Page 10 - ӘЛЕМДІК ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МҰРА. Норберт ЭЛИАС. Өркениеттің үдеріс

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
12
Осының барлығын әңгімелеп беріп отырған адам, өз кезінде Пруссияның саяси әрі
экономикалық жағынан дамуы үшін, сол сияқты жанама түрде алғанда, күллі
Германияның саяси жағынан дамып-өркендеуі үшін де, өзінің кез келген замандасына
қарағанда көп шаруа тындырған болатын. Бірақ, өзі ішінде біте қайнасып, өніп-өскен және
сөйлеген сөздерінде көрініс табатын рухани дәстүр Европаның «тәуір қоғамының» ортақ
дәстүрі болып табылады. Бұл - ұлттық дәрежеге дейінгі, сарай айналасындағы қоғамның
ақсүйектік дәстүрі. Ол осы қоғамның тілінде - французша тіл қатады. Бұл қоғамның талап-
талғамының үдесінен шығу үшін ол Германияның рухани тіршілігін елеп-ескеріп
жатпайды. Фридрихтің ой-пікірлері осы қоғам белгілеген үлгімен анықталады. Шекспир
жайлы да оның басқа өкілдері осылайша пікір айтқан еді кезінде...
Шекспир жайлы Фридрих Ұлы соз еткен жайлар, шын мәнісінде де Европаның французша
сөйлейтін жоғары қауымында жалпыға ортақ деп қабылдаған сол бір ой-пікірдің түрі мен
үлгі-пішіміне сай келетін. Ол Вольтерден «көшіріп жатпайды», «көшіріп өз атына
иемденіп кетпейді»; айтылған нәрселер оның шынайы дәрежедегі жеке сенушілік
қасиетіне сайма-сай болады. Оған көр қазушылар мен солар тектес шетке шыққан,
қағылған соғылғандардың ханзадалар мен королдардың жоғары саналы, трагедиялық
күйдегі сезімдерімен өрілген «дөрекі», өркениетті емес әзіл-қалжыңдары ләззат бере
алмайды.
Осының бәрі де ол үшін айқын әрі қатаң түр-сипаттан ада болып, «төменгі таптардың
әуестенушіліктеріне» жатқызылады. Фридрихтің айтқандарын дәл осы мағынада і үсінген
абзал: олар өзінің француз тілінен пәлендей асып бара жатқан жеке түрге ие болып қалып
отырған жоқ. Осы і іл сияқты, олар да оның белгілі бір қоғамға тиістілігінің куәгерлері
болып табылады. Оның саясаты пруссиялық, ал талғамдары мен дәстүрі - француздық,
дәлірек айтқанда, сарай маңындағы - абсолюттік болып жатса, бұл ұлттық томаға-
тұйықтықты қарастыратын, бүгінгі таңда үстемдік құрып отырған орныққан пікірлердің
көзқарасы тұрғысынан алып қарағанда осылайша көрінуі мүмкін анау айтқандай кереғар
құбылыс емес-ті. Мұны сарай маңындағы қоғамның өзіндік құрылымымен түсіндіре
келуге болады, яғни бұл құрылымда саяси айқындамалар мен мүдделер тоғысы сан алуан,
ал сословиелік айқындама, талғам, стиль, тіл - күллі Европа бойынша алғанда бәрі де
бірдей болып келеді.
Мұндай жағдайдың өзіндік ерекшелігі Фридрих Ұлының жас шағында-ақ жанжал-
кикілжіңдер тудырды, бұл кезде ол пруссиялық билеушінің мүдделерін Франция мен
сарай маңындағы әдеп-ибаның алдында бас июшілікпен әр уақытта да келістіре беруге
болмайтындығын бірте-бірте ұғына бастаған еді. Оның бүкіл өмірі бойында патша ағзам
ретінде ол не істеді деген сауал мен адам әрі философ ретінде не жазды деген сауалдың
арасында белгілі бір қарама-қайшылық орын алып отырды.
Сәйкесінше, немістік қалалық зиялы қауым арасынан шыққан Фридрихқа деген қарым-
қатынасы да кереғарлық сипатта болды: оның қол жеткізген әскери және саяси табыстары