Page 6 - ӘЛЕМДІК ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МҰРА. Норберт ЭЛИАС. Өркениеттің үдеріс

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
қарсы соғыс «өркениет» әлемінің атынан жүргізілгендігі сияқты, бейбіт келісім
жасалғаннан кейін немістердің сана-сезіміне орайлас пайда болып, туындаған жаңа
ахуалға бейімделу қажеттілігі салдарынан да жүргізілді.
Бірақ, бір нәрсе айдан-анық еді, яғни Германияның тарихи жағдайы бар болғаны қарама-
қарсылық үшін қажетті болып шығатын жаңаша серпін ғана еді, бүл қарама-қарсылық,
сонау XVIII ғасырдың бас кезінен-ақ осы екі , ұғымның көмегі арқылы өз мәнін тапқан
болатын.
Сірә, Кант ұқсас ұғымдардың көмегімен алғашқы болып өз мезгілінің қоғамына тән болып
келетін тәжірибе МІ ІІ қарама-қарсылықты бедерлеген сықылды. 1784 жылы ол
«Бүкілдүниежүзілік-азаматтық тұрғыдан алғандағы жалпыға ортақ тарихтың ой-мұраты»
еңбегінде былай деп жазады: «Өнер мен ғылымның арқасында біздер жоғары дәрежеде
мәдениеттендік. Біз араласу барысында шамадан тыс түрде қайсы бір болмасын
кішіпейілділіктің және әдептіліктің мағынасында алғанда өркениеттендік». Және әрі қарай
ол оз ойын былайша жалғастырады: «Моральдылықтың ой-мұраты мәдениетке тиесілі
бола тұрса да, егер ол бар болғаны атақ құмарлықтағы адамгершілікке ұқсас жайларға
және сүйіспеншіліктегі сыртқы әдептерге ғана келіп тірелсе, бүл тек өркениеттілікті ғана
тудырмақ».
Бұл қарама-қарсылық сипаттың ой-пікірі оның пайда болу кезеңінде қазіргі заманғы
ахуалға қаншалықты жақын болмасын, бастапқы орны, XVIII ғасырдың соңындағы
қалыптасқан тәжірибе мен ахуал, бүгінгі күнгі осы қарама-қарсылықты қолданудың түпкі
негізінде жатқан тәжірибемен әлеуметтік байланысты айқындап алу мүмкін бола тұрса да,
жағдай мүлде өзгеше еді.
Канттың жазған еңбегіндегі әңгіме зиялы қауымның орта тобына (сословиесіне) жататын,
қалыптасып келе жатқан неміс буржуазиясының атынан, тіпті «бүкіл ғаламдық-азаматтық
тұрғыдан» қозғалып отыр, сол себепті де қарама-қарсы тұрушылық әзірге анық емес әрі
тәуір деген жағдайдың өзінде де тек екінші қатардан ұлттық қарама-қайшылық ретінде
көрінеді. Алдыңғы қатарда әлеуметтік қарама-қарсы тұрудың тәжірибесі тұр, екі
аралықты бөлгіш желі қоғамның ішімен бойлай өтеді, бұл мезгілде ол французша
сөйлейтін және французша үлгіге еліктеуші «өркениеттендір ілген» сарай маңындағы
ақсүйек қауым мен бірінші жақтан, немісше сөйлейтін, немістік зиялы қауымның орта
табына жатушы қауымның арасындағы - екінші жақтан, ұлттық сипаттағы қарама қарама-
қайшылықтың пайда болуына негіз қалайды. Бұл бұқара тобы князьдардың,
шенеуніктердің сарайларындағы қалалықтардан өздерінің құрамын толықтырып (сөздің
ең кең мағынасында), кей жағдайларда ұсақ дворяншылықтың да элементтерін қамтып
отырды.
Біз бұл арадан қайсы бір болсын саяси іс-қызметтен ығыстырылып шығарылған, саяси
санаттарда зорға ғана ойлай алатын және ұлттық санаттарда тек қана жүрексіне ойлай
бастаған дәрежеде айқындалған бұқара тобын көріп отырмыз. Ол үшін заңды деп тану
рухани, ғылыми немесе көркемдік іс-қызметтегі жетістіктер болып табылады. Оған бүл