Page 13 - ӘЛЕМДІК ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МҰРА. ПРАГМАТИКАЛЫҚ ТҰРҒЫДАҒЫ АНТРОПОЛО

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
баллисталар мен катапульттерден [атылған снарядтардың] барлығы одан мақта
толтырылған қапқа тигендей, кері ұшып түседі. Ол былай қарағанда әйелі мен
туыстарының бәрінің еркіне көнетін сияқты болып көрінгенімен, оларға билігін жүргізе
алатын адам, себебі ол өзінің бір беткей болса да, парасатты еркінің арқасында олардың
еркін өз еркіне көндіре алады, бұл салмағы аз болғанымен қатты жылдамдықпен келе
жатқан заттың жолындағы кедергілерді тесіп өте шығатынына, ал жылдамдығы аз, бірақ,
көлемі үлкен заттың кездескен кедергіні қиратпай іліп алып кететініне ұқсас.
Әдетте, егер бір темперамент, екінші бір темпераментен қосылатын болса, мысалы былай:
онда олар бір-біріне қарсы турады, немесе бірін-бірі бейтарап қалдырады деп ойлайды.
Бірінші жағдай бір субъектіде сангвиникалық пен меланхолиялық темпераменттер немесе
холерикалық пен флегматикалық темпераменттер қосылған деп есептеген жағдайда
болады, себебі олар (А мен В сияқты С пен D) бір - біріне қарсы болып келеді. — Екінші
жағдай, атап айтқанда, бейтарап қалдыру сангвиникалық темперамент холерикалық
темпераментінен, ал меланхолиялық темперамент флегматикалық темпераментпен (А мен
С сияқты В мен D) (химиялық жолмен сияқты) араластырылғанда пайда болады. Адамның
бір қылығында ақ көңіл жайдарылық айбатты ашумен немесе өзін өзі қинаудың азабы
көнгіш жанның разы болған жайбарақаттығымен бірігіп тұтас болады деп ойлауға
болмайды. — Ал егер бір субъектіде осы екі көңіл күйінің біреуі екіншісімен араласуға
тиіс болса, онда нақты темперамент емес, тек мінездің құбылмалығы мен бәлсіну келіп
шығады.
Демек, күрделі темпераменттер жоқ, мысалы, (ондай болған жағдайда мейірімді ғана емес,
қатал мырза да болар едік деп ойлайтын барлық желөкпелер иеленгісі келетін)
сангвиникалық - холерикалық темперамент жоқ; олар әрқашанда және бәрінде тек қана
төртеу болады; және де бір адам аралас темпераментке не болған жағдайда, одан не
шығатыны белгісіз.
Көңілділік пен жеңілтектік, терең ойлылық пен меланхолия, кең пейілділік пен қыңырлық
және ең ақыр аяғы салқын қандылық пен топастық бір-бірінен тек темпераменттің
олардың себептеріне қатысты әрекеттері ретінде ғана ерекшеленеді
.
III
Ойлау салты болып табылатын мінез туралы
Адам туралы әншейін ғана, оның мінезі бар деу — ол туралы өте көп нәрсе айту ғана емес,
оны өте көп мақтау деген сөз, себебі бұл басқа адамдардың құрметін тудырып және
оларды таң қалдыратын сирек кездесетін жағдай.
Егер бұл сөздің астарында жалпы, сол адамда жаман болсын, жақсы болсын, сөзсіз бар
қасиеттерді түсінсе, онда әдетте ол адамның мінезі анандай не мынандай деп қосып
айтады да, бұл сөзбен оның сезіну тәсілін білдіреді. Бірақ жай ғана мінезге ие болу деген
сөз — субъект өз зердесімен өзі үшін өзгермейтін нәрсе деп белгілеген нақты
практикалық принциптерді өзі үшін міндетті қылатын ерік қасиетіне ие деген сөз. Ол
принциптер кейде жалған және қате болса да, дегенмен, жалпы еріктегі формалды, атап
айтқанда, (әрлі-берлі ұша беретін топ-топ сары масаға ұқсамай) қатаң принциптерге
сәйкес әрекет ету [ережесі] құнды және таңдануға тұрарлық нәрсе, сондықтан да ол сирек
кездеседі.