Қазақстанның ашық кітапханасы
айтқанымыз деп білу керек. Расында, сангвиниктің жеңілтектігі жайдарлылыққа, ал сезім
жайлы терең ойға шому, мұңға жетелемегенімен де, шат көңілдің жылдам құбылуын
азайтады. — Алайда біздің еркіміздегі кез келген өзгеріс жанымызға жалпы дауа болып,
оны шындай түсетіндіктен, өзінің басынан кешкендерінің бәрін жеңіл көтеретін адамдар,
өмірлік талпыныстарына тежеу болатын сезімдерге көп көңіл бөлетін адамдардан, ақылды
болмаған күнде де, бақыттырақ екені даусыз.
I
Сезім темпераменттері
А
Мінезі жайдары адамның
сангвиниктік темпераменті
(les Leichtblutigen)
Сангвиниктің қалай сезінетінін мыналардан байқап білуге болады. Ол бейғам, үміті мол
адам; ол кез келген нәрсеге кірпік қаққанша үлкен мән берсе, ал бір минуттан соң -ақ ол
нәрсе ойынан шығып та кетеді. Ол шын уәде береді, бірақ сөзінде тұрмайды, себебі оған
дейін сөзінде тұра алатын - тұра алмайтындығы туралы терең ойланбайды. Ол өзгеге
көмегін тигізе алатындай мейірімді адам, бірақ ол қарыз беруге сенімсіз адам және үнемі
алған қарызының мерзімін ұзартуды сұрайды. Ол әңгімеқой, күліп-ойнап, шаттанып,
өмірдегі ешнәрсеге мәз көңіл бөлмеуге бар (vive la bagatelle!), және оған адамдардың бәрі
дос. Әдетте ол жаман адам емес, бірақ оңайлықпен түзелмейтін күнәкар. Әрине, ол қатты
өкініш, кешірім сұрауға бар, бірақ өзінің ешқашан күйінішке айналмайтын өкінішін тез
арада ұмытып кетеді. Жұмыс оны тез қажытады, ал шын мәнінде тек ойын ғана болып
табылатын нәрселермен талмай айналысады, себебі ойын үнемі өзгерістермен
байланысты, ал шыдамдылық — оның қолынан келмейтін нәрсе.
В
Мінезі жабыңқы адамның меланхолиялық темпераменті
(des Schwerblutigen)
Меланхолияға бейім адам (меланхолик емес, себебі бұл сөз тек бейімділікті емес, сол хал -
күйде болуды білдіреді) өзіне қатысты нәрсенің бәріне көп мән беріп, барлық жерден
қауіптенетіндей сылтау тауып және ең алдымен қиындықтарға назар аударады. Ал
сангвиник болса, керісінше, ең алдымен табысқа деген үміттен бастайды; сондықтан
біріншісі қаншалықта терең ойласа, екіншісі соншалықты үстірт ойлайды. Оның уәде
беруі қиын, себебі уәдесінен тая алмайды, бірақ оны орындай аламын ба деп те
күмәнданады. Және де осының бәрін ол моральдық себептермен емес (себебі бұл жерде
сөз сезімдік себептер туралы болып отыр), осыларға қарама-қарсы нәрсенің өзіне
жағымсыз екендігімен түсіндіреді, және дәл осы себепті ол уайымшыл, күдікшіл және
ешкімге сенбейтін болады, сондықтан да ойын-күлкіні түсінбейтін болады. Алайда,
бұндай көңіл-күйі дағдыға айналған кезде, адам сүйгіш адамның тым болмағанда
талпынысы жағынан көбінесе сангвиникке тән көңіл-күйіне қарсы келеді, себебі өзі
қуанышсыз күн кешетін адам, басқаға қуаныш тілей қояр ма екен.