігі және бір жағынан дін бірлігі
арқасында көшіп келгендерді жоғарғы биліктің байсалды әрі әділетті басшылығы астында
басқа халықтардан тазалығымен, адалдығымен және құндылығымен ерекшелейтін аз ғана
халыққа айналдырады. — Тіпті ағылшындар да Солтүстік Америкадағы немістерді осылай
деп мақтайды.
Флегма (бұл сөздің оң мағынасында) салқын қаңды пайым мен өз мақсатына жетудегі
шыдамдылық темпераменті, әрі осыған байланысты қиындықтарға төзу құмарлық
болғандықтан, немістің дұрыс пайымдау дарыны мен оның терең ойлайтын зердесінен,
оның француздар, ағылшындар мен итальяндықтарға жете алмайды деуге болатын сөз
тапқырлығы мен көркем талғампаздығынан басқаны қоспағанда, ең ұлы мәдениетке
қабілеті жететін кез келген басқа халықтан [халық дарынынан] күтуге болатын нәрсені
күтуге болады. — Бұл оның табанды ынта арқасында жетуге болатын және жету үшін
ерекше даналық қажет болмайтын жақсы жағы, бірақ даналық тіптен де немістердің дұрыс
пайымдау дарынымен байланысты ынтасында пайдалы емес. — Немістің күнделікті
өмірдегі өзіне тән қасиеті — оның қарапайымдылығы. Ол бөтен тілдерді кез келген
халықтан көп үйренеді, және де (Робертсонның сөзімен айтқанда білімділігі жағынан ол
көтерме саудагер сияқты, ал ғылым саласында ол кейде ізге бірінші болып түседі, ол ізді
одан кейін улап-шулап жүріп өзгелер ұқсатады; оның ұлттық тәкаппарлығы жоқ,
сондықтан ол космополит болғандықтан өз отанына бауыр басып кетпейді. Бірақ ол
(Босуэлдің пікірінше) өз отанында шетелдіктерді кез келген басқа халықтың
қонақжайлығынан артық қонақжайлықпен қарсы алады; ол өзінің тәртіп пен ережелерге
бейімдігінен кез келген жаңалыққа (әсіресе, өз еркінше билік саласында шығарған
реформаларға) тәуекел еткенше, деспоттық билікке төзетініндей, өз балаларын да қатаң
тәртіпте тәрбиелеп, өнегелікке үйретеді. — Бұл оның жақсы жағы.
Оның жаман жағы — еліктеуге бейімділігі және өзінің ерекшелігі туралы төмен пікірде
болатындығы (бұл орайда ол өзімшіл ағылшынға қарама-қарсы болады), ал ең бастысы —
оның жүйелілікке құмарлығы, өзін және өзге азаматтарды тендікке жақындау принципі
бойынша емес, басым болу мен субординация дәрежесі бойынша педанттық жіктеуге
деген талпынысы; және де бұл ранттер туралы табельде ол атақ-дәрежелерді (мәртебелі