Қазақстанның ашық кітапханасы
Француз тілі ел арасына тарала түсіп, оны буржуазиялық жоғары тобы князьдар
сарайларында қабыл алады. Бұл тілде енді күллі «honnettes gens» «consideration»
жағдайына ие барлық адамдар сөйлейді. Француз тілі жоғары топтардың сословиелік
белгісі болып табылады. «Неміс тілінде хат жазғаннан асып түсер қандай мүсәпірлік
болмақ», - мұндай сөздерді біз 1730 жылы Готтшеда есімді қалыңдықтың өзінің күйеу
жігітіне арнаған жолдауынан кездестіреміз.
Кімде-кім неміс тілінде сөйлей қалған жағдайда, әңгімеге француз сөздерін мейлінше
көбірек кіріктіріп сөйлеу сол заманда тәуір мәнер саналған.
Басқа салалардағы сияқты, біз бұл арада да сол ахуалға кез боламыз: шағын ғана, биліктен
шеттетілген, Германияда зиялылар тобының аралық әлеуметтік жағдайын иеленуші
топтардың еншісіне Францияда немесе Англияда сарай айналасы, яғни ақсүйек
тектілердің жоғары топтары істес болған міндеттерді шешу тиеді. Ғалымдар, орта топқа
(сословиеге) жататын «ағзам кісілер» алғашқылар болып - белгілі бір, таза рухани салада -
немістік деп санауға боларлық нәрселердің үлгісін жасап шығаруға талпыныс жасауды
қолға алады. Ең болмағанда, бұл арада олар саяси салада іске асырылмастай болып
көрінген немістік бірлікті қуаттауға барынша тырысады. Осыған ұқсас функция мәдениет
ұғымына да тән болып отырды.
Бірақ әуелгіде француздық мәнерге жетік бақылаушыға - Мовийонға - Германияда көріп-
білген жайларының көп бөлігі, жалғыз тіл ғана емес, сонымен қатар әдебиет те дөрекі әрі
артта қалған болып көрінеді, оның айтуынша былай болып келеді: «Мильтон, Буало,
Поуп, Расин, Тассо, Мольер, осындай деңгейдегі барлық ақындар европалық тілдердің
көбісіне аударылған, ал сіздердің ақындарыңыз - көбіне-көп тек аудармашылар ғана»....
10
Осы айтылған жайға байланысты біздер француз жағдайында нашар бағыт-бағдар ұстаған
тепе-тең емес деңгейдегі ой-пікірмен бетпе-бет келіп отырмыз . Бірақ, 1870 жылы, яғни
Мовийоннан кейін қырық жыл өткен соң және Француз революциясына тоғыз жыл
қалғанда, Франция мен Англия өздерінің мәдени және ұлттық дәрежеде құралып -
қалыптасуының шешуші кезеңдерін артта қалдырған, ал осы екі батыстық елдер
әлдеқашан классикалық саналған берік те тұрақты үлгілерді иеленген шақта, Фридрих
Ұлы өзінің «De la litterature Allemande» атты еңбегін жариялайды, бұл еңбегінде ол неміс
әдебиетінің әлсіз, көзге ұрып тұрған жеткіліксіз дамуына көңілі толмай, шағым білдіреді.
Неміс тілі жайлы ол да Мовийон секілді ой қорытып, аяп-мүсіркеуге турарлық ахуал
хақында өз пікірін ортаға жайып салады...
Фридрих Ұлы неміс әдебиетінің төменгі деңгейі, неміс ғалымдарының кірпияздығы мен
неміс әдебиетінің қауқарсыздығы жайлы өзінше пікір білдіреді. Ол істің осыншалықты
болып отырған ауыр мән-жайын - Германияның ұзаққа созылған соғыстан қайыршы күйге
ұшырауын және сауда мен буржуазияның жеткіліксіз дамып-өркендеуін көрсетіп береді...