Қазақстанның ашық кітапханасы
Және де ол халықтың әл-ауқатының өсуімен бірге неміс өнері мен ғылымының гүлдену
дәуірінің де қоса келетіндігін, ал немістердің қол жеткізген өркениеттілігі оларға басқа
ұлттармен бірге тең дәрежеде қатар орын алатындығын сәуегейлікпен болжайды, - ол
арман ететін бақытты революцияның мән-маңызы да осында... Ол өзін осы бір бақытты
гүлдену шағының жақындап қалғанын міре білген, бірақ та оны күтіп отыруға мұршасы
жоқ Moисеймен салыстыра қарайды.
11
Оның пікірі шынында әділдік болып па еді?
Фридрих Ұлының бұл шығармасы жарияланған соң иір жыл өткеннен кейін, 1781 жылы
Шиллердің «Қарақшылар» және Канттың «Таза ақыл-ой сыны»; 1787 жылы Шиллердің
«Дон Карлос» және Гётенің «Ифигения» еңбектері жарық көреді. Оларды одан әрі неміс
әдебиеті мен философиясының біздерге жақсы таныс неміс әдебиетінің белгілі
шығармалары жалғастырады. Әсілі, барлығы да монархтың жорамалын растайтын тәрізді.
Алайда, бұл кемеліне толу кезеңі талай уақыт бұрын оның «De la litterature Allemande»
шығармасына дейін-ақ дайындалып қойылған болатын. Мәнерлілік күшіне немістік тіл
екі-үш жылда емес - аталған шығарма жарық көрген 1780 жылы-ақ ие болды, ол біраздан
бері Фридрих жазған бәз-баяғы қалыптағы жартылай тағылық «patois» болудан қалған
болатын. Осы кезеңге орай бүгінгі таңда мейлінше елеулі болып саналатын
шығармалардың бірқатары пайда болды: будан жеті жыл ерте мезгілде «Гёц фон
Берлихинген» шығармасы сахнаға қойылып, Гётенің - Вертер» шығармасы басылып
шығарылуға дайын турды; Пессинг (айтпақшы, Фридрихтың жарияланымынан кейін бар
болғаны бір жыл өткен соң 1781 жылы дүние салған) гол кездің өзінде де өзінің драмалық
және теориялық еңбектерінің басым бөлігін: «Лаокоон» (1766) және «Гамбург
драматургиясын» жариялады. Клопштоктың шығармалары да коп уақыт бұрын жазылған -
оның «Мессиясы» 1748 жылы дүниеге келді. Басқаларының барлығынан бөлек, «Боран
мен тегеурін» жайлы, Гердер мен кеңінен танымал болған бірқатар романдар туралы да
ұмытпаған абзал. Оған София де ла Роштың «Штернхельмнен келген қыз» шығармасы
мысал бола алады. Германияда, әзірге салыстырмалы түрде алғанда шағын болып
табылатын сатып алушылардың - қалалық жұртшылықтың тобы бұрыннан-ақ қалыптасып
қалған еді, - аталған топ осы тектес шығармаларға қызығушылық танытты. Германияда
сол кезеңде рухани тұрғыдан ояну толқындары өмірге өз легімен келіп жатты, және де
олар мақалаларда, кітаптар мен драмаларда тиісті көрінісін тапты. Неміс тілі бай әрі
қозғалыс үстіндегі тілге айналды.
Осылардың бірі туралы да Фридрих тіс жармайды: яғни, ол мұны көрмей отыр немесе
буған мән бермей отыр. Ол жас ұрпақ өкілінің жалқы жұмысын, заман кезеңдерінің улы
шығармасы «Боран мен тегеурінді» және Шекспирге еліктеушіліктен туған - «Гёц фон
Берлихинген» шығармасын еске алып өтеді...