Қазақстанның ашық кітапханасы
максималарын көрсетуге тырысу — тұтас халықтардың әралуан табиғи қасиеттерін жіктеу
зерде принциптеріне сүйенетін философтардан гөрі эмпирикалық зерттейтін географтар
іске асыра алатын зор тәуекелді талап ететін әрекет
***
.
Халықтың мінезі биліктің формасына тәуелді деген пікір — бұл ешқандай негізі жоқ және
ештеңені түсіндірмейтін пікір : шындығында, сол билік түрі өзінің ерекше сипатын қайдан
алды екен? — Климат пен топырақ та мұның сырын аша алмайды: халықтардың тұтастай
көшіп-қонуы сол халықтардың өз мінезін мүлдем өзгертпей, тек қана оны жаңа жағдайға
бейімдеуге тырысатындығын, және де сол жағдайда олардың тілінде, өмір салтында, тіпті
киім киісіңде де әлде де болса олардың шыққан тегінің ізі байқалып, демек, олардың
мінезі де көрініп тұрғандығын дәлелдеп берді. — Мен олардың суретін нобайлап, олардың
жақсы жақтарын оншама көрсетпей, көбінесе олардың кемшіліктері мен ережеден
ауытқуларын (карикатура түрінде болмаса да) көрсетемін: себебі, өтірік мақтау адамдарды
бұзатындығын, ал ұялту оларды жөнге салатындығын былай қойғанда, сыншы оларды не
артық не кем мақтап, бір-біріне қызғаныш сезімін оятқаннан гөрі олардың бәрін бар
кемшіліктері үшін сөгетін болса, олардың намысына тиді деген сыншы тағар айып
шамалы болады.
1. Француз
2
халқы қарым-қатынаста өте талғампаз деп сипатталады; бұл орайда
француздар — өзге халықтардың бәрі үшін үлгі болып табылады. Қазіргі кезде патша
сарайындағы сияқты жарамсақтық (hoflich zu sein) сәннен шықса да, олар, әсіресе өздеріне
келген шетелдіктермен, сыпайы (hoflich) болады. Француз жеке басының қандай да бір
пайдасы үшін емес, тек өзі қарым-қатынасты ұнататындықтан және керек ететіндіктен
сондай сыпайы; ал ол қарым-қатынасты ұнату негізінен бетке ұстар әйелдер жататын
ортада болатын қатынаста көрініс табатындықтан, француз тілі сол орта үшін ортақ тілге
айналды; жалпы мұндай бейімділік көмекке келуге дайын тұрған елгезектікке, қастерлеуге
көмектесуге тиіс екендігін және де бірте - бірте ол принциптен шығатын жалпы адамға
деген сүйіспеншілікке мүмкіндік туғызуға тиіс екендігі және ондай халықты жақсы көруге
лайықты ететіндігі туралы пікірді жоққа шығаруға болмайды.
Медалдың екінші жағы — ол осы халық өкілдерінің ойластырған принциптермен
дұрыстап тежелмейтін қызбалығы және ақыл зеректігіне қарамастан жеңілтектігі, сол
себепті олар кейбір өмір сүру формалары кезінде өздерін жақсы сезінгенімен де, ол
формалар ескіргендіктен немесе асыра мақталғандықтан ұзақ бола алмайды; бұған тіпті
зердені де өз ойынына еліктіріп және халықтың мемлекетке деген қатынастарын да ең
шеткі шектен асып кететін таң қалдырарлық энтузиазмды туындататын еркіндік рухы да
жатады. — Бұл халықтың шынайы өмірге сәйкес (бейнеленген ерекшеліктерін әрі қарай
суреттемей-ақ, тек бөлек фрагменттерді сипаттау материалы ретінде нобайлап қойып-ақ
тұтас ретінде жеңіл түсінуге болады.
2
олар еуропалықтарды мінез кемшіліктеріне қарай былайша бөлер еді: 1) Сэн елі (Франция). 2) Бәлсіну елі
(Англия). 3) Ата-мекен (Испания). «) Сән-салтанат елі (Италия). 5) Шен-шекпендер елі (Германия және
герман халықтары болып саналатын Дания мен Швеция). 6) Мырзалар елі (Польша), онда әрбір азамат
мырза болғысы келеді, бірақ ол мырзалардың азамат құқығын иеленбейтіндерден басқа бір де бірі ешкімнің
қол астында болғысы келмейді. — Ресей мен Еуропалық Түркия — бұл екеуінің де көбінесе азиялық түбі
бар — екеуі де Франкистаннан тыс тұр: біріншісінің шыққан тегі славян, ал екіншісінің шыққан тегі араб,
кезінде басқа халықтардан гөрі Еуропаның басым бөлігін өз билігіне бағындырып алған, заңы бар да,
бостандығы жоқ, демек, ешкім азаматтық құқығын пайдалана алмайтын екі халықтан тараған.