Page 7 - ӘЛЕМДІК ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МҰРА. Норберт ЭЛИАС. Өркениеттің үдеріс

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
мағынада алғанда «ештеңе істемейтін», бірақ, өзінің ерекшелігін көре білетін, өзін
түйсінетін және мінез-құлықтың ерекше түріне сілтеме жасай отырып, ерекшелікті ақтап
шығатын бұқараның сол бір жоғары тобы қарама-қарсы тұрады. Кант осылайша
қарастырып, «қайсыбір сыпайылық пен кішіпейілділік мағынасындағы» шамадан тыс
өркениеттілік туралы», атаққұмарлықтағы көргендіктің үйлесімі» туралы айтқан кезде,
нақ осы бұқара тобын мегзейді. Бұл - орта тапқа жататын неміс зиялы қауымының
Германиядағы мәдениет пен өркениетті ұғымдық тұрғыдан қарама-қарсы қоюшылық
жағдайының негізінде жатқан сарай маңындағылардың жоғары тобымен жүргізген
пікірталасы. Бірақ, бүл пікірталас оның қос ұғымда көрсетілген көрініс мәніне қарағанда,
өмірге келуі жағынан коп ерте кезеңде әрі кең шеңберде қарастырылады...
III. Германиядағы сарай маңында орныққан пікірлердің мысалдары
9
Германия жайлы тұтас алғанда айтып беру әсте жеңіл болмақ емес; сол замандардағы
көптеген мемлекеттердің әрқайсысының оз ерекшеліктері болды. Бірақ, олардың арасынан
кейбірін ғана ортақ түрде даму үшін маңызды, қалғандары олардың артынан еріп отыруы
маңызды деп танып-білуге болады. Жер-жерлерде коп немесе аз дәрежеде болсын,
ұшырасып тұратын баршаға ортақ сипаттар да бар.
Ортақ саналатындар ең алдымен халық санының күрт қысқарып кетуі мен Отыз жылдық
соғыстан кейінгі жантүршігерлік экономикалық тозу-титықтау болып табылады. Франция
«және Англиямен салыстырғанда бүкіл Германия қайыршылыққа ұшырады, әсіресе, XVII
және XVIII ғасырлардағы неміс буржуазиясы мүлде кедейленіп қалды. Сауда-саттық, ең
бірінші кезекте Германияның жекелеген облыстарында XVI ғасырда тәуір дамыған
халықаралық сауда тым құлдырап кетті. Географиялық ашылымдардың нәтижесінде
болғаны сияқты ұзаққа созылған соғыс бүліктерінің себебінен де орын алған сауда
жолдарының орнынан жылжуы бұрынырақта елеулі капиталды иеленген үлкен сауда
үйлерінің күйзеліске душар болуына әкеп соқты. Тек қана тар өрісті ойлаумен
ерекшеленетін әрі негізінен жергілікті қажеттіліктерді өтеудің есебінен тіршілік ететін
шағын қалалардың тұрғындары қалды.
Сол уақыттарда әдебиет пен өнер тәрізді сән-салтанаттың керек-жарақтарына қалғаны аз
ғана қаражат еді. Ақшаның иісі шыққан жерлерде князьдар мен олардың покерлері
Людовик XIV-нің сарайына еліктеуге тырысады (бұл үшін ақша қаражаты болмаса да)
және французша сөйлейді. Немістік тіл - төменгі бұқара мен орта топтардың тілі - ауыр
салмақты әрі икемсіз саналды. Лейбниц, Германияның сарай маңындағы бірден -бір
философы, сол заманның бірден-бір ұлы адамы болып дәріптелген немісі еді, оның атақ-
даңқы сарай маңындағы қоғам арасында кеңінен жайылды, ол французша немесе латын
тілінде сөйлей және жаза білетін, және анда-санда ғана немісшеге ауысатын. Көптеген
адамдар сияқты оны да тіл проблемасы толғандырды, нақты айтқанда, осы бір қисық-
қыңыр немістік үстеумен не істеуге болар еді деген жайлар оған тыншу берген жоқ.