Қазақстанның ашық кітапханасы
Осылай немесе басқалай қарастырғанда, әлі де болса Майердің 1897 жылғы сөз қорында
былай делінеді: «Өркениет дегеніміз - өнеркәсіптегі, өнердегі, ғылым мен моральдағы
жоғары мәдениетке қол жеткізу үшін дөрекіленіп кеткен тағы халық жүріп өтуге тиісті
саты».
«Өркениет» «мәдениетке» қарағанда екінші дәрежелі кұндылық болып табылады деп
саналатын сезімдік көңіл күйлері Германияда ешқашанда толайым жоғалып кеткен емес
еді. «Мәдениет» Германияның өзін-өзі орнықтырып дәріптеуінің және оның «өркениет»
туының астында мақсат-мүдде біріктірген батыстық елдерге қарсы тұруының көрінісі
болып шықты. Ұғымдарды қарама-қарсы қоюшылықтың кенеттілігі осы қарама-қарсы
тұрудың дәрежесіне байланысты болып отырды. Немістік «мәдениет» пен «өркениет»
жұбының тарихы Англияның, Францияның және Германияның өзара қарым-
қатынастарының тарихымен тығыз түрде байланысқан - олардың артында дамудың
бірнеше сатыларынан өткен құрылым түзуші саяси жағдаяттар тұрған болатын. Олар
немістердің habitus'e рухани-ішкі сезімдік көңіл күйлерінде олардың өзіндік сана-сезімін
бейнелейтін ұғымдарда белгі береді.
Сол сияқты Конрад Германның «Тарих философиясы» (1870) деп аталатын еңбегін
қараңыз, онда Франция - «өркениет» елі ретінде, Англия - «материалдық мәдениет» елі
ретінде, ал Германия - «мінсіз білім» елі ретінде белгіленеді. Англия мен Францияда
кеңінен қолданылатын «материалдық мәдениет» термині іс жүзінде немістің ауызекі
сөйлеу тілінен жоғалып кетеді (арнаулы ғылыми лексикада сақтала тұрса да). «Мәдениет»
ұғымы бүл арада «ideale Bildung» ретінде белгіленіп анықталатын жайлармен араласып,
өзара сіңісіп кетеді. «Kultun» және «Bildung» сол уақыттан бері бір ғана айырмашылықпен
көрініс табады, яғни ол бойынша қарастырсақ, мәдениет ұғымында адамдық іс-қызметтің
және оның жетістіктерінің ақиқатқа айналуын белгілеу функциясы ретінде анағүрлым
күштірек сипатта берілген.
3. Lessing G. Е. Brief aus dem zweiten Teil der Schriften. Gcrscen, 1753. Дәйексөздер
мыналар бойынша келтірілген: Aronson. Lessing et les classics francais. Montpellier, 1935. P.
161.
4. Geschichte des Fraulein von Sternheim von Sophie de la Roche (1771) / Hrsg. von Kuno
Ridderhof. Berlin, 1907.
5. Брюно өзінің «Histoire de la langue francaise» еңбегінде «civilisation» ұғымының
қолданылу жайын Тюргоға әкеліп телиді. Бірақ, Тюргоның өзі бұл сөзді пайдаланғандығы
жөнінде келтірер оның ешбір айғағы жоқ. Бұл автордың барлық жұмыстарын қарап шығу
барысында Дюпон де Немур басып шығарған оның шығармаларының басылым
тарауларынан, содан соң Шеллдің басылымынан ғана аталған ұғымды табуға болады.
Бірақ, бүл тарауларды, әсілі, Тюргоның өзі емес, керісінше Дюпон де Немур құрастырған
тәрізді. Дегенмен, егер істің шын мәніне үңіліп, сөздің тұңғыш қолдану жағдайларын
іздестірумен шұғылданбайтын болсақ, Тюргодан 1751 жылғы жеткілікті болып табылатын
кең ауқымды материалды тауып, анықтаймыз. Шамасы, әуелі қандай да бір әлдеқандай
тәжірибеден белгілі бір идеяның пайда болатындығын, содан соң барып осы идеяға, ұғым-
түсініктердің осы бір ауқымына бірте-бірте сөздің іздестіретіндігін қарап шығу пайдасыз
нәрсе болмас еді.