Қазақстанның ашық кітапханасы
Әрекет темпераменттері
С
Ашушаң адамның холерикалық темпераменті
Ол туралы әдетте: ол қызба, сабан сияқты жылдам лап етеді, бірақ өзгелер өзіне көнген
жағдайда тез қайтады дейді. Оның ашуында жеккөрініш болмайды, және де өзгені, өзіне
неғұрлым жылдам көнсе, соғұрлым жақсы көреді. — Оның іс-әрекеті жылдам, бірақ
ұзаққа бармайды. — Ол белсенді, бірақ табандылығы жоқ болғандықтан, жұмысқа
зауықсыз болады; міне, сол себепті ол жұмысты басқарып отыратын, бірақ өзі жұмыс
істегісі келмейтін бастық болып алады. Сондықтан да оның ең аңсағаны — атақ-абырой;
ол қоғамдық іске қуана кірісіп, өзін ашық мадақтағанды қалайды. Соңдықтан да ол
рәсімдердің; сәулеті мен саптанатын ұнатады, басқаларды қанатының астына қуана алады
да, қайырымды болып көрінеді, алайда жақсы көргендіктен емес, тәкаппарлықтан солай
істейді, себебі ол өзін басқалардан көбірек жақсы көреді. — Ол тәртіпті қадағалап
отырады және де сол себепті шындықтағыдан гөрі ақылдырақ сияқты көрінеді. Сараң
болмау үшін, ол үнемі ақшалы болғанды қалайды; ол сыпайы, бірақ рәсімдерді жақсы
көреді, қарым-қатынаста зілді тәкаппар болып келеді, әзілдеп күлкі етуге қасында бір
жағымпазы болады, және де өркөкірек дәмесінің беті қайтса, қанағатсыз дәмесіне
қарсылық кездестірген сараңнан бетер уайымдайды; мәселе мынада, бір мысқал ащы
мысқыл қас қағым сәтте маңғаздың берекесін кетіреді; ал сараңды мұндай кезде тапқан
тиыны жұбатады. — Бір сөзбен айтқанда, холерикалық темперамент —
темпераменттердің ішіндегі ең сорлысы, себебі басқалардан гөрі өзіне қарсылықты көп
кездестіреді.
D
Салқын қанды адамның флегматикалық темпераменті
(des Kaltblutigen)
Флегма сөзі инерттілікті (өлімсірегендікті) емес, аффекттің жоқтығын білдіреді,
сондықтан флегмасы көп адамды флегматик деп айдар тағып, жалқаулар қатарына
жатқызуға болмайды.
Флегма — осалдық ретінде енжарлыққа бой үру, іске кірісу талабы қаншама зор болса да,
оған құлықсыз болу. Талаптануға құлықсыз болу, адамның өз еркімен қажетсіз болуы сөз,
оның қабілеттері тек тамақ пен ұйқыға жұмсалады.
Флегма — күштілік ретінде, жігер ретінде жеңіл де тез болмаса да, есесіне ұзақ уақытқа
іске кірісу қабілеті. Қанында айтарлықтай мөлшерде флегма бар адам баяу қызғанымен,
көпке дейін суымайды. Ол оңай ашуланбайды, алдымен ашулану қажет пе деп ойлап
алады; холерик ондай берік адамды абыржыта алмағанына құтырып кетер еді.
Салқын қанды адамның өзінің ақыл - ойының мөлшерінің орташа екендігіне өкінетін жөні
жоқ, сонымен қатар оған ішкі флегма табиғатынан берілген; ол жарқылдап көзге түспесе
де оның есесіне инстинкттерге емес, принциптерге сүйеніп әрекет етеді. Оның сәтті
темпераменті даналықтың орнында күреді және күнделікті өмірде де оны көбінесе
философ деп атайды. Өзінің темпераментінің арқасында ол өзгелердің менменшілдігіне
көлеңке түсірмей-ақ, олардан басым болады. Оны жылпос деп те жиі атайды, себебі оған