Page 3 - ӘЛЕМДІК ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МҰРА. Норберт ЭЛИАС. Өркениеттің үдеріс

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
деуге болады, олай болатын себебі, бірнеше сөзбен-ақ «өркениетті» нәрсе ретінде
белгіленетін нәрселердің барлығын түгелдей белгілеп беру аса қиын.
Бірақ, аталған ұғым-түсініктің барлық осы үлгілер мен адамдардың қол жеткізген
жетістіктері не үшін ғана «өркениетті» нәрсе болып белгіленеді, оның атқаратын жалпы
функциясы қаншалықты дәрежеде дегенді қарастыратын болсақ, онда әлде нендей бір
төтенше қарапайым жай бірден-ақ аңғарылады: бұл ұғым-түсінік Батыстың өзіндік сана-
сезімін білдірмек. Тіпті былайша - ұлттық сана-сезім деп те айтуға болар еді. Онда соңғы
екі не¬месе үш жүз жылдықтағы батыстық қоғамды неғұрлым ерте кездегі немесе қазіргі
заманғы, бірақ, «мейлінше қарабайыр» қоғамдардан нендей нәрсе ерекшелендіріп тур
деген жайлардың дені қорытылып, жинақталған. Оның көмегімен баз біреулер өздері
мақтаныш тұтатын батыстық қоғам үшін әлде бір қандай маңызды нәрсені: оның тәсілінің
жай-күйін, ондағы белгіленген үлгілерді, оның ғылыми танымының дамып-өрістеуін,
оның дүниетанымын және басқа да көптеген жайларды сипаттауға тырысады.
2
Бірақ, Батыстың сан түрлі ұлттары үшін «өркениет» ұғымы осы және де сол бір нәрсені
ғана білдіріп қоймақ емес. Зор айырмашылық бәрінен бұрын, бірінші жақтан, осы сөзді
ағылшындар мен француздардың пайдалануы, және екінші жақтан, оны немістердің
қолдануы арасында болып отыр. Бірінші жағдайда бұл түсінік батыстық әлем мен күллі
адамзаттың алға ілгерілеп дамуы үшін өз ұлтының мән-маңыздығының себептілігі
жөнінен мақтаныш сезімін білдіреді. Немісше алғанда «өркениет» сөзі әлдебір пайдалы
затты, сонда да болса екінші реттегі құндылыққа ие, дәлірегі өмірдің сыртқы жағын ғана
қамтитын, адамзат тіршілігінің үстіңгі қатпарларын ғана тілге тиек ететін затты білдіреді.
Өзін-өзі түсіндіру үшін, өмірдегі иеленетін өзіндік мән-маңызы мен өздері қол жеткізген
жетістіктері үшін немістер мақтаныш сезімін паш етуге байланысты «мәдениет» сөзін
пайдаланады.
3
Біз өзіндік дара сипаттағы құбылыспен бетпе-бет келіп отырмыз: француз және ағылшын
тілдеріндегі «өркениет» немесе неміс тіліндегі «мәдениет» сөздерінің мағынасы бұл
қоғамның мүшелері үшін мүлде айқын. Бірақ, дүниенің бір бөлігін осы ұғымдар
сипаттайтын тәсіл, қандай айқындылықпен олар шектеп қоятын және барлық өзге әлемге
белгілі бір салаларды, олардағы жасырын тұрған бағалау пікірлерін қарсы қоятын өзінен
өзі танылып тұратын айқындылық,- осының барлығы жинала келгенде, бұл қоғамға
жатпайтын барша адамдар үшін оларды түсіну қиын болатын жайтқа айналдырып
жібереді.
Француз және ағылшын тілдеріндегі «өркениет» ұғымы саяси немесе шаруашылықтың,
діни немесе техникалық, моральдық немесе әлеуметтік жайларға жатқызылуы мүмкін.
Немістің «мәдениет» ұғымы басты түрде рухани, көркем, діни жәйттерге қатысты