Page 21 - ӘЛЕМДІК ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МҰРА. ПРАГМАТИКАЛЫҚ ТҰРҒЫДАҒЫ АНТРОПОЛО

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
себебінің екі түрі, және де оның біріншісінің көздегені — өзін-өзі сақтау болса,
екіншісінікі — бағындыру, ал қарсы шыққан жағдайда — қарсы жақты жою.
Енді біз басқа халықтардың сипаттамасын кейбір қасиеттері арқылы бере аламыз,
көптеген жағдайларда олардың өздеріне тән ұлттық ерекшеліктерін жоғарыда аталған екі
халықтар туралы сияқты олардың әр түрлі мәдениеттерінің қасиеттерінен емес,
бастапқыда әр түрлі болған тайпалардың араласуы арқылы пайда болған олардың табиғи
қасиеттерінен шығару керек.
3. Шыққан тегі еуропалық және араб (мавритан) қанының араласуында жатқан испандық
өзінің қоғамдағы және жеке өміріне қатысты іс - әрекеттерінде белгілі бір салтанаттылық
көрсетеді; тіпті шаруа да заң бойынша бағынатын басшыларының алдында да өзінің ар-
намысын ұмытпайды.— Испандықтардың тіпті күнделікті әңгімелескендегі grandezza
және сөз шеберлігі олардың ұлттық бекзат паңдығының куәсі. Сондықтан да француздың
орынсыз қылықтарына испандық шыдай алмайды. Ол ұстамды, заңға, әсіресе, өзінің
ежелгі діни заңдарына шын көңілімен бағынатын адам. — Бірақ испандыққа мерекелейтін
күндері (мысалы, пішен ору аяқталған күні) (ән шырқап - би билеп) ойнап күлуіне
байсалдылығы кедергі болмайды; жазғы кеште музыканттар фандангоны ойнаған кезде,
жұмыстан босаған, музыка әуеніне елітіп, көшеде билей бастайтын еңбеккерлер
ешқашанда аз болмайды. — Бұл испандықтардың жақсы жағы.
Осалдау жағы: испандықтар шетелдіктерден ештеңе үйренбейді, өзге халықтармен танысу
үшін саяхаттамайды және ғылымда да өзге халықтардан бірнеше ғасырға кейін қалған;
олар кез келген реформаларға жауыға қарайды және жұмыс істемей отыра алатындығын
мақтаныш тұтады; олардың көңіл-күйі романтикалық сипатта болады, бұқалар сайысы
соның дәлелі; олар қатыгез, бұны бұрынғы аутодафелер дәлелдейді, және де нені
ұнататындығынан олардың шыққан тегінің еуропадан тыс екендігі байқалады.
4.
Итальяндықтарда француздың қызбалығы (көңілділігі) мен испандықтың
байсалдылығы (тұрақтылығы) үйлесін тапқан; оның эстетикалық сипаты — аффект
қосылған талғампаздық, ол итальян Альпісінен көрінген әсем ойпаттардың көрінісінің, бір
жағынан, ерлікке шақыратын, екінші жағынан, саспай тамашалайтын көрініс беретіні
сияқты нәрсе. Олардың темпераменті бұл жерде аралас немесе секірмелі емес (ондай
жағдайда ешқандай мінез де болмайды ғой), бұл жерде сезімталдықтың асқақтыққа деген
ықыласы бар, себебі ол әсемдік сезімімен де үйлесім табады. — Итальяндықтың
мимикасы оның сезімдерінің әсерлі ойынын бейнелейді де, оның бет-әлпетінен көп
нәрсені аңғаруға болады. Оның адвокаттарының сот алдындағы сөйлеген сезімге толы
сөздерінің әсерлілігі сондай, сахнадағы декламацияны естігендей боласың.
Француз қарым-қатынастағы талғамының нәзіктігімен ерекшеленсе, итальяндық көркем
талғампаздығымен ерекшеленеді. Біріншісі жеке адамдардың ойын-сауықтарын жақсы
көрсе, екіншісі — көпшілік қатысқан ойын-сауықтарды: салтанатты шерулерді,
процессияларды, салтанатты спектакльдерді, карнавалдарды, маскарадтарды, қоғамдық
ғимараттардың сән-салтанатын, қыл қаламмен салған суреттерді немесе мозаиканы,
жоғары стильдегі римдік көне ескерткіш заттарды жақсы көреді; ал осының бәрін көргенді
және өзін көпшілікке көрсеткенді жақсы көреді. Ал осымен бірге (өз пайдасын ұмытпау
үшін) ол вексельдерді, банктер мен лотереяларды ойлап тапқан. — Гондольерлер мен
лаццаронилердің мырзаларымен қатынасындағы еркіндік сияқты бұл оның жақсы жағы.
Итальяндықтардың осалдау жақтары: олар, Руссо айтқандай, сән-салтанатты залдарда
әңгіме дүкен құрып, егеу құйрықтың інінде ұйықтайды. Үй иесінің әйелі көптеген