Қазақстанның ашық кітапханасы
Esprit (bon sens сөзінің орнына қолданылатын), frivolite, galanterie, petit maitre, coquette,
etourderie, point d'honneur т.б. сөздерін басқа тілдерге аудару оңай емес, себебі олар,
оларды түсінбек болып отырған адамның түсінігіндегі нәрседен гөрі осы сөздерді
қолданатын халықтың сезімтал мінезінің ерекше қасиеттерін білдіреді.
2. Ағылшын халқы. Ежелгі бриттер
3
(кельт халқының) тайпасы іскер адамдардан құралған
сияқты; бірақ, олардың тілінің аралас - құралас болуы дәлелдейтіндей, немістер мен
француздардың күшпен кіруі (себебі, ол жерде римдіктердің уақытша болуы көзге
түсерлік із қалдыра алмады) бұл халықтың ерекшеліктерін жойып жіберген;
ағылшындарды сыртқы шапқыншылықтан жақсы қорғап қана қоймай, оларды жаулап,
алуларға итермелейтін аралда тұрған жағдайы оларды теңіз саудасын жүргізетін қуатты
халыққа айналдырғандықтан, негізінде ешқандай табиғи мінезі болмаса да, олар өздерін
шынықтыру арқылы жасап алған мінезге ие болған. Демек, ағылшындардың мінезі адам
өзінің мінезін өзі жасауы керек, яғни мінезі бар болып көрінуі керек деген оқу-білім және
алған үлгілері арқылы ерте түсінген қағиданы ғана білдіреді, сонымен қатар өз еркімен
қабылдаған принципті ұстауда табанды болу, белгіленген ережеден (қандай екендігі бәрі
бір) ауытқымау, бұл адамға салмақтылық береді, себебі ол өзгелердің өзінен нені
күтетіндігін және өзгелерден өзі не күтуі керек екендігін анық біледі.
Бәрінен бұл мінездің француз халқының мінезіне қарама - қарсы екендігі, ағылшынның
өзгелерге, тіпті бір-біріне деген кез келген сыпайылықтан (қарым-қатынаста
француздардың ең бір тамаша қасиеті болып табылатын) бас тартып, тек қана құрмет
көрсетуге ғана тырысатындығынан, және де олардың әрқайсысының өз білгенімен өмір
сүргісі келетіндігінен көрінеді. — Өз жерлестері үшін ағылшындар ешбір басқа халықта
жоқ үлкен қайырымдылық мекемелерін ашады. — Бірақ ағылшын топырағына тағдыр
айдап барып қалған және үлкен қиындыққа тап болған шетелдік көң - қоқыр үйіндісінде
өліп қалуы ылғида да мүмкін, себебі ол ағылшын емес, яғни адам емес.
Бірақ өз тапқанын өзі жейтін өз елінде де ағылшын өзін өзгелерден аулақ ұстайды. Ол
ортақ үстелден гөрі соншама ақша жұмсап өз бөлмесінде және де жалғыз өзі тамақтануды
жақсы көреді, себебі бірінші жағдайда одан белгілі бір сыпайылық талап етіледі ғой: шет
елдерде, мысалы, барлық жолдары мен қонақ үйлерін (мысалы, доктор Шарп
4
адам
жеркенгендей деп жамандау үшін ғана баратын Францияда, ағылшындар қонақ үйлерде өз
ортасында, ағылшындардың арасында болу үшін ғана жиналады. — Алайда әдетте
француз ағылшын халқын жақсы көріп, мақтап - мадақтап, құрмет көрсетсе (өз елінен
сыртқа шығып көрмеген) ағылшын негізінде француздарды жек көріп, олардан; бұған
көрші екі елдің бәсекелестігі емес (себебі, бұл жағынан Англия өзін Франциядан даусыз
жоғары тұрған ел деп санайды ғой), көпестерді ең маңызды сословие ретінде көрсетіп,
ағылшын көпестерін ерекше тұйық ететін жалпы саудагерлік рухы кінәлі сияқты. Осы екі
халық мекендейтін теңіз жағалаулары бір біріне жақын болғандықтан — оларды бір-
бірінен (дұрысы теңіз деп атауға болатын) бұғаз ғана бөліп тұрғандықтан, бұл елдердің
бәсекелестігі олардың алауыздығына алуан түрге құбылып тұратын саяси сипат береді:
бір жағында — қауіп болса, екінші жағында —өшпенділік; бұл олардың сыйыспау
3
Профессор Бюш мырза дұрыс жазғанындай (brittanni сөзінен емес, britanni сөзінен туындаған)
4
Жалпы саудагерлік рухының өзі, дворяндар рухы сияқты тұйық болады. Дворянның тұрған жерін басқа
жерлерден көтермелі көпірлер бөлектеп тұрғаны сияқты. Үйді (көпес өзінің кеңсесін осылай атайды)
басқалардан оның іскерлік өрісі бөлектеп тұрады; және бұл жерде кез келген достық қатынастар қымсынбай
сырып тасталынады, егер сөз қамқорлық жасалған адамдар туралы болмаса; алайда олар бұл жағдайда оның
мүшесі деп есептелмейді.