Қазақстанның ашық кітапханасы
Дюпон де Немурдің өз басылымында Тюргоның жазып қалдырған жұмыстарының біріне:
«La civilization et la nature» деген тақырыпты қоюы әсте де кездейсоқтық емес. Расында да,
ол белгілеп көрсеткен Тюрго шығармаларының орны ендігі уақытта өркениет идеясының
нобайын түзіп, ол үшін алдағы кезде тиісті сөз іздестірілетін болады.
Басып шығарушы мадам де Граффинъиге жазған «Lettres d'une Peruvienne» деп аталатын
кіріспе хатында Тюрго «дөрекі тағы» мен «home ро1ісё»-тің қарым-қатынасы туралы пікір
айту мүмкіндігін берді (Euvres de Turgot / Ed. Schelle. 1913. Paris, Vol. I. P. 243) перулік
әйел «les avantages reciproques des sauvages et de I'homme police. Preferer les sauvages est une
declamation ridicule. Qu'elle refute, qu'elle montre que les vices que nous regarddons comme
amenes par la politesse sont I'apanage du coeur humain». («...дөрекі тағылар мен өркениетті
адамдардың артықшылықтарын салмақтап, таразылай алады. Дөрекі тағы адамдарға
берілген басымдық күлкі тудыратын тақпақ болып табылады. Қанша жердей ол мұны
жоққа шығарса да, біздер байқап-білген кеселдердің политеспен келіп қосылғандығын
қаншама рет көрсетсе де, олар адам жүрегінде ұялап қалады». - А. Р.)
Бірнеше жылдардан соң Мирабо анағұрлым кең ауқымды әрі үдемелі қозғалыстағы
«civilization» ұғымын Тюргоның қолданған «politesse» ұғымындағыдай мағынада
қолданатын болады.
Элиас Н. О процессе цивилизации // Социогенетические и
психогенетические исследования. Т.1. Изменения в поведении
высшего слоя мирян в странах Запада. М.:, Спб.: Университетская книга, 2001.
С. 59-107.
МАЗМҰНЫ
Германиядағы «мәдениет» пен «өркениетті» қарсы қоюдың әлеуметтік түп-төркіні 2
II. Қарама-қарсылықты «өркениет» пен «мәдениет» жұптарының даму барысы
туралы 5
III. Германиядағы сарай маңында орныққан пікірлердің мысалдары 7
IV. Германиядағы орта тап және сарай маңындағы дворяндық туралы 11
V. Буржуазиялық зиялылардың сарай маңындағыларға қарым-қатынасындағы
әдеби үлгілері 16
VI. Әлеуметтік қарама-қарсы тұру мәнінің құлдырауы және «мәдениет» пен
«өркениет» ұғымдарының өзара қарым-қатынастары тарихындағы ұлттық қарама-
қайшылықтардың алдыңғы қатарға шығуы 19