Қазақстанның ашық кітапханасы
II. Ал табиғат [адамзаттың] мәдениетке қажетті өте нәзік сезімдерін, атап айтқанда,
көпшілдік пен сыпайылылық сезімдерін оятқысы келгендіктен, ол әйелге әдептілігі,
тілмарлығы және өңімен көп нәрсені білдіре алу қабілеті арқылы ер адамды билетті, оны
жас кезінен бастап есті, ер адамдар тарапынан жұмсақ әрі сыпайы қарауды талап
ететіндей етіп жаратты, сондықтан ер адамдар өздерінің балалық ақ көңілділігі себепті
әйелдердің көзге көрінбейтін шынжырларына байланып қалады, ал бұл жағдай оларды
егер моральдылықтың өзіне болмаса, оңда оған ұқсас нәрсеге, [яғни] моральдылыққа
дайындық және оның сипаттамасы ретіндегі сыпайлыққа әкеледі.
С
Халық мінезі
Халық (populus) деп белгілі бір жерде біріккен адамдар көпшілігін түсінеді, себебі олар
бір тұтасты құрайды. Бұл шыққан тегі ортақ болғандықтан өзін бір азаматтық тұтастыққа
біріккен деп санайтын көпшілік немесе оның бір бөлігі ұлт (gens) деп, ал халықтың өзін
заң осы азаматтық тұтастықтардан бөліп қарайтын бөлігі (осы халықтың ішіндегі анайы
қалың топ) жай халық (vulgus) деп, олардың заңсыз бірлестігі тобыр (скопище) (agere per
turbas) деп аталады; бұл оларды азаматтық абыройдан жұрдай ететін әрекет.
Юм егер ұлттың әрбір адамы (ағылшындар сияқты) өзінің ерекше мінезіне ие болғысы
келсе, онда ұлттың өзінің мінезі болмайды деп есептейді. Менің ойымша, бұл мәселеде ол
қателеседі, себебі мінез аффектациясы Юмның өзі жататын халықтың ортақ мінезі болып
табылады; бұл ең алдымен, шет жердікі дегеннің бәрін менсінбеу, оның басты себебі
ағылшынның ойынша, ішкі істеріндегі саяси бостандықты сыртқы жауына қарсы тұра
алатын күшімен үйлестірген нағыз мемлекеттік құрылысымен ағылшын ғана мақтана
алатындығында. — Ондай мінез — жөнсіздікке оп-оңай ауысатын сыпайылыққа қарама-
қарсы менмен дөрекілік; ол жалған дербестіктен, яғни ешкімге тәуелсіз емеспін деп ойлау
себепті, өзгелерге ұнаудың ешбір қажеті жоқ [деп ойлаудан] туындайтын әрбір өзге
адамға деген бір беткейлік көрсету.
Мәселен, мінездері бір-біріне қарама-қарсы, мүмкін сол себепті де бірімен-бірі үнемі
жауығып жүретін жер бетіндегі ең өркениетті халық — ағылшындар мен француздар туа
біткен мінездерімен - ақ ерекшеленеді, ал олардың өмір сүру барысында қалыптасқан
жасанды мінездері осының салдары ғана болып табылады; мүмкін, бұл екі халық бір
нақты мінезі бар және де оларды әскер күшімен араластырып жібермеген жағдайда
мінездері өзгермейтін деуге болатын бірден бір халықтар шығар. — Француз тілінің,
әсіресе, талғампаз әйелдердің ортасында ауызекі ортақ тілге айналғаны, ал ағылшын тілі
— коммерция адамдарының ең көп қолданылатын іс жүргізу тіліне айналғаны осы екі
елдің географиялық орналасуының айырмашылығымен түсіндіріледі, бірі құрлықта, ал
екіншісі аралда тұрады. Ал олардың қазіргі кездегі нағыз табиғи сипаттамаларын,
олардың тілі арқылы дамуын алсақ, оны олардың арғы аталарының туа біткен мінезінен
шығарған дұрыс болар еді; бірақ ол үшін біздің қажетті дәлелдеріміз жоқ. —
Прагматикалық антропологияда біз үшін кейбір мысалдар арқылы осы екі халықтың да
мінезін, қазіргі кезде қалай өмір сүретіндігін, мүмкіндігінше жүйелі түрде суреттеу
маңызды болып табылады, бұл бізге бір халықтың екіншісінен не күте алатындығы және
олардың бірі басқасын өз пайдасы үшін қалай пайдалана алатындығы туралы тұжырым
жасауға мүмкіндік береді.
Халықтың туа біткен немесе ұзақ уақыт бойында қалыптасқан әдетінен оның табиғатына
айналған дерлік және соған ұласып кеткен, халықтың сезімдік сипатын білдіретін