Қазақстанның ашық кітапханасы
қолданылады. Оның үстіне, оларды саяси, экономикалық және әлеуметтік жәйттерге
қарсы қоюдың, осы екі сала арасында нақты шектегіш желіні жүргізудің күшті білініп
отырған үрдісі орын алуда. Француз және ағылшын тілдеріндегі «өркениет» ұғымы
жетістікті белгілей алады, бірақ ол да дәл осылай .адамдардың «behaviour» мәнерлеріне
жатады, оған қоса соңғылары оз мінез-құлықтарымен пәлендей бір нәрсеге қол жеткізді
ме, жоқ па, ол жағы пәлендей маңызды емес. Немістің «мәдениет» терминіндегі осындай
жайларды «behaviour» - ештеңе жасамаған әрі қарапайым мінез-құлық қасиетіне ие
адамның құндылықтарына осылайша жатқызу,- бар болғаны ең шектеулі түрде ұшырасып
отырады. «Мәдениет» ұғымының арнаулы сипаттағы мән-мағынасын ең таза күйде оның
мына қасиеттерге сілтеме жасайтын пайда болу туындысы бойынша анықтауға болады:
«kulturell» ұғымын адамның болмысы немесе құндылығы білдірмейді, бірақ адами іс-
қызметтің белгілі бір нәтижелерінің құндылығы мен сипатын білдіреді. «Kulturell» сөзінің
өзін француз немесе ағылшын тілдеріне тура аудару мүлде мүмкін емес.
«Kultiviert» сөзі мағынасы жағынан өркениеттің батыстық ұғымына тым жақын келеді. Ол
«өркениеттіліктің» әлдебір жоғары саналатын үлгісін танытады. «Kultiviert» секілді
ештеңені іске асырмаған, бірақ «Kulturell» ретінде сипаттауға боларлық адамдар мен
отбасылар да белгіленуі мүмкін. «Өркениеттілік» сияқты, «Kultiviert» ұғымымен
бейнеленетін бұл «мәдениеттілік» те бірінші кезекте мінез-құлық үлгісіне немесе
адамдардың іс-әрекетінің амалына жатады. Ол адамдардікі сияқты, олардың тұрғын
жайларының да, араласу, тіл, киім түрлерінің де әлеуметтік сапасын білдіреді - олардың
ерекшелігі тікелей адамдарға қатысты емес, тек олардың белгілі бір дәрежедегі аяқталу
мәніне ғана қатысы бар «Kulturell» терминінен айырмасына байланысты болуда.
4
Жоғарыда айтылып өткен жаймен осы екі түсінік-ұғымның өзге айырмасы тығыз
байланысты. «Өркениет» мазмұны үдерісті немесе, тым болмағанда, үдерістің нәтижесін
білдіреді. Ол ұдайы қозғалыста, үнемі «алға» ілгерілейтін әлденеге жатады. Немістің
«мәдениет» ұғымы оның қазіргі заманғы қолданысында өзгеше бағыт-бағдарға ие: ол
«шалғындағы гүлдер»,- тектес қазіргі бар адами іс қызметтің салдарына, өнер
шығармаларына, кітаптарға, діни немесе философиялық жүйелерге бағдар нұсқайды, осы
аталғандарда оларды туғызған халықтың өзіндік ерекшелігі бой көрсетеді. «Мәдениет»
ұғымы шектейді.
Өркениет ұғымы белгілі бір дәрежеде ұлттық ерекшеліктерді сылып тастайды, ол барлық
адамдар үшін ортақ болып табылатын жайларды, не болмаса осы ұғымды қолданушының
ой-пікірі бойынша осылай болуға тиісті нәрсені атап өтеді. Онда халықтардың сана-сезімі,
ұлттық шекаралары және ұлттық ерекшеліктері айқын көрінеді, бұлар көптеген ғасырлар
бойы түбегейлі бекіп қалғандықтан күмән тудырмай келеді,- бұл аталған халықтар
баяғыдан шекараларынан шығып, өздерінен тыс жерлердегі аумақты отарға айналдырып
алған еді.
Немістік мәдениет ұғымы, керісінше, ұлттық айырмашылықтарды, топтардың өзіндік
ерекшелігін атап көрсетеді. Осы функцияға байланысты ол неміс тілінің шеңберінен тыс
жерлерге, мәселен, этнология мен антропологияда, сонымен бірге оның мәнін