Қазақстанның ашық кітапханасы
қарастырушы бастапқы ахуалмен тікелей байланыстан тыс жерде тарады. Бұл бастапқы
ахуал осы халықтың ахуалы, бұл аталған халық батыстық , ұлттарға қарағанда саяси берік
бірлікке мүлде тым кеш қамданды, ал оның аумағының шекаралары атам заманнан бері
қазіргі кезге дейін қайтадан қарау қаупіне ұшырап келеді, өйткені ол жерлерде әрқашанда
оқшаулануға ұмтылып келген және қазірде ұмтылып отырған облыстар бар. Өркениет
ұғымының функциясы отарлауды жүргізуші топтар мен ұлттардың өрісін ұлғайтуға бет
алған тұрақты үрдістің көрінісі болып табылады. Оған қарама-қайшы жағдайда, мәдениет
ұғымында әрбір жолы өзіне «Біздің өзіндік ерекшелігіміз неде?» деген сұрақ қоюға, өз
шекараларын қайта-қайта анықтауға және оларды саяси тұрғыдан да рухани мазмұны
жағынан да нығайтуға мәжбүр болып келе жатқан сана-сезім бейнеленеді. Осы тарихи
үдеріске топтық айырмашылықтарды шектеуге, атап көрсетуге және дәл айқындауға
үдеріс танытқан мәдениеттің немістік ұғымының бағыт-бағдары да сай келеді. Тегінде,
«Не нәрсе француздық болып табылады?» «Не нәрсе ағылшындық (болып табылады?»
дейтін сұрақтар баяғыдан-ақ француздар мен ағылшындардың сана-сезімінде түгел
дерліктей дәрежеде бірыңғай пікірталас тудырып келе жатқан жоқ. «Не нәрсе немістік
болып табылады?» деген сауал немістер үшін өзекті болып келген және солай болып қала
береді де. Оған арналған жауаптардың бірі «мәдениет» ұғым-түсінігінің жәрдемімен
дамудың белгілі бір сатысына орай берілді.
5
«Мәдениет» және «өркениет» түсінік-ұғымдарымен берілетін ұлттық сана-сезімнің
құрылымдары сол сияқты әр алуан болып шығады. Бірақ та, осындай ерекшеліктеріне
қарамастан, өзінің «мәдениеті» жайлы мақтанышпен айтатын неміс те, өз «өркениетімен»
мақтанатын француз да ағылшынмен бірге, тең дәрежеде осы сана-сезімді өзінен-өзі
әлденемен түсінікті бола түседі, тұтас алғанда адамзат дүниесіне тиесілі әрі оған
құндылық дарытады деп санайды. Неміс француз бен ағылшынға мұны «мәдениет» сөзі
деп ұғындыруға тырысуы да мүмкін. Дегенмен, ол, дәстүрдің ерекшелікті ұлттық
тәжірибесін, сол бір өзінен өзі мәлім боларлық, өзі үшін осы түсінік ұғым мағынасын
қурайтын сезім күйлерінің құндылықтарын әсте жеткізе алар ма екен.
Француз бен ағылшын да неміске өздерінің ұлттық сана-сезімінің бір бөлігіне айналып
кеткен өркениет ұғымына қандай мазмұн үстеп жатқандығын айтуы ықтимал. Алайда,
оларға бүл түсінік қаншалықты парасатты, қаншалықты ұтымды болып көрінгенімен, ол
да тарихи жағдайлардың айрықша түртегінен өсіп шығып отыр, оны мән-мазмұнның
құрамдас бөлігі бола тұрса да, пайымдау аясына сыймайтын, сезім күйлерімен және
хикаялармен қаныққан хал-ахуал қоршап алады. Және бұл пікірталас, егер неміс
французға немесе ағылшынға, неліктен ол қалайда «өркениетті» құндылық деп , бірақ,
солай бола тұрса да, екінші қатардағы құндылық деп көрсеткісі келсе, онда сәтсіздікке
ұшырамақ...
II. Қарама-қарсылықты «өркениет» пен «мәдениет» жұптарының даму барысы
туралы
7
«Мәдениет» пен «өркениет» түсінік-ұғымдарының бір-біріне қарама-қарсы қойылуы 1919
жылы және оның алдындағы жылдары жаңадан өзекті бола түсті, өйткені, Германияға