Page 34 - ӘЛЕМДІК ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МҰРА. Норберт ЭЛИАС. Өркениеттің үдеріс

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
қолданыстағы, әлі де болса әлеуметтік жағынан тегістеліп-өңделуден өтпеген -
Мирабоның санасындағы бұл ұғымды қолдану барысында пайда болған жәйт кез келген
реформашылдық қозғалыс үшін тән болып отырады, мұны аталған жағдайда да бақылап
көруге болады: қазіргі бар нәрселер жартылай расталады, жартылай теріске шығарылады.
Қоғам «civilisation» ұғымына барар жолда белгілі бір деңгейге қол өткізді. Бірақ, бұл
жеткіліксіз. Осымен тоқтап қалу жон і мес. Үдеріс одан әрі жүре береді, және оны одан әрі
қарай жеткізу керек.
«Civilisation» ұғымында екі ұғым бейне бір өзара кірігіп кеткен сияқты. Оның көмегімен
өзін-өзі қоғам дамуының басқа сатысына, «дөрекіліктің» жай-күйіне қарама-қарсы қою
әрекеті болып өтеді. Бұл сезім сарай маңындағы коғамда бұрыннан да бар болатын, ол
сарай маңы ақсүйектер қауымы қолданатын «politesse» мен «civilite» сөздерінде көрініс
тапты.
Халықтар, - дейді реформалардың сарай маңы - буржуазиялық қозғалысының өкілдері, -
бұл жай-күй емес, бірақ бұл одан ары жеткізілуге тиіс процесс. «Civilisation» ұғымының
да жаңалығы осында жатыр. Оның құрамына неғұрлым қарапайым, өркениетті емес
немесе дөрекі өмір салтын ұстанған қоғаммен салыстырғанда, өзін жоғары қоятын сарай
маңындағы қоғамның бұрынғы кездегі өзін-өзі сезіну жағдайларының көбісі кіреді. Оған
«moeurs»-тің жай-күйі туралы, мәнер-үлгілер, мінез-құлықтар, адамдарға деген ілтипат
жайлы ойлар мен ұғымдардың басқа да туыстас бірқатар шоғырлары жатады. Бірақ, өрлеу
үстіндегі буржуазияда, реформалардың қозғалысын жақтаушыларда бұл ұғым-түсініктер
қазіргі қолда бар қоғамнан өркениетті қоғам жасап шығару қажеттілігі жайындағы
идеяларға дейін өсіп-ұлғайып отырады, яғни бұл мемлекетті, ата заңды, тәрбиені
өркениеттендіру, солай ете отыра халық бұқарасын да өркениеттілік дәрежесіне жеткізу;
ақыл-парасатқа кереғар дөрекі атаулының бәрінен босанып шығу болмақ - әңгіме сот
жазалаулары, буржуа үшін белгіленген сословиелік шектеулер немесе саудаға қолбайлау
болып отырған кедергілер жайында болып отыр ма. Корольдік билікті қамтамасыз ететін
өркениеттіліктің өсіп-өркендеу кезеңінің соңын ала бере ғұрыптардың жұмсарып-
бәсеңдей түсуі мен ел мұқтаждарының өтелуі жүзеге асып отыруы тиіс...
Осылай ету арқылы бұл үдерістердің немістік даму мен аталған терминдерден - немістік
ұғымдық аппараттан айырмашылығы тіпті айқын бола түседі. Біздер Франциядағы өрлеу
үстіндегі буржуазиялық зиялы қауымның сарай маңындағы топтарға кіретіндігін көріп
отырмыз. Оған сарай маңы - ақсүйектер қауымының дәстүрімен айқындалатын сипаттар
тән. Бұл дәстүр осы топтардың тілімен сөйлейді және аталған тілді дамытады. Француз
ақсүйек қауымының мінез-құлқы мен қызбалықтары - кейбір жаңаруларда - осы дәстүрге
үлгі ретінде бағдар ұстайды. Оның түсініктері мен идеялары қайбір жағдайда да сарай
маңы - ақсүйектер қауымы ұғымдарының қарапайым түрдегі қарама-қайшылығы болып
табылады. Оның әлеуметтік жағдайына, оның сарай маңы топтары арасындағы айналымда
болуына сәйкес оның түсінік-ұғымдары да кіршіксіздене түседі, олардың пайда болу
көздері сарай маңы-ақсүйектер қауымының ұғымдары саналады, мәселен, «өркениеттілік»
идеясы саяси және экономикалық салалардағы сөздермен тең дәрежеде қолданылады.
Немістің зиялы қауымы үшін мұндай ұғымдар әлдене арқылы бөгде, немесе, ең
болмағанда, өзекті мәнге ие емес ұғым болып көрінеді, бұл өзге қоғамдық жағдаймен
байланысты, сол себепті де Германиядағы бүл топтың өзге тәжірибесімен байланысты
болып отырмақ.